Қазақша Мақал — Мәтел: Алғыс, Ризашылық


Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.
Алғыс алған жігіттің
аты бәйгеден келеді.
Алтын алма, алғыс ал:
алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.
Бедеу мінсең бел аласың,
Алғыс алсаң көп жасайсың.
Бота алғанша — бата ал.
Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың.
Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.
Құр алғыс азық болмайды.
Сілеу алма, тілеу ал.
Қарғыс алма, алғыс ал.
Көп дұғасы — көл.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.