Қазақша Жұмбақ: Балық

0

Қазақша Жұмбақ: Балық казакша Қазақша Жұмбақ: Балық на казахском языке

Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен,
Оңай ұстар қалқалап.

Қарабауыр жайын


Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.

Желкенді балық


Тұмсығы — қайықтың күрегі,
Аузымен шөп сүзіп жүреді.

Ескектұмсық


Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды.

Кит


Басы доғал,
Мұрты бар.
Аузы апандай,
Ұрты бар.
Түрі китке ұқсайды.

Жайын


Ілгегі бар дәу ұзын,
Керіп ашса ауызын,
Сәуле шашып тістері,
Судың кезген тереңін,
Шақырады қорегін.
Қармақшы балық
Тұрқы қысқа, күші мен?
Қылығы бар орасан,
Мықты сояу тісімен,
Үлкенді де өзінен,
Қылғи салар жанаса.
Бірақ
Жемі ішінен
Көрінеді қараса.

Қара тажал


Майшабақпен сайыспай,
Үйіріп жүрер басқара.
Тұлғасы ұқсас қайыстай
Шұбатылған таспаға.

Белбеубалық


Қапталған сүйекті сауытпен,
Қорықпас ешқандай қауіптен.
Сойдиған тістері қашаудай,
Қорегін асаудай-ақ асайды-ай.

Сауыттыбалық


Тұла бойы толы ине,
Жауын көрсе ол неме,
Едірейіп бүртігі,
Бола қалар біртүрлі.
Тұрған түсі көз көріп,
Шыға келер өзгеріп.
Қарнын үрлеп алады,
Допқа ұқсай қалады.

Тікенқұрсақ


Жалтыраған бауыры.
Құдды көмір түтігі.
Өзінің бар тәуірі,
Сәуле шашар түтігі.

Үтікбалық


Қошқыл жолақты,
Еріні сағақты.
Бүкіл денесі –
Терек теңгесі.

Жапырақ балық


Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.

Балық


Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.

Сазан


Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.

Шортан


Сұрқы бір қарыс,
Итбалыққа ұқсайды.
Ұмтылғанда — жолбарыс,
Сүңгіп шабақ ұстайды.

Сушылқара


Жоны қара тақтайдай,
Бауыры аппақ мақтадай.
Мекендейді мұз-қарды,
Сүйеді тек ызғарды.
Бұлғаңдайды, қашпайды,
Асықпайды, саспайды,
Мұз үстінде билейді,
Бірақ белін имейді.

Пингвин


Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.

Бақа