Қазақша ашық сабақ: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы (5 сынып)
Мақсаты:
1. Оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағыналарының ерекшеліктерін түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу;
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа, ойын ашық, еркін жеткізуге, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;
Әдіс — тәсілдер: түсіндіру, жаттығу, ой жинақтау, сұрақ — жауап
Көрнекіліктер: тірек сызба
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ үдерісіне дайындау
ә) Үй тапсырмасын тексеру. 40 — жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып келу.
Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтау.
Жыршы —
Жібек жіп —
Кесте —
Шешен —
Даугер —
Ой шақыру. Венн диаграммасы арқылы мәтін мен сөздің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырату.
Мәтін ———— ұқсастықтары ————— Сөз
б) Жаңа сабақ
(Балалар тақтадағы мысалдарды оқып, өздерінше қайталанып тұрған сөздің қайсысы тура мағынада тұрғандығын тауып көреді).
Көздің жасы, жас адам, жасы үлкен
Көздің жасы — тура мағына
Жас адам — ауыспалы мағына
Жасы үлкен — ауыспалы мағына
в) Жаттығу жұмыстары
41 — жаттығу. ІІ тапсырма. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын тауып жазыңдар.
Сөздер ———— Тура мағына ———- Ауыспалы мағына
Бет ———— Адамның беті ———- Бетімен кету
Құлақ
Қабырға
Дүние
Кілт
Ақ
Өту
Келу
Терең
ІІІ тапсырма. Берілген сөздердің деректі, дерексіз екенін табыңдар.
Үлгі:
Деректі сөз ————— Дерексіз сөз
Қымыз, құрт,… Сұра, турашыл,…
42 — жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөз бен сөз тіркестерін тауып, астын сызыңдар.
Үлгі: сөздің патшасы,…
Графикалық диктант
тура
ауыспалы
қисық мінез, жақсы бала, ақ көңіл, терең су, қара ниет
г) Бекіту. Венн диаграммасы
Тура мағына —————— Ауыспалы мағына
д) Үйге тапсырма