Қазақша ашық сабақ: Елім деп соғар жүрегім (8 сынып)

0

Ашық сабақтың тақырыбы: Елім деп соғар жүрегім
Мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;
• Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
• Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғалімнің:
Амансыңдар ма, балалар,
Күн сайын өскен сналар.
Талапты бол, талантты,
Бүгінгі сабақ елімізге арналар. – деген шумақпен сабақ басталады.

Қ. Мырза Әлидің «Өз елім» әнін хормен орындайды.

Әңгімелесу
1. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.
Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені
2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар?
Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады.Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық.
Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын.
Мәтінмен жұмыс
Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады»
(үзінді)
Мәтінді мазмұндау бөлімдері:
Етікші шыңы
Жолаушы
Қарт кесімі
Қатал сызық
Айнабұлақ
Тұмар

Мәтін бойынша сұрақтар
— Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
— Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі оның 40 жыл бойы туған топырағын бассам деп армандауынан, жолдың қаншалықты қиыншылығын көре тұра алған бетінен қайтпағандығы, заңсыз шекарадан басып өтуі, көзінен аққан жасына, жерді құып сүйгенінен көрінеді.
— Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едің?
— Қарт туған жер топырағын алып, тұмар етіп тағып жүрді. Себебі туған топырақ киелі, сондықтан өмір бойы оған күш-қуат беріп келді.
— Қарттың туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?
— Туған жер – қасиетті. Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Туған топырақты шалғайда жүрсең аңсап, сағынып жүруіңнің өзі киелілігі.
Түйіні:
Туған жер – ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата-бабамыздың кіндігі кесілген жазира жер.
Жалқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.
Дәйексөз
Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес.
М. Шаханов
Тыныштық сәті
Балалар, көздеріңді жұмып, маужырап отырған күйдегідей ыңғайланып отырыңдар. Көзді жұму керек. Алдымен еркін, жайлап тыныс алыңдар. Тағы да жайлап, еркін тыныс алыңдар. Ауаны ішке жұтып, ауыз арқылы лепті үрлеп шығара отырып, сол үрлеген леппен, аяғыңнан сойныңа дейін бүкіл денеңді спирал секілді бүркемелеп алғандай ойша елестетіңдер. Енді дем шығарғанда оймен: «мен өз сезімімді ұнамсыз эмоциялардан арылттым» – деп айтыңдар. Одан кейін екі рет дем шығарғанда: «Енді мен ұнамсыз эмоциядан арылдым» деңдер. Енді балалар денелепріңді босатыңдар, көздеріңді ашып, жақсы нәрселерді естеіңе түсіріп, айналаға күлімдей қараңдар.
Сахналау
Рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар
Немересі: Ата, туған жеріңізді неліктен сағына бересіз?
Атасы: Балам, туған жердің топырағы, суы мен ауасы түтіні де қымбат. Өйткені сол жерде дүниеге келіп, өсіп – өндім. Адамның өскен жері адамның жанына, сана- сезіміне әсер етіп, мәңгілік есінде қалады екен.
Немересі: Туған жерді, елді соншама қадірлеуіңіздің себебі неде?
Атасы: Ол – менің ата – бабамның жері, олар оны адал еңбек, маңдай терімен қорғап, көркейтіп, ұрпағына аманатқа тастап кеткен.Сондықтан мен олардың үмітін ақтауым керек.
Немересі: Ата, осынша жасқа келсеңіз де, туған жеріңізді соншалықты қалай жақсы көресіз?
Атасы: Қарағым, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет менің бойыма ана сүтімен, бесік жырымен сіңген. Менің бойымдағы туған жерге сүйіспеншілік сезімі өздеріңе дарып жатса, үмітімнің ақталғаны деп білемін.
Немересі: …
Түйіндеме
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жерінде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай, табандап отырып алсақ, ақпайтын көл секілді өз-өзімізбен тұйықталып, әлемдік даму мен өркениеттен құралақан қалар едік.
Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың – туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана, айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.

Мұғалім сөзі: Міне, Ш.Айтматов айтпақшы, Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғангыңды жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю, өз еліңе байланыпи қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу.
Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік.
Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік.
«Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз.
Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті.
Сіздер кең байтақ , Тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар.
Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымыз ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылыған жұлдызды 20 күннің «Отан» күнімен сәйкес келіп отыр. Ендеше, сабақ соңында, Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді әнмен білдірсек дегім келеді.

Жүректен – жүрекке
«Атамекен» әні
Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған 20 жұлдызды күннің «Отан» күнімен сәйкес келіп отыр дегенбіз, Олай болса, Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болғай деген ізгі ниетпен, еліміз көркейіп, гүлдене берсін, дами берсін деген тілегімізді тақтаға ілулі тұрған туған жердің табиғатын гүлдендіру арқылы білдірсек.