Қазақша Анекдот: Төсек тартып қалған шал


Тоқсаннан асқан шал төсек тартып қалады. Орнынан тұрмай қойыпты, бала — шағаның да шулағанына құлақ аспапты. Сонда баласы әкесінің құрдасын шақырып алады. Әкесінің құрдасы келіп, жатып алған досының қасына отырып:
— Ә…Жатырмысың…Жат, жата ғой, әй, Құрманбай, ананы қара, қыздар кетіп бара жатыр десе…
Жатқан шал:
«Қане?» — деп басын көтерген екен…