Я дыбысы мен әрпі

0

Сауат ашу 1 сынып
Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті. Ұлттық кейіпкер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1. 2. 9. 1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1. 2. 9. 2. дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (я, ю, е дыбыстары – қосарлы дыбыстар) және дұрыс оқу.
1. 2. 1. 2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Ойлау деңгейлері
Білу және түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері
– әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді
– Яя дыбыстарының қосарлы дыбыс екенін меңгереді
– буындап оқиды, буын санын анықтайды, сөздерді тұтас оқиды
– Сауатты ұқыпты жаза біледі.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Өсемiз бiз күлiп – ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп – ойнап,
Бiр адамның баласындай.
– Балалар, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
– Балалар, кәзір қандай сабақ айтыңыздаршы?
– Бұл сабақта біз немен айналысамыз?
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті көреміз. және жазамыз
Ондай болса ал балалар, «Үйіңді тап» ойынын ойнайық
Шарты: Әр бала өз дыбысын алып өз шаңырағының астына тұрады. Дыбыстар нешеге бөлінеді?/Дауысты, дауыссыз/ А, О, Ы, Ө, Ү, Ұ, И, І, Ә, Е, Н, Г, Т, Д, П, Ж, З, К, Қ, Л, М т. б
– Дауысты дыбыс қалай жасалады? Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз
– Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.

Сабақтың ортасы
Айтылым. Тосын сәт.
– Балалар, менің қолымда екі қобдиша бар. Бірінші қобдишада жұмбақтар жасырынған, ал екінші қобдишада сыйлықтар бар. Бірінші қобдишағы жұмбақтарды шешкен бала,– сыйлықты алады.
– Іске сәт! Күндіз атамныздың төбесінде
Түнде ілгіштің басында (Тақия)
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)
Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты (Пияз)
Желіде тұрар шырмалып
Теріп ал оны суғарып (Қияр)
Далада жүреді шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. (Қоян)
– Осы жұмбақтың шешуіндегі сөздердің ішінде таныс емес қандай дыбыс?
Яя – баспа Яя – жазба.
Я – дауысты дыбыс.
Я дыбысын хормен айтқызу.
Я дыбысының артикуляциясын меңгерту.
– Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның осы екі дыбыстың қосарлана айтылуынан жасалғанымен, бір әріппен ғана таңбаланатынын ұғындыру.

«С. Бердіқұлов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
Мұғалімнің аты – жөні: Күзембай Әлия Тұрсынәліқызы
Салт – дәстүр және ауыз әдебиеті. Ұлттық кейіпкер туралы не білемін? Я дыбысы мен әрпі жүктеу

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз