Мұқан Иманжанов, кітап, қысқа мерзімді жоспар

0

Сабақтың тақырыбы: Мұқан Иманжанов. Кітап.
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
— шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
— мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру
— мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс — тәсілдер: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндіру, кері байланыс, слайд, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ тілі. ағылшын тілі, көркем еңбек

Сабақтың басталуы
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Мұғалім

Шаттық шеңбері:
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.

Топқа бірігу:
Түрлі — түсті қима қағаздар арқылы 4 — топқа бірігеді.
(Алған түстеріне сәйкес шары бар топтқа отыруы керектігін айту. Қағаз қиындыларын сабақ барысында салынған суретке жапсыруға пайдаланамыз. Ол суретті сабақ аяқталғанша бітіру керекпіз.
Бүгінгі сабағымызда үйренгенімізді бар білгенімізді айту барысында мына қима қағаздарды жауап беру арқылы жабыстырып. Біз елімізді дамытуға, болашақ елімізге сәлде болса үлесімізді қосып өзіміздің болашағымызды жаңғырту аясында Суреттен рухани жаңғыруды құрастыруымыз керек )

Сабақтың ортасы
Білу және түсіну
Видеоролик арқылы жаңа сабақты ашу. Кітапхана туралы видеоролик арқылы айту. Кітап туралы түсінік беру. Алғашқы кітаптар туралы мағлұмат беру.
Видеоролик көрсету
Кешегі өткен тақырыбымыз ОҚУЛЫҚ пен бүгінгі КІТАП тың айырмашылығы Біз оқулықты мектепте оқимыз оқулық мысалы: Қазақ тілі, дүниетану, әдебиет т. б. Кітап ол ақындардың және жазушылардың кітаптары. Оларды үлкен үлкен кітапханалардан алып оқуға болады.
Ең үлкен кітапхана Қазақстанда ОТЫРАР қаласында болған екен, қалмақтармен соғыс кезінде ол кітапхана жабылып қалған. Әйгілі Әл — Фараби сол кітапханадан оқып білім алған. Міне кітаптың да адам өміріне өте қажет екенін біліп жүріндерейік балалар.
(Осы жерде бүгінгі тақырыбымыз деп айту).

Маңғысатау облысы, Бейнеу ауданы,
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Сагындыкова Роза Ордабаевна
Мұқан Иманжанов. Кітап жүктеу