Курстық жұмыс: Әдебиет | Абай өлеңдеріндегі көнерген сөздер

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………2
І тарау

1.1 Абай – көркем сөз өнерінің шебері………………………………………………………3
1.2 Абай шығармаларындағы көнерген сөздерді қолдану тәсілі………………..6

ІІ тарау

2.1 Абай тіліндегі көне сөздер………………………………………………………………….. 8
2.2 Абай шығармаларындағы араб парсы тілінен енген көнерген сөздер…..11
2.3 Абай тілінің сөздігі…………………………………………………………………………….12
2.4 Абай өлеңдеріндегі көнерген сөздердің ауқымы…………………………………14

ІІI Қорытынды………………………………………………………………………………………….19

IV Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………………………21
1.1 Абай көркем сөз өнерінің шебері.

Абай қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаушылардың бір дегенде, ең алдымен Абай қолданған әдеби тіл, бір жағынан, өзіне дейінгі поэзиялық түрде дамып келген әдеби тілдің жалғасы болғанын, екіншіден, ақын ол тілдің сапалық қасиеттерін ұштап, дамыта түсіп, қоғамдық қызметін арттырғанын еске аламыз, сонымен бірге үшіншіден, ол тіл бүгінгі жемісіне келген, даму шыңына жеткен ұлттық жазба әдеби тіліміздің басы болып табылатынын негізге аламыз. Сондықтан да Абай шығармаларының шоқтығы бүгінгі поэзия деңгейінен қарағанда да өз қадірін жаймай, сапалық қасиеті айқындала даралана түсіп, соның арқасында оның поэзиясы көркем сөз шеберлерін өрекі өнеге, ұлағатты үлгі болып үнемі көріне дермек.
Білімді адамнан ғана білікті сөз шығады. Ұлағатты ұлы адам ғана елінің өткеніне көз жіберіп, келешегіне қам жеп, болашағын болжай алады. Табиғат берген даналық пен дарындылық ақыл мен білім, көрегендік пен сезімділік Абайды халқының данышпан ұлы етті, көркем сөз шеберінің алыбы етті.
Абай ең алдымен, көркем әдебиеттің, өлең сөздің қоғамдық әлеуметтік мәні мен қызметінің жан – жақты терең сырын, қолдану жүйесі мен шеңберін, жеке адам өмірінде алатын орнын дұрыс түсініп, оның қоғамдық даму кешіндегі көріністерін қайшылық жарасымдықтарымен көрсетіп, соның бәрін өз творчествосында рухани азық ете біледі . Сөз кестесіндегі әр тілдің элементтің жалпыға таныс ортақ мәндерімен бірге ішкі мүмкіндіктерін мағыналық, стильдік жүк көтере алуын терең сезінді, сол арқылы әдеби көркемдеу тәсілдерін жаңа үлгілері пайда болып, көнерген (жаңа) сөздердің түрлері пайда болып, жаңа сөздердің, тіркестердің әдеби айналымға түсу қабілеті мен оясы кеңіді. Сондықтан да ол «Өлең ермек үшін, жоқ барды (термек үшін ) ертегіні термек үшін жазбайтынын» оның да айқын баса көрсетіп, көркем сөз, әдеби тіл арқылы «тіл ұстартып өнер шашуды, надандық көзін емес, көңілін ашуды мақсат тұтатынын айтады.
Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеп, оның сөз кестесіндегі тігілген өзіндік ерекшеліктерін, ұлы ақынның жаңа саладағы қазақ әдеби тілінің ұлттық негізін қалап, оның ілгері дамытудағы рөлін анықтап Абай тіліне тән көркемдік әдеби тәсілдерге, өлеңдерінің мазмұнымен мәніне, әлеуметтік, қоғамдық философиялық ой жүйесіне талдау жасап жүрген ғалым Рабиға Сыздауованың көрсетуінше, Абай аса игілікті істі атқарып, ХІХ ғасырдың соңындағы қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалап, өз творчествасына, жалпы халықтың сөйлеу тілін әрдайым
негіз етіп ұстанып отырса, екінші жағынан, оған бір қарағанда қарама – қарсы келетін жалғастылық принципті де берік, орынды ұстанды.
Абай «Өлеңнің іші поэтикалық ойға» идеяға толы болуына күш салып, соған лайық амал тәсілдер іздестірді, сол арқылы, бірінші, творчествалық контекст жасады, сөздің метофоралық қызметінің айшықталуы нәтижесінде олпрдың тіркесу мүмкіншілігі кеңейеді, сол арқылы қаламгерлік даралық айқын көрінеді, екінші ақын творчествасының тематикасы мен жанырлық құрылысы және жаңа образдар іздеу негізінде «қазақ көркем сөзінің лексикалық құрылымына өзгеріс енді. Үшінші, «поэзиялық терең мәнді, аз сөзді болу принципін ұстану нәтижесінде ойдың айқын дәл образ арқылы берілуі артты, төртінші фразоло саласында революция жасады, өлең құрылысына сан алуан жаңалық әкелді.
Абай өлеңді құдірет жұтып: «Өмірде ойға түсіп кем кетігің, тулағыш мінезің бар, жүрек сенің. Сонда сенің отыңды басатұғын. Осы өлең оқитұғын дұғам менің – деп бағалайды. Өлеңді Абай өзі жақсы көретіндіктен ғана емес, өз ұғымы, өзпарсаты, арқылы ел көңіліне, халық арман ойына қалай медеу болатынын, қоғамдық өмірден алатын орнын ашық беріп отыр.
Абай көркем сөзге, поэзия тіліне қатал да қажетті талаптар қойғаны баршамызға аян. Оның ең бастысы «Өлеңнің іші алтын, сырты күміс, теп тегіс айналасы жұмыр келеді» яғни сөз сұрыпталып, ой қажетін толық өтеп, ішкі мазмұны одан да бай болып ол екеуі жылдамдасып толық сәйкестікте болуы шарт. Сол арқылы өлең білдірмек ой нақтылы да түсінікті, образды да көрікті, қарапайым да көркем болкға тиіс» Сөз арасы бөтен сөзбен былғанбай ойға уатысы жоқ сөздер, қияли дүниелер өлеңнен аластатылуы қажет.
Абай өлеңдерінің бас артыө бір сөзді, шамуы шығып арқауы бос тұрған бір тіркесті, қиюсыз бір ұйқасты таба алмайсың. Сондай ақ Абай бұрынғы жазба тілде,ауыз әдебиетінде, ақын жыраулар шығармаларында қолданылған сөздер мен сөз тізбектерін , қиылысында образдарды сәтті пайдаланады.
Абай кейде мақал мәтелді дайын сөз өрнегі ретінде өзі қолданған сөз кестесіне сол күшінде кірістіріп жіберсе енді бірде ол халық даналығы екенің, оның мәні өмір тәжірибесі арқылы айқындалғанын көрсетіп отырады. Халықтың рухани қазынасы болып табылатынын мақал мәтелдерге Абайдың үлкен мән бергендігін қара сөздермен 5,29, 37 сөздерден байқаймыз. Кейде халық даналығына сай өзі де ад қанатты сөздер жасайды. «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей» «Тамағы жоқтың, Жұмысы жоқтың». «Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық». « Қалауын тапса қар жанады».
Абай байырғы мол сөздердің сан түрлі сырын ашып, соны мағынада қолдану арқылы ұшқыр ой, образ берумен бірге тілімізге шығыс халықтарының тілінен енген сөздердің көнерген жұбын әр мәнде қатар қолданыпта жұмсау арқылы, Абай тілі сөздігінде берілетіндей екеуін бір мағынада емес, олардың мәнін ажыратып, әділеті дегенді¬ ақ, турашыл мәнінде, әділет дегенді адал, шындық мәнінде қолданған:

Осыншама ақымақ болғаным:
көрінгенге қызықтым,
ғаттілеті жүректің,
әділетін бұзыппын.
Абай көне түркі, шығыс араб, парсы, орыс тілдері материалдарын реті жерінде пайдланып отырған.
Абайдың поэзияға мән, мазмұндық жағынан ғана емес, түр құрылыстық жағынан да қосқан көп жаңалығы бар екені белгілі. Қазақ поэзиясын түр жағынан байыту әдуби тілдің жаңа мүмкіндіктерін тауып, оны іске асыру Абайдың қазақ әдебиетіне зор қосқан үлесі.
1.2. Абай шығармаларындағы көнерген сөздерді қолдану
тәсілі

Абай лексикасындағы көне сөздерді архаизммен историзмдерді әңгіме еткенде, объектің екі шамадан керек . Бірі Абайдың өз тұсындағы көнерген немесе көнере бастаған сөздер тобы, екіншісі – қазіргі нормадан қарағанда көнерген болып есептелетін сөздер.
Халықтың ауыз екі сөйлеу тілін, ғасырлар бойы шыңдалған ауыз әдебиетін, сондай ақ өзіне дейінгі және қзіне тұстас қаламгерлер үлгілерін жақсы біліп, солардың тлін пайдаланған ұлы жазушы өз лексиконына қазақ тілінде бұрынырақ қолданылып өз заманында көнерген немесе көнере бастаған сөздерді де шебер енгізген.
Архаизм, историзмдердің бір тобын Абай уақытың өткен тарихын баяндауда әдейі келтіреді. Мысалы, жүз жыл бұрынғы қазақтың киімі туралы этнографиялық суреттеме өлеңінде:

Ойланып, ойға кеттім жүз жылғы өткен.
Тон қабаттап кигенім – жидем шекпен.
Жейде дамбал ақ сандал, жарғақ шалбар,
Жырым балақ матамен әдемі еткен.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шақпағын, дәндәкуім, жарқ –жұрқ етіп.
Құлағымды бастырған пұшпақ тымақ,
Ішкі буын өткізген тесік құлақ.
Қолтығымда байлаулы жіптен шідер,
Жарғақ жастық көпшегім, жезді пыстан.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан « жыға» қисайғанда-тәрізді қазірде де көптеген, ал бір қатары тіпті Абай заманында қолданудан шыға бастаған бір топ киім кешек түрлері, жейде, жарғақ шалбар, жарғақ жастық, кісе шақпақ, дәндәку, күләпара, пыстан, жыға сияқты өзге аксессуарлардың аттарын береді. « Жейде» сөзі диалектизм ретінде қазірде де көп деген аудандарда еркектің көйлегі деген мағынада қолданылғанымен, өткен ғасырдың өзінде ақ бұл вариантты «көйлек» сөзін ығыстыра бастағанға ұқсайды.
Мысалы, Ильминский жейдені сол кезде тек қаттар киетін ескі үлгідегі тігілген көйлек деп көрсетеді. Жейде рубаха: старинного киргизкого покроя. Соған қарағанда, жейде бір кезде бүкіл қазақ даласында түгел түсінікті болып, белгілі бір үлгіде тігілген ерлер көйлегін білдіріп, жалпы халықтың тілде тегіс қолданылған сөз болу керек.
Архайзм, историзмдердің бір тобын қазақтың өткен тарихын баяндауда Абай әдеі келтіреді өз шығармаларында. Мысалы, жүз жылғы бұрыңғы қазақтың киімі туралы этнографиялық суреттеме өлеңінде жейде, жарғақ шалбар, жарғақ жастық, кісе шақпақ, дөңдеку күләпара – тәрізді, қазірде, ал бір қатары тіпті Абай заманынан да қолданудан шыға бастаған бір топ киім кешек пен өзге аксессуарлардың аттарын береді. Жейде сөзі диалектизм ретінде де қазірде көптеген аудандарда еркектің көйлегі деген мағынада қолданылғанымен, өткен ғасырдың өзінде ақ бұл вариантты көйлек сөзін ығыстыра бастағанға ұқсайды. Өйткені Абай шығармасындағы шалдардың өзі көйлекті болып келеді.
2.1. Абай шығармалары тіліндегі көне сөздердің қолданылуы

Сондай ақ Абай қазақтың өткен ғасырдағы заң системасын әңгіме еткен үшінші сөзінде жарғы терминін Лерментовтан аударған «Тұтқындағы батыр» деген өлеңінде:
Тас тулыға, тас сауыт киінгенім,
Денемді қысып жатыр бүгін менің
Тас дулыға болмай ма жатқан үйім,
Абайдың үшінші сөзінде қолданған «Жеті жарғы» сөзі. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Әз Тәуке ханның Күл төбенің басындағы күнде кеңес болғанда «Жеті жарғысын» білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің, қайсысы заман өзгергеніменен ескіріп бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды билік шығарып, соларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яғни тіпті жоқ.
Дулыға, сауыт шарайна сөздердің архаизмдік сипаты өткен ғасырдан басталады, өйткені ХХ ғасырдың екінші жартысында фиодалдық дәуірдегі қару жарақ, құрал саймандардың ұрыс соғыста қолданудан шыға бастағаны мәлім.
Архаиздердің бұл тәрізді, өткен өмірден елес беру үшін қолданылған дарынан басқа тобы Абай творчествасының өн бойында кездеседі. Олардың қолданылуының әр алуан себептері бар. Ең алдымен, Абай тілінде қазірде актив қолданудан шығып қалған немесе сол кездегі мағынасы өзгерген бірсыпыра лексемалар мен тұлғалар бар. Олар: абыз, алаш, қол, дүр, қарындас, ұлық, шөншік т. б.
Абыз сөзінің о бастағы мағынасын Абайдың өзі түсіндіріп береді. Қазақтың арғы ата бабалары бұрыннан бақсы балгерге иланып, отқа табынатын әдеттермен исламғат тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала пұла хат танитын кісі болса, оны «абыз» дейді екен. Ол «абыз» деген әуелде шаман дініндегілердің өз молдасына қойатын аты екен.
Алаш сөзі де:

Алашқа іші жау боп, сырты күлмек,
Жақынын тіріде аңдып, өлсе өкірмек- әріден келе жатқан көне сөздердің бірі. Өзге түркі тілдерінде жоқ бұл түбір
қазақ тілінде Абай тұсына дейін қазақ елі, қазақ халқы, қазақ жұрты мағынасында қолданылып келген. Сондықтан да болу керек , өткен ғасырдағы қазақ сөздіктерінің кейбіреулері бұл атау қазақ этнонимнің синонимі деп көрсетеді.
Алаш сөзі «бүкіл қазақ халқы» деген ұғыммен барабар тұжырымды Абай да айтады.
Көне алаш Абай қолданады. Оны екі, үш жерде «ел халық, көпшілік» деген екінші мағынасынан шығарып, «жақын, туыс» ұғымында жұмсалады

Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Аларында шара жоқ алдамасқа.
Табысына табынып қалтаң қағып
Тойғаннан қалғанын берсе алашқа.

Дегенінде де алаш «жақыны» днген ұғымды беретін тәрізді. Қарындас сөзінің о бастағы «ағайын, туысқан» мағынасы өткен ғасырда қазақ тілінде жоғала бастаған құбылыс, оның орнын соңғы сөздер ығыстыра бастайды да, қарындас варианты осы күнгі ер адамның жасы кіші әйел жынысты туысқаны деген ұғымды жиірек білдіреді.

Қарындас қара жерге тыға алмай жүр
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.

Бұл сөздің көнерген мағынасы тек ауыз әдебиеті …….