Жүктілік күнтізбесі

0

Сіз жүктісіз! Сіздің нәрестеніз 40 аптадан кейін дүниеге келеді. Сіздің ағзанызда қандай өзгерістер болатындығы, баланыз қалай өсетіндігі туралы «Жүктілік күнтізбесі» айтып береді.

1-2 апта

Жүктілік ұрықтандыру сәтінен басталады. Ұрықтандыру — еркек пен әйелдің жыныстық торшаларының күрделі биологиялық бірігуінен басталады.Осының нәтижесінде жана ағза түзеледі. Пісіп-жетілген жұмыртқа етекккір циклінің 11-14 күні жатыр түтігіне түседі, мұнда ол 24 сағатка дейін өмір сүре алады.Еркек ұрығы жатырда ұрыктандыру қабілеттілігін 48 сағат сақтайды. Ұрықтанған жұмыртқа көп торшалы ағза түзіп бөліне бастайды. Эмбрионның жатыр қабатына бекітілуі ұрыктанудан кейінгі 7 тәулікте болады. Осы күннен бастап ана ағзасы жүктілі болғандығы жайлы ақпарат алады.

3-4 апта

Таңертенгілік жүрек айниды, кіші дәрет жиілейді. Көңіл-күй өзгергіш болады. Қазір болашақ сәби түрі адам құлағы бейнесіне ұксайды, көлемі 4мм. Жүктіліктің 21 күні жұлын мен ми қалыптасады. Айдын аяғында кіндік пайда болып, эмбрионның қан айналымы түзіледі. Баланың барлық мүшелері мен ішкі жүйесі дами бастайды.

5-6 апта

Осы мерзімде жүкті әйел міндетті түрде дәрігерге көріну тиіс. 5 аптада түсік тастау қаупі туу мүмкін, онын белгілері: бел аймағының ауырсынуы, іштің төмен тартып ауруы. Осындай симптомдар болса дәрігердің кеңесі қажет. 6 аптада эмбрионнын бет әлпеті түзіледі: көзі, мұрны, жак сүйектері, қолы, аяғы.

7-8 апта

7 аптадан бастап жүктіліктін сары денесі кері дамиды, плацента гормондарды бөле бастайды. Сәбидін жүрегі 4 камералы болады, ірі қан тамырлары қалыптасады. Бауырда өт жолдары пайда болады. Ішкі бездер мен ми дами бастайды. Құлақ қалқанының формасы, қол-аяғында саусақтар пайда болады, эмбрион козгала бастайды. 8 аптада У-хромосома әсерінен еркек гонадалары қалыптасады, олар тестостерон бөліп, ұл баланың белгілерінің қалыптасуына әкеледі.

9-10 апта

Сіздің зат алмасуыңыз өсіп келе жатқан ағзаны «құрылыс материалдарымен» — амин қышкылдарымен қамтамасыз ету ушін өзгереді. Осы өзгерістерге бейімделгенде токсикоз білінуі мумкін. 10 аптада ауыз қуысының, ішектін, тік ішектін, өт жолдарының дамуы аяқталады. Ми жартышарларының, беттің калыптасуы токтайды. Қозғалыс координаторы-мишыктын дамуы басталады.

11-12 апта

Ана ағзасы жаңа қалыпка бейімделді. Сіздің көңіл-күйініз орнығады. 12 аптадан кейін жатырдын өсуі байқалады.

13-14 апта

Болашақ сәбидін негізгі мүшелерінің қалыптасуы аяқталады. Сырт бейнесі кішкентай адамға ұқсайды.

15-16 апта

Тері пигментациясы өзгереді-карынның ортанғы сызығы, үрпінің терісі өзгереді. Плацентаның түзілуі аяқталады. Бұл кезеңде шарана ұрық айналасы суларында еркін жүзе алады. Судың күйіне қарап шарананың жағдайын сипаттауға болады. Енді бала мен плацента бірегей функционалды жүйе құрайды.

17-18 апта

Сіздің болашақ сәбиініз осы күндері қозгала бастайды. Оның аяқ-қолы, буындық аппараты, мишығы жеткілікті дамыған. Осы уақытта иммундық жүйенің қалыптасуы аяқталады.

19-20 апта

Сіздің ағзанызда үлкен өзгерістер болды. Пульсыңыз жиілеп, жүрек соғуы мен қан айналымы көбейеді. Плазма көлемінің көбеюіне байланысты қан талдамасындағы гемоглобин азаяды. Кейде кіші дәрет жиіленеді, бел омыртқасының оң жақ немесе сол жақ бүйірі ауырады. Үлкейген жатыр қуықтың үстін басқандықтан зәр шығғару жолдары бұзылады. Зәрдің толық шықпағанына байланысты бүйрек жолдарында инфекцияның пайда болуы ықтимал. Пиелонефритпен ауруына шалдығуға мүмкін. Осындай күдік пайда болса тез арада дәрігерге қаралу қажет, өйткені сіздің деңсаулығынызға ғана емес, іштегі ұрықтын дамуына да қауіпті. Шарана жиі, белсенді қимылдай бастайды, салмағы 300-350 гр. Бұл аптада көздері ашылады.

21-22 апта

Бұл аптада ұрықтың салмағы 400-500 гр. жетеді. сүйек және бұлшық еттерібелсенді дамиды. Осы кезде ағзаға кальций қажет, ол тісіңізді сақтауға және аяқ сіңірінің тартылмауына көмектеседі.

23-24 апта

Ұрықтың салмағы 500-600 граммға жетеді. Оның барлық мүшелері бар, жүйелелрі толық қалыптасқан. 24 аптаға қарай өкпелері жетіле бастайды. Алайда, сурфактант мөлшерінің аздығынан осы мезгілде туылған нәресте өздігінен дем ала алмайды. Тыныс алдыру үшін оған күрделі тыныс беру аппараты қажет болады. Мерзімінен туылған балаларды күту үшін перинаталдық орталықтар бар.

25-26 апта

Ұрықтың салмағы 700-750 гр. Ми жүйелерінің жетілуіне байланысты оның ағзасының қызметі тұрақтайды. Өкпе жасаушылары жақсы жетіледі. Бұл мерзімде туылған бала жасанды тыныс беру аппаратымен ғана жетіле алады. Сондықтан оның мерзімінен бұрын тууына жол бермеңіз.

27-28 апта

Бұл мерзім жүктіліктің ІІ-ші үшайлығын аяқтайды. Ұрықтың салмағы 1000 грамм, бойы 35 см. Алайда ол әліде өздігінен өмір сүре алмайды, өкпелері толық жетілмеген. Осы мерзімде ұрықтың өсуі, бұлшық еттерінің қалыптасуы байқалады. УДЗ арқылы оның жымиғаның, саусағын сорғаның көруге болады.

29-30 апта

Жүктіліктің ІІІ үшайлығы басталады. Жатыр 29-30 см. Жоғарылықта тұрғандықтан, сіздің тыныс алуыңыз қиындай түседі. Бұл кезеңде асқынулардың ең ауыры-жүктіліктің екінші жартысынын токсикозы басталуы мүмкін. Соның салдарынан ісіну, қан қысымының көтерілуі, зәрде наруыз пайда болады. Асқынулардың алдын-алу үшін акушер-гинеколог дәрігеріне қаралу керек, оның барлық нұсқауларын орындау керек, өз салмағынызды дұрыстап қадағалау қажет. Ішілетін және шығатын сұйықтар мөлшерін назарға алған жөн.

31-32 апта

Қазір ұрықтың орналасуы дұрыс (ұзынынан). Көлденен, қисық болуы да мүмкін. Ұрықтың дұрыс орналасуына көмектесетін гимнастикалық жаттығулар бар. Кері резус қан тобындағы жүктілерге 28 аптадан, босанса 78 сағат ішінде керек болса иммунизация жасалады. Бұл туралы өзіңізге әйелдер консультациясындағы бақылйтын дәрігер айтады.

33-34 апта

Ұрықтың салмағы 1800-2100 гр., бойы 40-41 см. Жетеді. Өкпелері жетіледі. Ол толық дамиды, егер мерзімінен бұрын туа қалса өз бетімен өмір сүру мүмкіндігі жоғары. Алайда оның тері асты жасаушалары шамалы, терісі қызғылт түстеніп жфлу сақтау қабылеті төмен болады. Оған жылы инкубатор немесе жылытқыш қажет. Шала туған нәрестені күту – әрбір отбасы үшін қиын жағдай. Сондықтан да әр бір жүкті әйел 37 аптағға дейін өз жағдайына ұқыптылықпен қарап, мерзімінен бұрын басталған толғақ белгілері туралы дәрігеріне шұғыл хабарлауы қажет. Үйге келетін жаңа адамды қарсы алу үшін әйелдер қабырға, едендерін әктеп, сырлайды. Бұндай тәуекел жұмыстар қажет емес. 30 аптадан босануға дейінгі демалысты үй жұмыстарын бітіру үшін емес, сіздің шаршамауыңызға, көлікте қысылып қымтырылмауыңызғаұйқыңыздың қануына беріледі. Сондықтан үй жөндеу, қапырық дүкендерді аралау, кезек күту тіптен сіз үшін емес.

35-36 апта

Ұрықтың салмағы 2100-2700 грамм, бойы 44-45 см. Дәрігерге 10 күнде бір рет қаралып отыру қажет.

37-38 апта

Осы мерзімнен сіздің жүктілігініз толық ай-күніне жетті деп есептелінеді. Егер осы апталарда босаңсаныз, нәресте аман-есен туады. Оның салмағы 2700-2800, бойы 49-50 см. Сіздің тыныс алуыңыз жеңілдейді. Жатыр төмен түседі. Егер экстрагениталдық сырқаттарыңыз асқынатын жағдай болса, босанарға дейінгі бөлімшеге түсу қажет. Өзіңізбен бірге алмастыру картасын, жеке куәлігіңізді алуды ұмытпаңыз.

39-40 апта

Босанатын күніңізді білу үшін соңғы етеккір келген уақыттан үш айды алып 7 күн қосасыз. Бұл сан нәрестенің туатын күні болуы мүмкін. Оның салмағы 3000 гр, бойы 50 см, терісі ақшыл, ол жылуды сақтай алады. Қатты айқайлай, дем ала алады, емеді. Босану процесінің белгісі толғақтың жиіленуі (10 минутта бір рет, немесе су кетуі). Егер шамалы қан білінсе үрейленбей «жедел жәрдемді» шақырта беріңіз.