Бала тәрбиесіне қатысты кеңестер
2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындаса да, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындамауға тырысыңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды танбаңыз. Өз нұсқаңыз дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрету керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарды сыйлау керектігін білу тиіс.
13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқынышына күлмеңіз. Қайта, керсінше, баланың қорқынышын бірге шешіп, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
14. Қаншалықты уақытыңыз аз болса да, балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын, балаңыз – сіздің ең басты байлығыңыз.