ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
Ғылыми жетекші —
Қазақ Гуманитарлық заң университетінің колледжі, Ақтөбе қаласы
IT алпауыттардың көшіне ілеспек түгілі кәдімгі технологияны игеру қиын болып тұр. Осы мәселені шешу үшін тапсырмалар берілді. Енді қалай жүзеге асады?
Технологияларды ойлап табу арқылы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Есесіне уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалады. Бірақ қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі қиын. Шетелдің дамып кеткен өнімдеріне тамсанып, «бізге өсу керек» деп отыра беретін болсақ, бүгінгі күйімізден де жаман құлдырап кетуіміз мүмкін.
Сондықтан болар биыл еліміз негізгі басымдықты цифрландыруға қарай бұрды. Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. Жаңа жобаларды қоғамға енгізу барысында қандай өзгерістер болады, болғалы тұр?
«Цифрландыруды» отандық IT компаниялармен бірігіп жасау керек
Шағын компаниялар қоғамды өзгерте алатын жобаларды ойлап таба алмайды. Олардың басты мақсаты — күн көру ғана. Ал, инновацияны да, ғылымды да дамыту — ірі компаниялардың ғана қолынан келетін шаруа. Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметкер шешімді қабылдауы керек. Бірақ, ол сөгіс естуден қорқады. Отандық өнімді сапасыз деп ойлап, шетелге қарай мойын бұрады.
Мысалы, «КазАтомПромға» цифрландыруға өтуге тапсырма берілді. Ол не істейді? Ғаламтор арқылы мәліметтерді іздей бастайды. Мысалы, 20 шақты шетелдік компаниялар «біз цифрландыру жүйесін жүзеге асыра аламыз» деп уәде береді. Сосын дайын бағдарламаларды жоғары көлемді ақшаға сатып алады. Бұл үрдіс барлық мекемелерге қатысты, — дейді ол.
IT саласын дамыту үшін не істеліп жатыр?
— 2016 жылдың қыркүйек айында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының шақыртуымен, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездестік. Кездесу соңында IT кеңес мүшелерін құру керектігі айтылды. Ең тәжірибелі деген мамандар ғана іріктеліп алынды. IT саласында жүргендердің идеясын кеңес мүшелері мемлекеттік мекемелермен байланыстыра алатын мүмкіндік туды, — дейді Ұлан Қайырбеков.
Оның айтуынша, биыл өзін Astanahub #garage жобасы бойынша startup құруға жетекшілікке шақырған. Жетінші ақпанда IT кәсіпкерлер мен жетекшілер 150 өтініштің ішінен 12 startup іріктеп алған. Енді үш ай ішінде ол жетекшілік еткен топ инвестицияны тартуға болатындай жобаны жетілдіруі керек. Тізімін мақала соңына қарай жариялайтын боламыз.
— Нарықта пайда болған отандық мобильді қосымшаларды үнемі бақылап отырамын. Мәселен, 2015 жылы құрылған Dar компаниясы алдыңғы аптада жаңа қосымшасын таныстырды. Көбірек жобаларды жүзеге асырған сайын, соғұрлым тәжірибе жинақтала түседі. «Цифрлы Қазақстан» деп айта бергеннен цифрланып кетпейміз. Алдымен бәрін жан-жақты екшеп алғанымыз дұрыс. Ойдың бәрі іс-жүзінде жүзеге асады деп сенемін, — дейді ол.
Play market, App store-де Dar деп терсеңіз, барлық қосымшалары алдыңызға шығады. Айта кетейік, бұл компания Алидар Өтемұратовқа тиесілі. Сонымен қатар, DAR Bazar жобасы OLX және AliExpress (Alibaba Group компаниясына тиесілі) сауда алаңдарына бәсекелес болуды көздеп отыр. Aviata.kz жобасының да басқа мемлекеттерге қызмет көрсетіп жатқанын естіп жүрміз. Арман Сүлейменовтың ойлап тапқан «ZeroToOneLabs.com» мобильді қосымшасын да айта кеткен жөн, — деп түйіндеді сөзін Ұлан Қайырбеков.
2019 жылдан бастап электрондық денсаулық сақтау паспортыңыз болады
Науқас өзімен бірге денсаулық картасын тасып, сабылып іздемейтін болады. Ауруханаға немесе емханаға қаралса, сол күнге дейін қандай сырқатқа шалдыққаны, диагнозы, анализдері, қандай ем алғаны туралы толық ақпарат дәрігердің қолында болады.
Осыдан кейін медициналық тексерістен пара беру арқылы өте алмайсыз. Бәрін ортақ базадан біліп отырады. Демек, электронды паспорт Интероперабельділік платформаның (министрліктің бəріне ортақ платформа) құрамына кіреді. Онда науқас пен денсаулық сақтау қызметкерінің өздерінің жеке кабинеті болады.
Сонымен қатар, дәрігердің қабылдануына жазылуға, үйге шақыртуға мүмкіндік береді. Ақпараттық ресурстарды және деректерді сыртқы және ішкі қауіптерден қорғайтын қауіпсіздіктің ең соңғы жаңа құралдары мен рәсімдері жүзеге асырылады.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асу жоспарын ұсынамыз
1. Электронды сауда;
2. Шағын және орта бизнес бағытын цифрландыру;
3. Мемлекеттік мекемелерді цифрландыру;
4. Киберқауіпсіздікті күшейту;
5. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларға қолдау білдіру;
6. «Ақылды қала» жобасын толыққанды жүзеге асыру;
7. Бастауыш және орта білімді цифрландыру;
8. IT-startup халықаралық технопаркін құру;
9. Медициналық әлеуметттік сақтандыру қорының жүйесін қалыптастыру.
Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бастапқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алдымен, мектептерді жаппай компьютерлендіру қолға алынды. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Ақпаратты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.
Сымсыз телефондар, желілік телеарна — осы бағдарламаның жемісі. Жаңа дамып келе жатқан жасанды интеллект белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалануға жол ашады.
2011 жылдың 18 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ұлттық жерсеріктік OTAU TV телерадиохабар тарату желісі іске қосылған болатын. Бүгінде ұлттық оператор қызметін пайдаланатын үй шаруашылықтарының саны миллионға жетуге жақын. Цифрлы стандартқа көшкен сәтте, Қазақстанда жерсеріктік жүйе абоненттерінің саны небәрі 6 300 болғанын ескерсек, бұл көрсеткіш аталған қызметтің халық арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді. Бұл, әсіресе, ауыл тұрғындарына қатысты, өйткені, оның абоненттерінің 70 пайызы ауылдық жерлерге келеді.
Президенттің Жолдауында елімізде үлкен экономикалық және технологиялық дүмпу болуы тиістігі баса айтылды. Ал ол үшін, ең алдымен, тағы сол IT саласына басымдық беріледі.
Жалпы, Қазақстанда ақпараттық технологияларды мемлекеттік секторға ендіру жұмыстары осыдан он жыл бұрын сәтті басталған. Оған мысал келтіруге болады, ол — eGov жүйесі немесе Қазақстанның электронды үкіметі. Дәл осы жүйенің көмегімен бүгінде жүздеген операцияны компьютер алдында отырып-ақ жүргізе аласыз. Құжат ресімдеу, коммуналдық қызмет түрлерінің ақысын, салық, айыппұл, сақтандыру және өзге де қызмет түрлерін үйде отырып төлеуге кез келген қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Бұл істер алдағы кезде одан әрі жетілдіріле түседі.
Жолдауға сәйкес жазға қарай елімізде Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы іске қосылуы белгіленді. Ақпараттық технологиялар қарыштап дамып бара жатқан мына заманда IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қиын. Өйткені, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Жолдауда Елбасы: Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл — маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты, деп нақты бағдар берді.
Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделуде. Бұл үшін биылдың өзінде аталған бағдарлама аясында елімізде 244 радиотелевизиялық станса іске қосылмақ.
Цифрлы Қазақстан тек бір ғана IT саласын емес, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. Бағдарлама ІЖӨ-дегі IT-секторының үлесін 2020 жылға дейін 5 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. IT-секторында 150 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Еңбек өнімділігі 37 пайызға жеткізіледі. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру да басты міндет, ол 85 пайызға дейін жеткізілетін болады.
Цифрлы Қазақстан бағдарламасын жүзеге асыруда 4 бағыт бар. Бірінші бағыт — ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. Екінші бағыт — экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны ендіру. Үшіншісі — мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру және төртінші бағыт — IT-мамандарды даярлау.
Цифрлы технологияның халқымыздың жартысы ауылда тұрып, сол жерде нәпақасын айырып отырған ауыл шаруашылығы саласына да берері көп. Әлемге белгілі Microsoft компаниясының қожайыны Билл Гейтс ойлап тапқан Оракул деген компьютерлік бағдарлама ауылшаруашылық жерлерінің хал-ахуалын санаулы ғана уақыт ішінде талдаудан өткізіп, қандай жағдайда екенін айтып бере алады. Дәл қазір Қазақстанда егістік пен жайылымның көбі жекенің қолында және пайдаланылмай жатқаны белгілі. Ал аталған бағдарлама сол жер иелерінің кім екенін, жерді қанша уақыттан бері пайдаланбай жатқанын анықтай алады. Демек, Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында Билл Гейтстің Оракулы да елімізде кең қолданысқа енуі әбден мүмкін.
Цифрлы технология бұдан бөлек денсаулық сақтау және білім беру салаларында да қолданыста. Биыл оны жетілдіру мақсатында Қазақстан мектептерінде электронды күнделік қолданысқа енгізілмек. Сонымен қатар, педагогтар да атқарған жұмыстарының есебі мен жоспарларын қағаз күйінде емес, электронды үлгіде тапсыра алады.
Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы отыздыққа қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшінші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана көшінен қалғысы келмеген әрбір азамат, мамандар, ғалымдар мен студенттер ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кеңжолақты интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақырыптардан тыс қалуына болмайды.
Уақыт бір орында тұрмайды. Жоғары технологиялардың дамуына ілесу үшін «Цифрлы Қазақстан» сынды бағдарламаның орны ерекше.
Қазір қарыштап дамып келе жатқан болашағы зор сала ІТ саласы екенін бүкіл әлем мойындағалы қашан. Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен соң көптеген дамушы елдер де кеткен үлестерін түгендеу үшін қаржысын да, ресурсын да аяп жатқан жоқ.
Иә, жоғарыда атаған дамушы елдердің арасында Қазақстан да бар. Тәуелсіздік алып кенже қалған салаларды дамытуды қолға алған кезде жоғары технологиялар да назардан тыс қалмаған болатын. Рас, сол кезде даму үдерісі белгілі сүрлеумен, арнайы … жалғасы