«Цифрлік сауаттылық– ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі»

0


«Цифрлік сауаттылық– ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі»

Бағыты: Информатика Бөлімі: Семинарлар Сыныбы: Басқа

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы«М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі«Педагогикалық идеялар фестивалі» Жобаның аты: «Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт»Бағыты: «Цифрлік сауаттылық ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі» физика-математикалық бағытындағы информатика пәні.

Аты-жөні: Жетебаева Гаухар Бердибековна Мекен-жайы: Ынтымақ ем, Төреханов көшесі№30үй Тел: 8-778-537-71-84 e-mail: gauhargul.1984@mail.ru

Аннотация «Педагогикалық идеялар фестиваліне» ұсынып отырған, «Цифрлік сауаттылық — ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі» физика-математикалық бағыттағы пәндер, информатика пәнінде қолданылатын тиімді әдіс болып табылады. Ұсынылып отырған әдістің тиімділігі мен өзектілігі ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық және жаратылыстану сауаттылығымен тең дәрежеде назар аударылуы керек.Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін Елбасымыз «Бәсекелестік қабілет», «Үш тілде білім беру»,«Компьютерлік сауаттылық», «Шет тілдерін білу», «Мәдени ашықтық» сияқты факторларға ерекше көңіл бөлуді ұсынады. ХХІ ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу – бүгінгі таңдағы әрбір жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр. Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің халықтық қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой-санамыз және сапалы дүниелерімізбен үлес қосу – жаһандану кезеңінің табалдырығында тұрған біздер үшін аса маңызды іс. Елбасының сөзімен айтқанда, «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет».Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлік» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын қарапайым лекцияларға қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. Жетістікке апаратын қадамдарды бірте-бірте көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізе отырып, қызықты мәліметтермен бірге түсінуіне жағдай жасау. Бұл әдістің ерекшелігі мен шығармашыл дербестігі: «Цифрлік Қазақстан -2020» Елбасымен ұсынылған бағдарламаны жүзеге асырудың қамтылуы«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-Ұстаз. Мақсатым: Сабақтарымда қолданып жүрген тиімді әдістерім мен стратегияларымды таныстыру, бұл әдіс-тәсілдерді өз пәніме ыңғайластырып жаңадан қайта құрастырып оқушыларыма пәнді және тілді терең меңгеруіне жағдай жасау. Оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану және ағылшын тілін меңгеру, қалыптастыру арқылы оқушының талдау жасау, зерттеу дағдыларын дамыту, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.Алдыма қойған міндетім: жетістікке апаратын қадамдарды көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізу, информатика пәні компьютермен байланысты болғандықтан цифрлі жүйені түсіну, қолдану, ағылшын тілін меңгеру, ұғыну барысында оқушылармен бірге талқылау, ең бастысы алдында орындалған жұмыс пен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіруді тексеру.Ұсынылып отырған әдістерді сабақтарда қолданып келемін. Жоспарлаған кезде оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қолдануына ерекше көңіл аудардым. Өзектілігі: Компьютерлік сауаттылықты тиімді ұсынуға мүмкіндік беретін қадамдар, түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы және жауабы, логикалық ойлау арқылы неге қол жеткізе алатынын көрсету. Шығармашыл мұғалім –жаңашыл тұлға. Қажет ету мотивтері жоғары болуына байланысты жаңа идея ойлап табу, қолданып көру-оның күнделікті кәсіби міндеті екенін түсіне отырып, оқушыларды цифрландыру жүйесі және тілді білу өте қажет екендігіне жетеледім.Оқу-жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:– оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;– интерактивті тақтаны еркін қолданады;– ақпараттық мәдениетін дамытады;– сабақта уақыт та үнемделеді;– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;– зерттеу дағдылары дамиды;– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында.

Аннотация Представленная на « Фестиваль педагогических идей» работа под названием «Цифровая грамотность — основа безопасности в информационном обществе» является эффективным способом использования на предметах физико-математического направления, информатики. Эффективность и актуальность предлагаемого метода являются важнейшими знаниями ХХІ века. Формирование цифровой грамотности должно быть обращено наравне с читательской, математической и естественнонаучной грамотностью. Для того, чтобы стать позитивным курсом будущего страны, Глава государства предлагает уделить особое внимание таким факторам, как «конкурентоспособность», «трехъязычное образование»компьютерная грамотность», «знание иностранных языков», «культурная открытость». Качествами, добрых, достойных стать в XXI век – на сегодняшний день задача, стоящая перед каждой личности. В настоящее время эра новых технологий предъявляет высокие требования к профессиональному мастерству, образованию, интеллектуальному и познавательному уровню. По словам главы государства, » стремление быть образованным, открытым, процветающим- это то, что у нас есть в крови». Современные технологии постоянно внедряются в нашу жизнь, концепция «Цифровой » часто встречалась не только на научных конференциях, но и в повседневной жизни. Процесс цифровизации влияет на качество и процесс безупречного образования. Новые технологии, внедренные в процесс школьного образования, могут заинтересовать школьников гораздо больше, чем простейшие лекции. Создать условия для того, чтобы они вместе с интересными сведениями, передавая их на более понятном для учащихся языке при интерпретации каждой темы, последовательно демонстрируя шаги к успеху. Особенности и творческая самостоятельность данного метода: Обеспечение реализации программы » Цифровой Казахстан-2020» Государственная программа «Цифровой Казахстан» будет направлена на развитие инфраструктуры, улучшение человеческого капитала, цифровизацию отраслей экономики и совершенствование системы оказания государственных услуг.

Цель моей работы: ознакомление с эффективными методами и стратегиями, которые я использую на уроках, создание условий для углубленного изучения предмета и языка. Формирование навыков анализа, критического и креативного мышления учащихся через формирование, овладение компьютерной грамотностью и английским языком.Задача, поставленная мной, заключается в том, чтобы дать учащимся более понятный язык в интерпретации каждой темы с демонстрацией шагов к успеху, понимать, использовать цифровые системы, поскольку предмет информатики связан с компьютером, владеть английским языком, обсуждать вместе с учащимися при понимании, а самое главное проверить самосовершенствование через выполненную работу и сравнение.Я использую предлагаемые методы на уроках. При планировании я уделял особое внимание использованию компьютерной грамотности учащихся. Актуальность: шаги, позволяющие эффективно представлять компьютерную грамотность, показать, чего ученик может достичь через логическое мышление, ответ и мышление относительно понятий. Творческий учитель- новаторская личность. В связи с высоким уровнем мотивов потребности , я понял, что создание и применение новой идеи- это повседневная профессиональная задача, которая привела к тому, что система цифровизации и знание языка очень необходимы учащимся.Система цифровизации:1. Сбор соответствующей информации2. Развитие новых информационных технологий3. Модернизация системы образования 4. Владение английским языкомМаксимальную успешность модернизации системы образования Казахстана можно достичь только в том случае, если все программные устройства, основанные на образовательной политике, смогут собрать на себе все возможное из потенциала, накопленного мировым опытом. Будущее нашей страны в руках сегодняшнего молодого поколения, а судьба молодого поколения- в руках педагогов.

Annotation

«Digital literacy-the basis of security in society» representing the «festival of pedagogical ideas», is an effective way to use the subjects of physics and mathematics, computer science. The effectiveness and relevance of the proposed method are the most important knowledge of the XXI century. The formation of digital literacy should be addressed on a par with reading, mathematical and natural science literacy.Becoming a positive course for the future of the country, the Head of state proposes to pay special attention to such factors as «Competitiveness», «Trilingual education», « Computer literacy», «Knowledge of foreign languages», « Cultural openness». Qualities, good-worthy of the twenty-first century-today the challenge is priceless to each individual. Currently, the era of new technologies places high demands on professional skills, education. Intellectual and cognitive level. This year, as part of the state program of health development «Kazakhstan Literacy» approved by the decree of the President of the Republic of Kazakhstan «Under the Motto» with active longevity will celebrate the centenary! According to the head of stste,«the desire to be educated, open, prosperous is what we have in our blood».Modern technologies are constantly being introduced into our lives:

  • The concept of «digital» is often met not only at scientific conferences, but also in everyday life
  • The process figure affects the quality and process of flawless education

New technologies introduced in the process of school education may be of interest to schoolchildren much more than ordinary lectures. To create conditions for understanding each topic with a more understandable language for students, with a consistent reflection of the steps to success. The pecualiarity of this method and creative independence: coverage of the program proposed by the head of state «Digital Kazakhstan-2020». The state program «Digital Kazakhstan» will be aimed at the development of infrastructure, improvement of human capital, digital industries and improvement of the system of public services.

«Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт»

Мемлекетті цифрландыру- бұл мақсат емес, бұл Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралыН.Ә.Назарбаев

Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Білім саласындағы үштілділік жүйесі ел болашағының жарқын кепілі. Сондықтан да бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізілуде. Басты мақсат – оқушылардың тілді жақсы меңгеруіне жағдай жасау. Өзге тілде оқитын мектептердегі балалар қазақ тілін, қазақ мектептегі балалар орыс тілін жақсы меңгеріп шығуына мүмкіндік туғызу. Сондай-ақ ағылшын тіліне тек арнайы мектептің оқушылары ғана емес барша қазақстандық балалар жетік болуына жол ашу. Бұның біздің балаларға не пайдасы бар? Ағылшын әлемдік қарым-қатынас тілі ғана емес ғылым мен технология, алдыңғы қатарлы ілімнің тілі болып отыр. Көптеген ғылыми кітаптар ағылшын тілінде жарық көреді. Олардың аударылуын күтіп отырсақ, жаңалықты кеш біліп, тақырыптың өзектілігін жоғалтып аламыз. Елдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында сабақ ағылшын тілінде жүреді. Ол білім ордаларының басшылары шет елдің үздік профессорларын шақыртып, студенттерге олардың тәжірибесін алып қалуына жағдай жасайды.Цифрлік оқытудағы инновациялар техникалық инновацияларды емес, сонымен қатар университеттің құрылымы мен ұйымдық принциптерінде білім беру курстарының мазмұны мен ұйымдастырылуының өзгеруін білдіреді. Цифрлік оқыту қалыптастыру барысында білім беру құрылымы мен оқу үдерісін ұйымдастыру түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер оқу курстарын толтыру үшін және оларды ұйымдастыру үшін және университетті басқару үшін материалды іріктеуде күрделі мәселе болып табылады. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы». Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.Қазiр бiлiм жүйесiндегi кез келген мәселе арнайы зерттеу арқылы, әлемдiк тәжiрибемен салыстыру арқылы жүзеге асады. Заманауи ақпараттық жүйе заманында бiлiм мен ақпаратты оқулықпен ғана емес, интернетпен де игеруге болады. Бiр мезетте жан-жақтан келген ақпарат ағыны қарапайым оқушыға да әсер етуi мүмкiн. Ақпараттың агрессивтi түрiнен қорқу керек. Сондықтан да оқушының виртуалды кеңiстiкте де бiлiм алуына жағдай жасау үшiн жұмыс iстеп келемiз.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мұғалім имиджін көтеру, оның жағымды бейнесін қалыптастыру және тұрақтандыру өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Мемлекет тарапынан мұғалім мәртебесін арттыруға қатысты көптеген шаралар атқарылып жатқанымен, оны дамыту мен жетілдіру педагогтік қауымдастықтың үлесінде екендігі сөзсіз. Сол себепті мұғалім мәртебесін көтеру үшін ең алдымен мұғалім имиджін қалыптастыру шараларын жоспарлау, оның нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында озат педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, тарату және насихаттау жұмыстарын күшейту қажет. Мұғалім бейнесінің кәсіби сипаты мен қызметінің қажеттілігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты қамтамасыз ету, халықаралық баспа беттерінде жарияланымдар жасау қызметтерін жүйелеу жұмыстары аса маңызды. Электронды оқулықтарды, ақпараттық технологияны  пайдалану заманның талабы екенін ұмытпауымыз тиіс.  Электрондық оқыту жүйесі ең алдымен оқытушы мен оқушыға үлкен еркіндік береді. Бұл екеуінің де тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы. Тұлға болып қалыптасуына қолайлы. Тұлға деген өз-өзіне нақты мақсат қойып, өздігінен жүйелі әрекет ете алатын, өз тірлігіне өзі жауап бере алатын адам. Тұлға деген адами да, кәсіби де деңгейі өте жоғары, толыққанды өмір сүретін адам.Қысқасын айтқанда, цифрландырудың сиқырлы әлеміне ену жөніндегі Қазақстанның қазіргі ынта-жігері және ұмтылысы көптеген бағалаулар бойынша жаман емес. Дегенмен қол жеткенге тоқмейілсудің ешбір реті жоқ. Керісінше, үдерісті одан әрі үдете түсу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мен әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтейтін ел қалыпты өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса, біз артта қаламыз және алда келе жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Пайданың, өнімділіктің және капиталдандырудың күрт артуы – мәселе осында. Цифрлы экономика осыны береді», деп ескертті. Демек, тәуелсіз еліміз болып, Үкіметіміз болып, алға қарай талпынған жастарымыз болып, заманның қайда, қалай бет алғандығын ұқтық, осы жолда басты бәйгеге тіктік. Өйткені стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру тұрғысынан алғанда әлемде бейбіт және бәсекелестік жағдайда дамудың бұдан ауқымды басқадай басты бағыты да жоқ. Халықтар мен елдер және олардың дәстүрі әртүрлі болғанымен, прогрестің бағыты – біреу және ол айқындалып отыр. Цифрландыру қазіргі әлеуметтік-экономикалық салалардың барлығына ортақ. Демек  алдағы бес-он жылдың ішінде әлемнің барлық елдері осы жолға түсетін болады.

Kahoot (getkahoot.com)Ең күшті құралдардың бірі ретінде, әрине, Kahoot (getkahoot.com) онлайн-сервисін айтуға болады. Оның сайты www.getkahoot.com. Kahoot – мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис. Ол компьютерлер, планшеттер, ұялы телефондар және басқа құрылғыларарқылы орындауға болатын тестілерді, сұрақ-жауаптарды, бөлім бойынша жиынтық бағалауды, қалыптастырушы бағалау жасауға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындағаннан кейін сервис тестіге әрбір қатысушы бойынша есепті көрсетеді, оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтауға және олармен кейінгі жұмысты жоспарлау үшін осы есепті пайдалануға болады.

LearningApps.org LearningApps.org. — бұл оқыту үдерісін интерактивті модульдер көмегімен қолдау қосымшасы (қосымшалар, жаттығулар). Аталмыш онлайн-сервис осындай модульдерді құрастырып, оларды сақтап, пайдалануға, педагогтар арасында  оларды еркін бөлісуге, оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға (сонымен қатар, жаңа модульдер құруға) мүмкіндік береді. LearningApps.org.- түрлі күрделі деңгейдегі интерактивті тапсырмалар құрастыратын қосымша: викториналар, кроссвордтар, пазлдар және ойындар, меңгерілуі айтарлықтай қиын емес. LearningApps.org.-та өздігінен жұмыс жасауға болады — тапсырмаларды құрастыра отырып және  мұғалімнің тапсырмасы бойынша да — оның дайындаған тапсырмаларын орындауға болады,  орындалған тапсырмалар нәтижелері мұғалімнің аккаунтында көрінеді. Сервис өз бетінше меңгеру үшін айтарлықтай қарапайым.

Plickers.comБұл бағдарламада білім алушылардың сұрақ карталарынан QR-кодтарды оқу үшін оқытушының планшетін немесе телефоны пайдаланылады. Әрбір білім алушының өзінің карточкасы болады, ол төрт түрлі жауаптар беретін айналмалы болады. Қосымшада топтың тізімі жасалады және білім алушыны қалай жауап бергені анықталады. Plickers бағдарламасы жауап диаграммасын құрастырады және диаграмма арқылы топтың білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.