Чернобыль апаты — Тарих

0

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.


 

Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.

«Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды

Чернобыль атом электр станция­сын­дағы апатқа бүгін, сәуірдің 26-сы кү­ні 25 жыл толады. Бұл — келтірген зала­лы мен салдары жөнінен ХХ ғасырда­ғы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электр станциясында­ғы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құ­ра­мын­дағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апа­­ты­­ның зардабын жоюшылардың бә­рі­не әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмі­рін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, кө­мек көрсетті. Чернобыль апаты күл­лі адамзаттың қасіретіне айналды. Он­да қазір радиация деңгейі төмендеген­мен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпын­да қалып отыр.

Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Апаттың ізін суытпай жасалған және одан кейінгі жылдары жүзеге асырылған төтенше шығынды шараларға қарамастан Чернобыль атом электростанциясы әлі күнге дейін Еуропаның кіндігіндегі әлеуетті қауіп ошағы болып қалуда. Алдағы уақытта да жаңашыл технологиялар негізінде осынау қатерді барынша азайту ісі — баршаға ортақ мүдде болып қала береді. Зардап шеккен аймақтар экологиялық инфрақұрылымның құлдырауымен, еңбек ресурстарының сыртқа кетуімен, демографиялық жағдайлармен байланысты аса күрделі проблемаларды бастарынан кешіруде. Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан кейінгі қоршаған ортаның ахуалы халықтың өмір сүруін де шектеп отыр. Әсіресе, зардап шеккен аумақтарда тұрып жатқандардың, апат салдарын жоюға қатысқандардың денсаулықтары ерекше алаңдатуда. Зардап шеккен аймақтарды тұрақты дамыту және нақты экономикалық өркендету сияқты басты мақсаттар жаңа жобаларды, ғылыми негізделген шешімдерді, ауқымды материалдық шығындарды қажет етеді. Чернобыль апаты салдарының ауыр екендігін, оның әлі көптеген ұрпаққа әсер ететіндігін ұға отырып, апат салдарынан қаза болғандарға және денсаулықтарын жоғалтқандарға құрмет көрсете отырып, біз, яғни барша адамзат баласы апат салдарын барынша азайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!