Cауат ашу Бастауыш 1 сынып ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР) 3, 4 тоқсан

0

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-сынып) «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

Cауат ашу Бастауыш 1 сынып ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ЖҮКТЕУ

 

жиынтық бағалау сор соч бастауыш 1 сынып Cауат ашу тоқсандық, сор соч бастауыш 1 сынып Cауат ашу 1 2 3 4 токсан, жиынтық бағалау сор соч бастауыш 1 класс сынып тоқсан 1 2 3 4 токсан, жиынтык багалау сор соч Cауат ашу бастауыш 1 сынып Cауат ашу жауаптарымен, сор соч Cауат ашу 1 класс жиынтык багалау скачать бесплатно на казахском