Буын түрлері, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын

0

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері. Ашық буын
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежелерін дамыту.
3. Тәрбиелік: жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі: Сызба, плакат, улестірмелі қағаз. Әл Фарабидің суреті, тест, стиерлер маркер, «Даналық ағашы» өлең жолдары жазылған қима қағаздар.
Сабақтың әдісі: Проблемалық әдіс, түсіндіру, оқу, сұрақ — жауап, «Поле чудес» ойыны

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру, түгендеу.
Әке, ана, бала туралы өлең жолдары арқылы 3 топқа бөлемін.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Мәңгі жарық күн сыйлаған маған,
Бір адам бар — ол өзіңсің, анам!
Мейірімге бір өзіңнен қанам,
Жылуды да жүрегіңнен алам.
Айгөлек ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп!

б) оқушылардың психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау мақсатында тренинг өткізу. (оқушылар қол ұстасып тұрып, бір — біріне сәттілік, жақсы тілектер тілейді. Топта белсенділік танытып отырған оқушыларды жетондар арқылы бағалап отырамын. Қызыл жетон — бес, жасыл жетон — төрт, сары жетон — үш.
Сабақтың оқушыларға тақырыбы мен мақсат — міндеттерін айту. Бүгін сабақта мына кезеңдер бойынша жұмыс жүргіземіз.
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Кітап — досың, ақылшың.
3. «Кім тапқыр?» ойыны.
4. Біліміңді байқап көр.

I. Қайталау — оқу анасы.
А)(оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру үшін сикерлерде жазылған ережелердің аяқталмаған бөлімін алып әрі қарай аяқтайды.)
1. Дауысты дыбыс дегеніміз…..
2. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай…..
3. Жуан дауысты дыбыстырға….
4. Дауыссыз дыбыс дегеніміз…..
5. 1940 жылы қазақ алфавиті…..
6. Қазақтың төл дыбыстары…..

ә) Үйге берілген жаттығу жұмысын қалай орындағанын оқыту арқылы тексеремін.
б)«Поле чудес» ойыны арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.
Б У Ы Н. 1. Алфавиттегі 3 — әріп қандай әріп?
1. Алфавиттегі 26 — әріпті айт.
2. Алфавиттегі 37 — әріп қандай?
3. Әліпбидегі 18 — әріпті айт.
. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.
Буын
1. Ашық буын.
Қа — ла, да — ла,
Ата, ша — ға — ла.

2. Тұйық буын.
ұл, ұн, ант.

3. Бітеу буын.
дос — тық, жаз,
күз — дік, мал.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді.

II. Кітап – досың, ақылшың.
а) 302 — жаттығу.( жазбаша.)
Ашық, тұйық, бітеу буындарға бөліп жазу.
Мына сөздерді: ел, жер, көл, құс, жоқ, ер, бала, дана, ата, мал.
ә) Сергіту сәті. Топқа бөлген қима қағаздағы өлең шумақтарын айту арқылы сергіту сәтін жасатамын.
б) 303 — жаттығу.(ауызша) Оқушыларға оқытамын.
Күй құдіреті.
Топтастыру.
Әл Фараби жайлы суретін көрсетіп әңгімелеу.
Буын түрлері. Ашық буын жүктеу