Бұлшықет жиырылу биофизикасы слайд,презентация — Биология

0

 

Бұлшықет жиырылу биофизикасы слайд,презентация

І кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Жүрек-қан  тамырлар жүйесінің құрылысы және механикалық касиеттері
Бұлшықеттер құрылысы және  биомеханикасы
Бұлшықет жиырлуының механикалық моделі
Қорытынды
Бұлшықет жүйесінің электрлік моделі. Реографияның негізі.
Биологиялық тіндер: тері, бұлшық ет, қан тамырлар, тыныс алу жүйесі, жүрек клапандарының жапырақшасы және ішкі органдардың (өкпенін, мидың, сіңірдің) және т.б. бездерінің механикалық қасиеттері қатты тіндермен (сүйектер) салыстырғанда ерекше болады. Жұмсақ биологиялық тіндердің басты қасиеті — олардың аса үлкен шамада (200%-ге дейін) деформациялануы болады. Сонымен қатар олардың механикалық бастапқы және соңғы күйі, сығылғыштығы және ани-зотропиялығы бір-біріне өте үқсас келеді.
Жұмсақ биологиялық тіндердің құрылысына мынадай компоненттер кіреді: жасушалар, 1 — каллогендік талшықтар, 2 -эластиндік талшықтар, 3 — негізгі құрылым және жасушалар. Әр компоненттің механикалық, биологиялық және иммунологиялық қасиеттері олардың өздеріне тән ультра құрылымдарына тәуелді болады. Бірақ сумен әсерлесуі және сумен байланысты компоненттерінің қасиеттері ерекше. Осы биополимерлерді бес топқа бөлуге болады : (4) коллаген, (5) эластин, (6) гликозаминогликандар, (7) гликопротеиндер және (8) еритін протеиндер.
Байлам тіндерінің ішіндегі ең негізгісі — коллаген, оның құрылымдық пішіні әртүрлі. Коллагеннің ерекшелігі — ол спиральді полипептидті тізбектен спиральдық талшыққа дейінгі барлық деңгейдегі спираль құрайды. Механикалық жүктеме кеп болатын тіндердің негізгі функциясы үшін осындай құрылыс элементтердің бір-бірінің бетімен салыстырмалы сырғанауын шектейді. Коллаген элементтері — тропоколлаген молекулаларынан күралады. Олардын бастары мен үштары қосылып диаметрі 20—40 нм коллагендік фибриллаларды құрайды. Фибриллалардыңдиаметрлері тін мен сүтқоректілердіңтүрлеріне байланысты болады. Фибрилл шоқтары диаметрі 0,2-12 мкм арасындағы талшықтар түзейді. Созылған кезде коллагендік талшықтар және олардың талшықтық құрылымдар шоғы, аз да болса деформацияланады. Кернеу мен деформация бір-бірімен сызықтық. емес байланыста бо-лады., Коллагендік тіндердің созылғандағы беріктігі 50-100 МПа болса, серпімділік модулі 1000 МПа болады. Бұл коллагендік тіндердіңаса берік болатындығын көрсетеді. 

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!