Бұлшықет физиологиясы слайд,презентация — Биология
Бұлшықет физиологиясы слайд,презентация
Бұлшықет тінінің түрлері:
1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
3. Бірыңғай салалы бұлшықет.
Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:
— адам дене қалпын сақтауға қатысады;
— дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
— дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;
— жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі;
3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;
5. Автоматия — бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.
6. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
-көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм — 5-10см/сек.