Бұлақ көрсең,көзін аш балабақшадағы ашық сабақтар

0
217

Сабақтың тақырыбы;  Бұлақ көрсең ,көзін аш
Сабақтың мақсаты; Білімділік: Өтілген тақырыптан  қайталау. 
                                                         Білімдерін  бекіту
                                 Дамытушылық: Тілдік қорларын дамыту, ойын, қиялын              
                                                               дамыту
                                 Тәрбиелік:  Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.         
                                                      Табиғатты қорғауға баулу
Сабақтың түрі:  көрнекілік, көрсету, әңгімелеу
Көрнекіліктер:  тау макеті, өзен , ағаштар, барыс, балық, үйрек
 Сабақ барысы:
 Ұйымдастыру:  
         Есік қағылады. Барыс кіреді. Барыспен сәлемдесу. 
Тәрбиеші: Бізге қонаққа барыс келіп қалыпты. Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
Барыс: Мен балалардан көмек сұрай келдім. Ормандағы өзенді тастар бітеп қалыпты. Содан аңдар су іше алмай, ағаштар , шөптер қурай бастады. Сол өзеннің көзін ашса су ағады екен.
Тәрбиеші:  Балалар, барысқа көмектесеміз бе? 
-Иә
Ендеше барыс отырып дем алсын. Біз бұлақтың көзін ашайық.
Мына тастар шынымен де ауыр екен. Мұнда не жазылған , соны оқиық.
1 Көршісін тап. Сонда тас алынады.
Қане , балалар мыналардың көршісін табайық. ( Берілген суреттер бойынша сандардың  көршісін табады) 
Көршісін тауып біттік, енді тасты аламыз.
2 Есептер шығар
1 Көлдегі балықтарды тап.
2 Үйректер қанша
3 Кім тез санайды.
3 Сөз оқы , дыбыстық талдау жаса.
Тәрбиеші: Қане балалар біраз шаршап кеттік . Дем алайық. 
4 Сергіту сәті. «Қамшы өру»
5 Әдемі құрақ құра 
6 Жыл мезгілдерін белгіле.
7 Ән айтып, би билесін.

Әрбір тапсырманы орындаған сайын ,тастар алынады.

Тәрбиеші: Барыс міне өзеннен су да ақты. Енді шөлдемейтін боласыңдар.
 Барыс : Балалар, барлықтарыңа рахмет. Сондай өнерлі, білімді балалар екенсіңдер. Менің сендерге әкелген сыйлығым бар соны берейін, деп барыс балаларға сыйлықтар береді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!