Бұлақ көрсең,көзін аш балабақшадағы ашық сабақтар
Сабақтың тақырыбы; Бұлақ көрсең ,көзін аш
Сабақтың мақсаты; Білімділік: Өтілген тақырыптан қайталау.
Білімдерін бекіту
Дамытушылық: Тілдік қорларын дамыту, ойын, қиялын
дамыту
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғатты қорғауға баулу
Сабақтың түрі: көрнекілік, көрсету, әңгімелеу
Көрнекіліктер: тау макеті, өзен , ағаштар, барыс, балық, үйрек
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру:
Есік қағылады. Барыс кіреді. Барыспен сәлемдесу.
Тәрбиеші: Бізге қонаққа барыс келіп қалыпты. Сіз мұнда не істеп жүрсіз?
Барыс: Мен балалардан көмек сұрай келдім. Ормандағы өзенді тастар бітеп қалыпты. Содан аңдар су іше алмай, ағаштар , шөптер қурай бастады. Сол өзеннің көзін ашса су ағады екен.
Тәрбиеші: Балалар, барысқа көмектесеміз бе?
-Иә
Ендеше барыс отырып дем алсын. Біз бұлақтың көзін ашайық.
Мына тастар шынымен де ауыр екен. Мұнда не жазылған , соны оқиық.
1 Көршісін тап. Сонда тас алынады.
Қане , балалар мыналардың көршісін табайық. ( Берілген суреттер бойынша сандардың көршісін табады)
Көршісін тауып біттік, енді тасты аламыз.
2 Есептер шығар
1 Көлдегі балықтарды тап.
2 Үйректер қанша
3 Кім тез санайды.
3 Сөз оқы , дыбыстық талдау жаса.
Тәрбиеші: Қане балалар біраз шаршап кеттік . Дем алайық.
4 Сергіту сәті. «Қамшы өру»
5 Әдемі құрақ құра
6 Жыл мезгілдерін белгіле.
7 Ән айтып, би билесін.
Әрбір тапсырманы орындаған сайын ,тастар алынады.
Тәрбиеші: Барыс міне өзеннен су да ақты. Енді шөлдемейтін боласыңдар.
Барыс : Балалар, барлықтарыңа рахмет. Сондай өнерлі, білімді балалар екенсіңдер. Менің сендерге әкелген сыйлығым бар соны берейін, деп барыс балаларға сыйлықтар береді.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!