Бүл өте тиімсіз, өйкені протеин азықтың өте қымбат және аса қажетті бөлігі

0
КіріспеЖұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында ет өндіру ауылшаруашылығының дағдылы, басымдылығы зор бірден бір негізгі бағыты болып есептелінеді. Адамзаттың алдында түрған маңызды мәселелердің бірі — азық түлік өнімдерін өндіру молайту өдістерін іздеп табу болып табылады. Жер шарының өсіп келе жатқан халқын азық түлікпен қамтамассыз ету үшіғ оны өндіруді жыл сайын 2,25% пайызға жоғарылату қажет екен. Олардың соңғы уақыттардағы орташа жылдық өсімі 1% пайыздан аспайды. Бүл мәліметтер егістік жерлермен мал шаруашылығының өнімдерінің өндіру қарқынының халық өсіміне карағанда төмендігін айғақтайды. Сондықтан жер шарының 23 жуық халықы аш қүрсақ халде өмір сүреді. Өте өткір мәселенің бірі ақуызды азықтардың жетіспеуі, эсіресе мал өнімдерінен алынатын. Азық қүрамында мал өнімдерінің өте аз болуы, ақуыз қатшылығына алып келеді, бұл өз кезегінде балалар өлімінің артуыны себепші болады.
Мал өнімінен алынатын ақуыздың негізгі көзі ет, сүт, жүмыртқа жэне балық болып табылады. Ет және ет өнімдерінің құрамында адамға қажетті ақ уыздардың тең жартысы сақталған, сонымен қатар оның өмір сүруіне керекті майлар, көмірсулары, гормондар және басқа биологиялық белсенділігі күшті заттар бар. Ет — көптеген темір, мырыш және селен сяқты микроэлементердіңде ең жақсы жабдықтаушысы. Көптеген зерттеуші авторлардың айтуынша, ағзаға 30% пайызға жуық темір ет және ет өнімдерінің арқасында түседі. Бұл азықтар ағзаның аз бөлігін мырышпен және жеңіл желпі иод пен қамтамассыз етеді
Ет өнер кәсібіндегі кездесетін мэселелрді шешу ішкі нарықты отандық өндірісте дайындалған еттің көптеген түрлеріменен толықтыру үшін қолданыстағы кәсіпопыындардың жүмыс тиімділігін жоғарылату, сапасьш жақсартып бәсекелестігін артыру, жоғары технологиялы орындарды көбірек ашу, шетелдерге шамалас өнім өндіру, жаңа жүмыс орындарын жасау қажет.
Нарықтық экономика жағдайында, өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің бәсекелестігі, ең алдыңғы меже болып тұрғанда ғылымға дэйектелген жаңа алдыңғы дәрежелі технологияны жасау, ендіру, сала ісін жүргізуде қой етін, жүн жэне қозы етін алу үшін, қойдың толық биологиялық мүмкіндігін пайдалану кезек күттірмейтін мэселе. Сондықтан қой етін жэне қозы етін өндіру кезінде, қозылар мен жас қошқарларды олардың жас ағзасының өсу қуаттылығына толық пайдалануға негізделген жайып семірту және бордақылаудың қарқындылығын артырудың мағанасы зор.
Азықтандырудың қолайлы жағдайын жасау жэне өсіру кезіндегі күтімі, жайып семіртумен бордақылауға жүмсалатын азықты, жүмыс күшін неғүрлым үнемдеуді қамтамассыз етеді жэне өндірістің тиімділігін жоғарылатады. Қазақстан Республикасында оның кеңбайтақ жері мен табиғи климаттылық жағдайының алуан түрлілігі экономикалық және басқа
себептерге байланысты қарқынды технология жергілікті жағдай мен қораларды терең білуге қүрылғаны жөн.
Бүрын қойларды қарқынды өсіруден жоғарғы нэтижелер механикаландырылған ірі кешендерде, бордақылау алаңдарында жүргізілді қазір бұлардың барлығы дерлік тарап кеткен. Осыған байланысты қойларды етке дайындау мэселесін шешу үшін барлық шаруашылық түрлерінде қолдануға жарайтын зертеу бағытын көрсетуге үлкен ғылыми қызығушылық пайда болды.
Оңтүстік Қазақстанда негізгі ет өндіру көзі ірі қара мен қой шаруашылығы болып табылады. Мал шарауашылғының бұл саласында әлі күнге шейін мал шарушылығы өндірісінде мешеу технология басым. Осының салдарынан нарыққа 20-25% жуық қойлар арық болмаса қоңдылығы орташадан төмен жағдайда түседі, сондықтан шаруашылық түрлері тиісті экономикалық нәтижелер ала алмайды. Ірі қара мен қойлар бордақылынытын бүрынғы істеп тұрған ліаруашылықтар бордақылау кешендері және алаңдары негізінен жойылған. Бұл жағдайларды етке біраз мөлшерде арық жэне орташа қоңдылықтан төмен малдар өткізіледі. Қойларды жайып семіртуге арналған жүмыстар өте аз. Қой еті өндірісін жоғарылатудың бүл арзан эдісінің технологиялық тэсілдері толық жасалмаған және қойларды етке дайындаудың бүл әдісі, төменгі салмақтағы қойларды кейінгі қорытынды қосымша бордақылаумен байланыстырылмаған. Бүндай жағдайда қойларды етке дайындау әдістерінің қарқындылығын жетілдіру, жоғары сапалы қозы еті мен қой етін өндіру жүмыстарында ең өзекті мэселе болып табылады.
Қазіргі уақытта экологиялық таза өнім өндіру күрделі мэселе болып отыр, сондықтан :ал ағзасына улы металлдар, хош иісті қоспалар, пестицидттер, ауа болмаса азық арқылы түспеуін болдырмаудың және өндірілген етте осы заттардың болыуын анықтау маңызды мәселе болып түр.
Зерттеудің мақсаты — Оңтүстік Қазақстан обылысы жағдайында биязы жүнді әр түрлі жасты — жынысты қойларды жайып семірту және бордақылау барысында өт өнімінің өзгерістерін, өндірілген қой етінің экологиялық тазалығын анықтау және оларды етке дайындаудың технологиясы тиімділігін жоғарылату.
Зерттеудің міндеттері:
биязы жүнді жас қошқарларды және қозыларды жайып семірту кезіндегі, өсу ерекшіліктері және сойыс өнімдерінің өзгерістерін анықтау;
жайылымда бағып семірту барысындағы еттілікті қалыптастыратын ұлпалардың және қозы, жас қой еттерінің сапасының өзгерістерін зерттеу;
жас қошқарларды және қозыларды жайылымда жайып семірткенде өндірілген еттің экологиялық тазалығы;
қозыларды күзгі жэне қысқы бордақылау кезіндегі өсуін, ет өнімдерінің өзгерістерін анықтау;
бордақылау кезіндегі өндірілген қозы етінің сапасын және экологиялық тазалығын зерттеу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан жағдайында алғашқы рет салмағы және қоңдылығы төмен биязы жүнді қозылар, жас қошқарларды және жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды тау етегіндегі, таудағы жайылымдарда, егіс аңыздарын, көп жылдық екпелі шөптердщ екпелерінде жайып семірту және жергілікті және дәстүрлі емес азықтарды барынша пайдаланып бордақылау кездерінде ет өнімділігінің жэне сапасының өзгерістерін зерттеу негізінде жоғары сапалы қозы жэне қой етін өндірудің әдістер жиынтығының жетілген тэсілдері жасалынды. Жайылымдағы және бордақылау кезінде қолданылған шөптерде, жемдерде және қозы, қой етінде қауіпсіздік көрсеткіштері зерттеліп өндірілген еттің экологиялық тазалығы анықталды.
Зерттеудің өндірістегі құндылығы және зерттеу нәтижелерінің іске асуы. Жас қой етімен қозы етінің өзіндік қүнын түсіріп, сапасын жақсартатын, өндірісті жоғарылатуға ықпал ететін, әдеттен тыс және жоғары ақуызы, жергілікті азықтарды барынша пайдалнып, Оңтүстік Қазастан жағдайында биязы жүнді қойлар қозыларымен жас еркек қошқарлардың жэне жарам сыздыққа шығарылған кэрі саулықтардың бордақылау технологиясы тэсілдері жетілдірілді жэне өндірілген қозы және қой етінің экологиялық тазалығын анықтау зерттеудің өндірістік құндылығы болып саналады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы компьютерлік текспен 55 бетте терілген, кіріспеден, әдебиеттерге шолу, тұжырымдардан, қорытындыдан, өндіріске ұсынылған ұсыныстардан, 8 кесте, 1 сурет, пайдаланылған 45 ғылыми еңбектер тізбесінен тұрады.

1 Әдебиеттерге шолу

Қазакстан Республикасында қой шаруашылығы мал шаруашылығының жетекші саласы болып табылады және оның дамуы халықтың қажеттілігін канағаттандыратын азық (қой еті), ал өнеркәсіпті (жүн, тері және елтірі) шикізаттарының үздіксіз қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Қазіргі нарықтық қатынасқа өту жағдайында қой шаруашылығы дамуыың негізгі ерекшеліктері, жұмыс өнімділігін көбейту, саланың тиімділік деңгейін тексеру,өзіндік қүнын түсіру кезек күтірмейтін мәселе болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында қой шаруашылығын жеделдете әркендетудің негізгі жолы, жоғары сапалы қой өнімдерін өндіруді молайту. Кой шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттыру, бәсекелестігін — етеру, халық шаруашылығындағы маңызының артуы қой өнімдерінің өсуі мен ласының жоғарылауына тікелей байланысты
Бүл мәселенің шешімі қой селекциясы табыстарымен анықталады, сонымен қатар осы салада алдыңғы қатарлы технологияларды қолданумен жүргізіледі, жоғары сапалы қой өнімдерін алу үшін қойдың биологиялық мүмкіндігін толық және жан-жақты пайдалануды қамтамасыз ету керек.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында малдың денесінің өсуін, өтелуін және еттің қалыптасуын, еттің сапасының өзгеру ерекшеліктерін, қойды жеделдете өсіру кезінде олардағы (қозылар, жас еркек тылар жарамсыздыққа шығарылған қойлардың) ет мөлшерін, жайып семірту және бордақылауды зерттеп біліудің қажеттілігі туындайды, бұл саладағы озық технологияны жетілдіруге, өнімді жоғарылату мақсатында қүнды түсіруге қой етінің сапсының жақсартылуына мүмкіндік береді.
Қой етінің сапасының жақсаруын меңгеру, сүйектер мен май, шөөгінділерінің ара қатынасын, ағзаның жекелеген жүйелерінің, жэне керек десеңіз жекелеген бүлшық еттердің өсу ерекшеліктерін, азықтандыру
жағдайын терең зертегенде ғана малдың даму жолдарын толық меңгере аламыз.
Осыған байланысты үлпанының өсу заңдылықтарын білу, эсіресе азықтық түрғыдан қарағанда үшаның ең күнды бөлігі болып саналатын қаңқа бұлшық еттерінің өсуін және майдың денеге жиналу жағдайын зерттеу, малдың ет өнімдерін жоғарылату ісінде мол нэтижеге қол жеткізуге мүмкіндік еді. Өндірілген еттің тамақ ретінде пайдаланылуының мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайындағы қауіпсіздігіне үлкен мән беріледі, өйткені неркэсіп қалдықтары, кейбір синтетикалық жэне химиялык заттар, өте жоғарғы улы металдар (қорғасын, кадмий, сынап, күшәлә). радионуклейдтер, тицидтер ауа арқылы, жем, су, сонымен қатар биологиялық ластаушылар аркылы мал ағзасына кіреді жэне онда көп мөлшерге шейін жиналады, содан соң мал өніміне өтіп, адам өміріне үлкен қауіп катер туғызады. Осыған байланысты бүл заттардың мал ағзасына өтуінің алдын алу экологиялық таза өнім өндіруге жағдай жасайды.

0.1 Қой етін шет елдерде және Қазақстан Республикасында өндіру

ФАО — ның берген мэлеметі бойынша дүние жүзілік ет өндіруде, қой етінің үлесі 236-541 мың т, яғни 3,2% құрайды немесе 7569 мың тонна.
Дүние жүзінде жан басына шаққанда ФАО мэлімдемесі бойынша орта есеппен бір басқа шаққанда 1,2 кг, қой еті өндіріледі ал мемлекеттер әлемінде бүл көрсеткіштер бойынша күрт өзгерістер бар, мысалы Австралияда қой еті жан басына шаққанда 251,5 кг, Жаңа Зеландияда — 149,5 кг, ал Индияда — 0,3 кг, АҚШ — 0,4 кг, Алманияда — 0,5 кг.
Қой шаруашылығын жүргізудің әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, оны жеделдете дамытқанда, қой етінің өндірісі жоғарылап, сапасы жақсаруы үшін жайылымда жайып семірту мен бордақылау және қозыларды етке туылған жылы тапсырудың есебінен болғанының артықшылығы зор.
Жыл сайын Алманияда 1,2 млн бас қозы сояды. Жаңа Зеландияда қойдың жалпы, тапсырылатын 30-32 млн санынан, 5-8 айлық жастағы қозылар 20-22 млн, қүрайды яғни 65-70%. Болгарияда жалпы өндірілетін қой етінің 80% жуығы қозы етінің еншісіне тиеді, ал Америка Қүрама Штататтарда етке сойылатын қой басының 93% бір жасқа дейінгілер. Англияда барлық өндірілетін қой етінің 84% қозының еті болып табылады. Болгария, Румыния, Алманияда 30-40 мың бас 2-3 айлық, тірілей салмағы 15-17 кі қозыларды бір мезгілде бордақылауға қоюға арналған ірі мамандандырылған бордақылау алаңдары салынған, ал тірілей салмағы 30-32 кг жеткеннен соң олардың қозы жүнін қырқып алып етке өткізеді.
Қазақстан Республикасында жыл сайын мың тонна қой еті өндіріледі және қой етінің үлесі жалпы өндірілетін еттің 20% қүрайды.
Соңғы уақыттарда ТМД мен шет елдерде ет өндіру үшін қойларды пайдалану мен үйымдастыру эдістері біршама өзгерістерге ұшырады, соның ішінде Қазақстанда ірі көлемде қозыларды етке өткізуіді туылған жылы жүзеге асыруды қолға ала бастады, бүл жағдайың еттің сапсының жақсаруы мен ет өнімділігінің көтерілуіне жасайтын ықпалы талассыз. Ет өндіру кезінде оның сапсының жақсаруын оилау қажет. Союға жақсы дайындалған жас малдың еті, сапалық көрсеткішінің жыйынтығы бойынша, сақа қойлардың етіне қарағанда өте жақсы, ол жүмсақ, дәмді, сіңірілуі жеңіл, өте жақсы диеталық тағам болып табылады. Қазақстан Республикасындағы етке сойылатын малдың (70% дан астамын) 12 айға дейінгі қозылар мен 12 айдан 18 айға дейінгі жас еркек қошқарлар қүрайды. Бірақта тапсырылатын қозылардың 20-25% табиғи жайылымдарда жайып семірткендіктен қоңдылығы төмен және арық дәрежеге жатады.
Еттің 30% жақын мөлшерін кәрі жэне жарамсыздыққа шығарылған қойлар қүрайды, олардың да табиғи жайылымға жайып баққаннан кейін 25-30% жуығы ортадан төмен және арық қоңдылыққа жатады. Жарамсыздыққа шығарылған қой басын, жас еркек тоқтыларды және қозыларды тиісті дайындықсыз (жайып семірту және бордақылау) етке сату шаруашылыққа айтарлықтай пайда экелмейді, экомикалық түрғыдан тиімсіз. Осыған байланысты жоғары сапалы ет алу, қойдың ет өнімділігі жөнінен генетикалық мүмкіндігін пайдалана отырып, биязы жүнді жэне басқа түқымды қойлардан жоғары сапалы қозы етін және қой етін тек жеделдете өсіру технологиясын пайдаланғанда, яғни қозыларды, жас еркек қошқарларды және жарамсыздыққа шығарылған қойларды жеделдете жайып семірту мен бордақылағанда ғана мүмкін болады.

0.2 Қойларды жайып семірту, бордақылау және ет өнімділігі

Малдың ет өнімін қалыптастыратын қозғаушы күш бағалы азықтармен азықтандыру болып табылады. Ауыл шаруашылығы малдарының жетілуі мен өсуіне азықтандырудың жасайтын ықпалы туралы А.М.Миддендорф жэне А.П.Чирвинский өз еңбектерінде атап өтті. А.М.Миддендорфтың [1] жүмысында көрсетілгендей, малдың денесінің жекелеген бөліктерінің өсуі бір келкі емес, мол жэне толық бағалы азықтандыру малдың денесінің үлкейуіне ғана әсер етіп қоймай, дене пропорциясының жақсаруына да әсерін тигізеді.
А.П.Чирвинский [2] жазуынша, ағыл тегіл болмаса мардымсыз азықтандыру ағзаның қялыптасуына әсер ететін маңызды себептер.
Малдарды енді пісіп жетілетін жас кезінде жеткіліксіз түрде азықтандырса, денесінің барлық бөлігі біркелкі дэрежеде өсуден қалып, бүл жағдай мүшелермен ұлпаладың жедел өсуіне кері әсерін тигізеді.
А.П.Чирвинскийдің [3] зерттеулері, А.А.Малигоновтың [4], Дж. Хэммонд [5], Д.Л Левантиннің [6] және басқа ғалымдардың жүмыстарында дамытылды.
Зерттеушілердің көрсетуі бойынша, азықтандырудың өзгешелігі, мал денесінің дамуын тек қана жылдамдатып, болмаса баяулатып қоймай, сонымен қатар малдың сыртқы тулғасын дененің жекелеген бөлігінің ара қатынасын өзгертеді Ол тағыда азықтың молдығы мал денсінің жетілуін жылдамдатады және бұл жылдамдықта да жекелеген мүшелер мен үлпалардың өсу деңгейі біркелкі еместігін атап көрсетеді.
Мал ет өнімдерін алу үшін қарқынды азықтандыру түрлерін үйымдастыру қажет, жекелеген аймақтардың табиғи және шаруашылық ерекшеліктерін сонымен қатар жұмсалатан азық қүрамын есепке ала отырып ұйымдастыру керек.
Д.Л.Левантиннің [7] анықтауы бойынша жеткіліксіз азықтандырғанда тірі салмағы азайып қана қоймай, малдың ет өнімі күрт төмендейді, сонымен қатар бүлшық ет пен май үлпаларының өсуі, сүйек және тірі салмаққа қарағанда көп мөлшерде баяулайды.
Азықтың тапшылығы малдың жетілуін тежейді, бүлшық ет үлпаларының өсуі, ағзадағы май шөгінділері күрт төмендейді, сонымен қатар жеуге жарамсыз үлпалар мен қүнсыз өсінділер шығымы көтеріледі, ал жеделдете азықтандырғанда ағзаның жетілуі жылдамдап, ет жылдам пісіп жетіледі малдың жас кезінде ұлпалардың жақсы қатынасы арқасында жоғары сапалы мол ет шығымын алуға мүмкіндік туады. Азықтың жақсартылуы бұлшықеттердің өсу белсенділігін күрт артырады. Мал өмір сүруінің бірінші жылында жақсылап азықтандырудың маңызы зор, өйткені бүлшық еттің өсуі осы кезде жеделдете дамиды.
Қазақстан Республикасында қой шаруашылығын қалыптасқан технология бойынша жүргізу қора жайларға табиғатың-климаттық жағдайына, өте үлкен шөл және шөлейт және таулы жерлердегі жайылым жағдайына және қойдан өндірілетін азық түрлерінің тиімділігіне негізделген.
Қазақстан Республикасындай өте үлкен жайылымдық жерлері бар (180 млн. га. жоғары) мемлекетте қой етінің сапсын жақсартумен өнімділігін-молайту үшін ең көбірек таралған, сонымен қатар өте арзан жэне тиімді эдіс қойларды жайып семірту болып табылады. Табиғи жайылымдармен шабындықтарды кең көлемде паидалану, қойлардың орташа тэуліктік өсімін артыруға, тірілей салмағын көтеруге, қоңдылығын жоғарылатуға жәрдемін тигізеді.
Барлық жастағы қоч үшін мейлінше арзан және қүнды азық, табиғи жәке екпе жайылымдардағы көк балауса шөп, мәдени көк балауса болып табылады, сонымен қатар жайылым шөбінің жоғары құндылығы, теңестірілген минералды қосымша азық, мезгілімен суару, жайылымды уақтылы ауыстырып үқыпты пайдалану, қой еті өнімінің тез көтерілуіне жэне қой етінің сапасының жақсаруына ықпал жасайды. Бүл кезде қора жайды тазалауға, жинауға, жем шөпті тасуға кететін шығын болмайды. Қойды жайып семіртуді бүкіл жайылым уақытында жүргізуге болады, әсіресе көктеммен, жаз айларындығы қойды жайып семірту тиімді, бүл уақытта пайдаланылатын азықтың негізін көк шөп қүрайтындықтан, оның қүрамы протеинге бай, биологиялық қүндылығы жоғары, минералды заттармен, дәрумендермен, әсіресе каротинмен мсл қамтамассыз етілген. Қойдың жазғы және күзгі жайып семіртуі кезінде де шаруашылық жақсы нәтижеге қол жеткізеді, бүл кезде жайылым үшін табиғи жайылымдарды көп жылдық мәдени, жэне жинап алғаннан кейінгі дәнді дақылдардың аңызы, екпелі көп жылдық шөп, орылған жүгері орынын пайдалануға болады. Сонымен қатар атап өтетін жағдай шөптің құрамындағы қоректік заттар түрлік қүрамына байланысты көбінесе тез өзгерістерге үшырап отырады, өсімдіктердің өсіп өну жэне даму кезеңдерін білгендіктен олардың қүрамында қоректік заттардың мол болатын уақытында азықтандырудың пайдасы зор, жайып семіртудің ұзақтығы малдың жасы мен қоңдылығына байланысты болады, ж йылымдық азықтың сапалық құрамымен, жүргізілген жайып семіртудің қарқындылығында ескеру керек.
Қоректік заттардың жақсы сіңірілуі және жайылым шөбінің жоғары қоректілігі қойдың тірілей салмағының көтерілуін қамтамассыз етеді, жэне сапасын жоғарылатады.Кейбір жағдайларда малға қажетті қоректік заттардың табиғи жайылымдарда қанағаттадырғысыз болуы салдарынан болмаса жыл мезгілдеріне байланысты, немесе арнайы екпелі жайылымдардың болмауына байланысты, жаз жэне күз айларында қосымша құнарлы жемдер беріп қажетті жоғары қоңдылыққа жеткізу мүмкіндігін пайдалану қажет.
Ш.Н.Зарпуллаев, А.Е.Исагулов [8] мэлеметі бойынша, қырқымнан кейін қазақтың биязы жүнді рте жетілген жас қошқарларын негізінен таулы жэкетау етегіндегі жайылымга қосымша әр басқа тэулігіне 0,2 — 0,3 кг қүнарлы жем беріп 90 күндік жайып семіртуге қойғанда, тірілей салмақтың өсімі негізінен ұшаның өсуі есебінен (10,5 кг) жүрді. Жазғы жайып бағып семірту кезінде жас, қошқарлардың үшасының салмақ өсімі негізінен бүлшық етпен (3,72 кг), майдың (2,04 кг) өсімі есебінен, аз мөлшерде үшаның сүйек қаңқасының өсуі есебінен болды (1,02 кг).
С.И.Қаналиев [9] цигай қойын жайылымда шөпте жайып семірткен (бір жасар ісектер, жарамсыздыққа шығарылған саулықтар) жазғы-күзгі (тамыз-қазан) және көктемгі-жазғы (мамыр-маусым), жазғы-күзгі жайып семірту уақытында 60 күнде тірілей салмақтың өсімі қүнарлы жемсіз 1,2-1,3 кг болды, ал қосымша жемдегенле 2,5-3,3 кг тартты, ал көктемгі-жазғы жайылымда, тиісінше 11,7-16,9 кг жэне 14-20 кг, ал жайылымның соңында тірілей салмағы -тиісінше 41,3-46,3 кг, жэне 44,1-48,8 кг, 46,8-49,9 кг, жэне 51-54 кг, болды.
Жас малдың қарқынды өсуі көбірек өзгеріске шалдыққыш, сондықтан малға айтарлықтай жағдай жасай отырып, олардың жетілуін қалаған жаққа бағыттаудың мүмкідігі мол. Осыған байланысты енесінен ажырата салысымен жас қозылардың жақсы азықтануына жағдай жасау қажет. Қорада ұсталуымен’ азықтану жағдайының күрт өзгеуі олардың өсуі мен жетіліуіне кері эсер етпеуі үшін З.Г.Гребенюк, Э.А.Рагожинский, [10] В.А. Бледнов [11] жазуынша, сүт еміп жүрген биязы жүнді қозыларды сүт еміп жүрген кезеңінде қарқынды түрде өсірсе ,енесінен ажыратқанға шейін тірілей салмағын айтарлықтай үлкейтуге қол жеткізуге болады, ал онан кейінгі бордақылау тауарлық сапасы жоғары ет алуға жағдай туғызады.
Е.Ф.Чеботовтың [12] хабарлауынша, гемпшир жаңа түқымдық топтағы қозыларға 90 күндік жайып семірту кезінде қосымша қүнарлы жем бергенде (1 басқа тәулігіне 0,3 кг) олардың орташа тәуліктік тірілей салмағының өсуі 185 г болды. Етке тапсырылған кезде олар жоғарғы қоңдылықты иеленді. Осы қозылардан орташа салмағы 21,9 кг ірі ауыр үша алынды, ал шығымы 47,3% болды.
В.П.Зубков [13] мэлімдеуінше ставропол қой түқымы қозыларын енесінен. ажыратқан соң күздік бидайға жайып семірткенде, оларға қосымша тэулігіғе 300 г жүгері дәнін бергён. Жеті айлық жасында тоқтылардың тірілей салмағы 37,9 кг, ал үшасының салмағы — 15,3 кг жеткен.
А.З.Гребенюк [14] кавказ түқымы қозыларыненесінен ажырамаған кезінде жеделдете өсіру үшін 57 күндік жайып семірту жүргізді. Сонымен қатар күннің екінші жартысында қозылар жүгері егістігі орнымен табиғи жайылымда бағылды. Бүдан бөлек малдарға күнделікті бір басқа есептеп 0,3 кг қүнарлы жем берілді.Қозылардың тірілей салмағы жайып семірту уақытында 33,5 тен 40,9 кг, ға жоғарылады, орташа тәуліктік өсімі 130 г болды. Сойған кезінде үшаның орта салмағы 18 кг, ал іш майы-0,85 кг, сойыс салмағы- 18,8 кг сойыс шығымы-46,8%, жүмсақ еттің шығымы- 78,1% жэне сүйек үлесі бар болғаны 20,4% болды.
Ш.Н.Зарпуллаев Р.К.Палтуева [15] анықтағанындай, сүт қозыларды етке дайындаудағы тиімді шаралардың бірі, 1,5 ай қосымша қүнарлы жем (тэулігіне 0,55 кг.) беріп жайып семірту болып табылады, бүл орташа тірілей салмақ өсімін 200 г, ал етке тапсыратын салмақты 40 кг жеткізуге жағдай жасайды. 45 күн бойы жеделдете жайып семірткен уақытта қозы ұшасының салмағы 13,4 тен 19,3 кг, дейін немесе 1,4 есе өсті. Қозыларда өсуі тағамдық тұрғыдан неғүрлым құнды бұлшық еттердің жеделдете өсуінің (2,9 кг) және май тез шырлануы (2,3 кг) жэне аз мөлшерде ұшаның сүйек қаңқасы -0,7 кг есебінен болды.
Ш.М.Мусоевтің [16] мәлеметі бойынша тәжік тұқымы қозысына енесінен ажыраған уақытында қгсымша қүнарлы жем берсе қоректілігі жоғары жас қсй етін өндіруді 33 пайыздан 37% ға дейін өсіреді жэне 21,8 — 28,5% тиімділікті қамтамассыз етеді.
5 айлық қозыларға қоршалған екпелі жайылымда қосымша қүнарлы жем, беріп (бір басқа тәулігіне 0,35-0,45 кг )жайып семірту әдісін жүргізді. Жайып семірту кезінде абсолюттік және орташа тәуліктік өсімі тиісінше 9 кг және 180 г; ал бақылау тобы тек 3,9 кг және 78 г болды.
Т.А.Немчинова Б.А.Базарон [17] жазуынша, жайылымда 63- күн жайып семірту кезінде ісектермен жас еркек тоқтыларға қосымша тәулігіне 1 басқа 0,2 кг, сұлы бергенде орташа тәуліктік өсімі 100 — 114г болды . Сойған кезде ісектермен салыстырғагда жас еркек тоқтыларда жас ұшаның салмағы (1,1 кг-ға), ұшаның шығымы (2,3% ға) сойыс шығымы (2,5% ға) жоғары болды.
Жас еркек тоқтыларды жайып семірту 1995 жылдың 16- маусымнан 14-шілдеге шейін тау етегіндегі табиғи жайылымдарда жүргізілді, ал соңынан 16-тамызға дейін, тәулігіне 1 басқа 500 г, бүтін арпа беріп күздік бидай аңызына жайылды. 60 күндік жайып семірту кезінде жас еркек тоқтылардың жалпы жэне орташа тәуліктік салмағы тиісінше 11 кг және 183 г, сойылған кезінде қозыдан 17,7 кг түтастай ет алынды. Үшаның салмағының өсуі азықтық’ тұрғыдан қарағанда неғүрлым қүнды бұлшық еттердің (2,5кг) жэне аз мөлшерде ұшаның сүйек қаңқасының (0,7) есебінен жүргізіледі.
Қойды жайып семіртудің дүрыс ұйымдастырылуы өндірістің ұлғаюыньщ басты көзі болып табылады, қой етінің өзіндік қүнын түсіріп сапасын жақсартады. Ірі ісектер мен жас еркек тоқтыларды жайылым уақыты келгенде жайып семіртуді бастап жоғарғы қоңдылыққа жеткенше жалғастырады: жасына және басқа себептерге байланысты жарамсыздыққа шығарылған саулықтарды бөлек жайылым отары қылып іріктейді, ал енесінен ажыратылған қозыларды бірден өз алдына бөлек отар қүрып, оларды ең жақсы жайылымдарда бағады. Отардың санын болмаса қой тобын олардың тұқымына, жынысна, жасына сонымен қатар жайылым жағдайына,жердің ой шүқырына және су ішу жағдайына қарай анықтайды.
Оңтүстік қазақстан мериносы сақа ісектерінің тірілей салмағының өсуі, ақпанның екінші жартысынан басталады, бүл кезде қысқы кезең енді аяқталып жайылымда көк шөп пайда бола бастайды. Наурыз айында ол өседі, ал сәуір айында өз дәрежесіне жетеді. Келесі кезекте өсуі бәсеңдейді маусым айында азайып шегіне жетеді. Тэжірбиедегі ісектердің тірілей салмағының орташа тәуліктік ең үлкен өсімі сәуір айында байқалды (303-380 г), ал ең азы маусым айында (46-93 г). Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан обылысының жартылай шөлейіт және шөлді далалы аймақтарында қойды жайып семіртуді
жүргізу тиімсіз тірілей салмақтың өсуі маусым айында төмендейді, сондықтан авторлар бұдан кейінгі сақа ісектерді жайып семірту мақсатқа сай емес деп есептейді. Олар былай деп көрсетеді өткен жылғы еркек тоқтылардың біраз бөлігін жайып семіртуді тамыз айының ортасына шейін таулы жердеп жайылымда жүргізу қажет. Бұл жоғарғы тірілей салмақ өсімін алуды қамтамасыз етеді, малдың қоңдылығын көтеру шаруашылықтың экономикасына елеулі әсер етеді.
Отардағы 900 бас ісекті тэулік бойы 20- шілдеден 20- тамызға дейін қоршалған жоңышқа жайылымында үстап қосымша құнарлы жем берген (40 га жайылым әртүрлі 10 қораға бөлінген). Бақылау отарындағы малдарды бастырманың астында кәдімгі ақырлармен жасақталған жерде бордақылаған. Олардың жем шөп мәзірі бір басқа 0,2-0,5 кг, есептелген қүнарлы жемнен және майдаланған түрде жаңа орылған көк жоңышқадан түрған.
Ісектердің жайып семіртуге қойғандағы орта салмағы 35кг құраған, ал бордақылайтындардікі 34кг, алынғанда олардан кейін салмағы тиісінше 48,5 және 46,8 кг орташа тәуліктік тірілей салмағының өсімі 217 жэне 236 г болды. Барлық жайып семірткен жэне бордақыланған малдардың қоңдылығы жоғары жэне орта, үшаның орта салмағы тиісінше 20,9 және 18,8 кг, май -1,7 және 1,8%, сойыс шығымы -43,5 жэне 42,1% қүрады.
Жоғары сапалы қой етін өндіруді молайту жүмысында ғылымға негізделген қой бродақылауды үйымдастыруға болады, эсіресе жас қозылар мен жас еркек қошқарлар маңызды ет қорлары болып табылады, бүл эдіс малды етке дайындауда, қоңдылықтың, еттің салмақ шығымының, және ет өнімдерінің көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты қойларды бордақылағанда жақсы жабдықталған қора жайларда үстап, мейлінше жақсы азықтандыруға жағдай жасау, пайдаланылатын азықты көбірек үнемдеуге, өндіріс тиімділігін артыруға мүмкіндік береді. Сондықтан жергілікті жэне дэстүрлі емес азықтарды мейлінше көп пайдалану қажет.
Соңғы кездерде түтынушылар біршама майсыз, бұлшық ет талшықтары мен бүлшық ет арасына және ішіне біркелкі таралған майлы етті бағалайды, ал бүл талапқа жақсы бордақыланған жас малдардың еті сай келеді.
Қозылар мен жас еркек төқтылардың бордақылау мерзімінің үзаққа созылуы, дененің көп мөлшерде май жинауына алып келеді, бұл азық шығынын тірілей салмақ өсіміне шаққанда едэуір көбейтеді, ұзақ уақыт бойы 375 күнге созылған (20 кг нан 90 кг шейін) бордақылап өсіру кезінде, 1кг тірілей салмақ өсіміне жасы мен өсу мерзіміне байланысты азық жүмсалуы 6,6 дан 6,8 азықтық өлшемге көбейді, 20 кг нан 40 кг-ға, шейін 8,1 ден 9,9 азықтық өлшем, 50 ден 70 кг шейін және одан кейінгі 70 -тен 90 кг-ға, шейін үстағанда азықтық өлшем 11,9 дейін өсті. Осыған байланысты жеделдете өсіру кезінде қозыларды жайып семірту мен бордақылауды жас еркек тоқтылардың салмағы 40-50 кг жеткенге дейін жүргізген тиімді, не дегенде осы кезеңде май салмағының өсімі бұлшық ет өсімінен айтарлықтай басым болады.
Қойларды әсіресе қозыларды, жеделдете жайып семірту мен бордақылау, В.П.Гарин, А.И.Гайко және басқалар [18], М.Т.Гиоев [19], М.К.Кондаков, П.И.Кравченко [20], А.З.Гребенюк, Э.К.Рагожинский, А.Л.Ягелло [21], А.М.Ожигов [22], А.ААлыбаев [23], В.С.Зарытовский [24], А.Г.Племянниксв [25, 26, 27], А.Г.Племянников, Ш.Н.Зарпуллаев [28, 29, 30], С.Ш.Мырзабеков [31], О.С.Султанов [32], А.И.Ульянов, А.В.Рыжков [33, 34], Барсов В.В[35], Котенко П.Ф[36], Головацкий П.Н [37], Чамуха М.Д, Лущенко А.Е., Грибанова М.С [38] арылайды, және еттің сапасының жақсаруына алып келеді. Бүл жағдайда қозыларды жайып семірту мен бордақылаудың беретін пайдасы аса зор.
Жас еркек тоқтылармен қозылардың құрғақ азықты жақсы пайдалануға бейімділігі оларды өнеркәсіптік негізде өсіруге мүмкіндік береді.
Тэуелсіз Республикалар Одағында жэне шет елдерде қой бордақылау, оның ішінде қозылар мен жас еркек қошқарларды арнайы жабдықталған бордақылау алаңдарында бағу, тек өндірісті ғана көтеріп қоймай, қой етіігң сапасының жақсаруына да күшті ықпал етеді. Механикаландырылған бордақылау алаңдарында, жаңа технологияларды пайдалана отырып бордақыланған қойдың тірілей салмақ өсімі 20-30 % өсетінін жүргізілген зерттеулер көрсетті.
Қүрғақшылық болатын кездерде, жайылым азықтарының жетіспеушілігінен аналық қойдың сүттілігі төмендейді, жас қозылардың өсу барысы мен қоңдылығы күрт кемиді, бүндай жағдайларда, жас қозыларды енесінен ертерек ажыратып соңынан жеделдете өсіріп бордақылау тиімді болып саналады. Осылай еткенде олардың жеделдете өсуіне, жақсырақ азықтануына жағдай жасауға, жэне жоғары сапалы қозы етін алуға мүмкінд;к туады. О.С.Карпова [39], жэне Е.А.Ерохина [40] еңбектерінде қозылардың енесінен ажыратудың 3-3,5 айлық жасында іске асырылуының қажеттілігі, ал Л.С.Шелест [41], Юричкин М.В [42] және басқаларда 2-2,5 айлығында болатындығы дэлелденген.,
Г.А.Куц, И.У.Петровец, В.В.Соколова [43] белгілейді, қозыларды енесінен ерте айыру олардың ет өнімдерінің түзілуіне айтарлықтай әсер етпеді деп-түжырым д ай ды.
А.З.Гребенюк, А.Л.Ягелло [44] зертеулерінде көрсеткеніндей, қозыларды енесінен 3-3,5 айлық жасында ажыратып соңынан қора жайда майдаланған жэне араластырылған ашылмалы азықпен бордақылағанда, олардың тірілей салмағы 6,5- айлық жасында 14,1 кг өсті, ал сойған кездегі үшасының салмағы 16,3 кг, жетті. Ғалымдар паиымдауынша, енесінен айырғаннан кейінгі жас еркек тоқтыларды бордақылау мен жеделдете өсіру ең жоғағы өсім алуға мүмкіндік береді, жэне жас ағзаның мүмкіндігін толық пайдалануға ықпал етеді, май үлпалары мен бүлшық ететердің өсуі есебінен дененің салмағы тез көтеріледі.
7-8 айлық жастағы жас еркек тоқтыларды жеделдете өсіру кезінде 1кг, тірілей салмақ өсіміне азық көлемі өте аз мөлшерде жүмсалады, бүл өте арзан сонымен бірге жоғары сапалы қой етін алуға мүмкідік береді, қосымша өсіру жэне бордақылау барысында енесінен ажыратылғанына 1 ай болған қозыларға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені сүтсіз азыққа ауыстырылып, ірі азық берген кезде әдетте қозылардың салмақ өсімі едуәір төмендейді. Бүл қозылардың ас қорыту мүшелерінің жаңа азық түріне толық дайын еместігімен түсіндіріледі. Мүндай жағдайда қой етінің сапасын жоғарылату өндірісін үлғайтудың ең маңызды жолы, жас еркек тоқтыларды, эсіресе қозыларды, жайып семірту мен бордақылау болып табклады.
Оңтүстік Африкада атмосфералық жауын шашынның түсуінің шектеулі болатыны себепті, қозыларды енесінен ерте айыру тәжірибиесі жүргізіледі. Әсіресе Югославия, Болгария, Италия жэне басқа мемлекеттерде қозыларды енесінен ерте айырудың маңызы зор, бүл жерлерде ерте жетілген қозыларды енесінің сүтін көбірек пайдалану үшін 3-4 апталық жасында сатады, сонымен қатар қозыларды сіңімділігі жоғары ет өндіру үшінде өсіреді.
Қозыларды енесінен ерте айыру ет өнімдерінің қалыптасуына айтарлы :тай ықпалын тигізе алмады.4 және 9 айлық жастағы барлық топтағы қозылардың үшасы, дүние жүзі нарқында қабылданған (13-16 кг) қой етінің стандартына сай келеді. Олардың ет қалпы жақсы жетілген және айтарлықтай жинақы болды. Yenшаны сорттап бөлгендегі көрініс бойынща, енесінен ерте ажыратудың, қозылардың сорт шығымына кері эсері болған жоқ. 4 айлық қозылардың топтары арасында сойыс шығымы жөнінен болмашы ғана айырмашылық болды. 2 жэне 4 топтағы қозылардың сойыс шығымы тиісінше 1- топқа қарағанда 3,1 және 1,8% төмен. 9,5 айлық қозылардың топтары арасында сойыс шығымы жэне үша етінің пайызы жөнінен айырмашылық болған жоқ.
Мәлемет бойынша, қозыларды енесінен 7, 10, 13, жэне 18 апталық жасында ажырату нэтижесінде үшаның сапасында, тірі салмағында, сонымен қатар қой мен қозының жүн өнімдерінде айтарлықтай айырмашылық болған жоқ. Осыған қарағанда, енесінен ерте айырудың қой өнімдерінің сапасы мен санына ықпалы жөнінен эдебиеттерде жазылғандарға көп қарама қайшылық бар. Соған қарамастан қой шаруашылығы дамыған мемлекеттерде қозыны енесінен айыруды 1,5-2 айлығында жүргізіп оларды жеделдете жайып семірту мен бордақылауға қояды.
Ерте бордақылаудың біршама артықшылығына қарамастан, қозыларды 4-4,5 айлығында етке тапсыру ет өндрісін көбейтуге онша көп үлес қоспайды, неге дегенде 10-12 аі а дейін қозылар өзінің жоғарғы өсу қуаттылығын сақтайды жэне жемді тиімді пайдаланады.
4,5 айлық жастағы қозылар сойыс кезінде 29,5 кг салмақта болды , үшасының салмағы 12,4 кг, еттілік коэффициенті төмен (2,49) жэне өте майсыз (үша етіндегі май 5,11%) болды. Қозылар 6-6,5 айлық жасының өзінде 36,5 кг, болып үшасы етке толып 18,1 кг, еттілік коэффициенті 3,44. және майдың қүрамы 20,6% болды.
Жүргізілген тәжірібиенің белгілеуінше, 46кг салмақтағы ісектің ұшасындағы бүлшық еттің салмағы үшамен салыстырғанда екі еселенеді, бірақта 32кг салмақтағы бордақылау кезінде 46 дан 50кг шейін бар болғаны 1,1кг көбейді. Бордақылаудың тиімділігі көп жағдайда, оларды бордақылауға қойғандағы жасымен анықталады сонымен қатар бордақылауға қойғандағы және шығарғандағы салмағыменде анықталады. Пайымдауы бойынша, қозыларды 38кг, шейін бордақылау, 30 кг- ға шейін бордақылағанға қарағанда пайдалы.
Есалиев О.Е., Пешков В.П., [45] жүргізген тэжірбиенің негізінде ең қолайлы бордақылау 35кг, шейін деп белгілейді. Жас еркек тоқтылардың тірілей салмағының 40,8кг- дан асқанан кейінгі бордақылау, тиімсіз өйткені етте ақуызға қарағанда май көбейеді деп есептейді.
Ғалымдар биязы жүнді болгар түқымының бордақылық сапасын зерттеді. 30, 40, және 60кг, тірілей салмақта бордақылау кезінде, жас еркек қошқарларды 40кг асқаннан киінгі бордақылау айтарлықтай қымбатқа түседі., 40кг, салмақтан асырып жеделдете бордақылау кезінде жас еркек қойларда көп көлемде тері асты және бұлшық ет аралық май жиналады
Бордақалау қарқынды жэне орташа тэуліктік өсім неғұрлым жоғары болса, соғүрлым өсу бірлігіне кететін азық шығыны аз жүмсалады. Етті-жүнді қозылардың тәуліктік салмақ өсімі 129 г- нан 249 г-ға, жоғарылағанда, 1кг тірілей салмақ өсіміне жүмсалатын азық шығыны 7,4 тен 4,2 азық өлшеміне шейін төмендейді.
Азықты пайдаланудың жоғарғы коэффициентін қамтамассыз ету мүмкіндігінің ең маңызды шартының бірі, протейіндік қорек болып табылады, өйткені малдың өсуі мен жетілуі тек соған байланысты.
Азық мәзіріндегі протейннің қүрамын қалыпты мөлшерден 25-30%-ға көтеру малдың тек өсуі мен жетілуіне ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар мүшелер мен үлпалардың қатынасындағы қүрылыстың өзгеруіне де ықпал етеді. Басқа ғалымдардың мәлеметі бойынша, қозыларды қорытылған протейні (9,3%) біршама төмен бірінші қүрамдағы түйіршіктелген азықпен бордақылағанда, жалпы жэне орташа тэуліктік тірілей салмақ өсімінің көлемі бойынша, үшінші құрамдағы қорытылған протейні 11,3% түйіршіктелген азықпен бордақыланғаь қатарластарына қарағанда 14% жэне азық өтемі 1кг, кем болды, орта есеппен тірілей салмақ өсіміне 0,68 жэне 1,02 азық өлшемі болмаса 13-20% кем жүмсалды.
Қорытылған протейні 11,3% болатын, азотты несеп нэрі мен байытылған екінші қүрамдағы түйіршік азықпен бордақыланған қозылар, жоғары азық өтемі мен ерекшеленді. Біріші жэне екінші құрамдағы түйіршіктелген азықпен бордақыланған қатарластарына қарағанда олардың салмақ өсіміне азық шығыны, тиісінше 23 және 10,6% аз жүмсалды.
Жай жетілген жэне майда қозылардың да үшасының салмағы неғүрлым, жедел өсті, үшінші қүрамдағы түйіршіктелген азықпен бордақыланғандардікі -6,8 жэне 7,2 кг, онан кейін екінші қүрамдағылар -6,4 жэне 5,9 кг, жэне ең азы бірінші құрамдағы түйіршік азықпен бордақыланған қозылар — 5,6 жэне 5,4 кг.
Екінші құрамдағы түйіршіктелген жеммен бордақыланған қозылардың май шырлануы өсімі біршама аз болды, ал бүлшық еттерінің өсімі жөнінен үшінші қүрамдағы түйіршіктелген азықпен бордақыланған қозылардан (4,03 және 1,24 кг)олар ешқандай да қалыспады (4,02 жэне 3,59 кг) және бірінші қүрамдағы түйіршіктелген азықпен бордақыланған қозылардан біршама озық болды (3,14 жэне 2,64 кг).
Енесінен ажыратқаннан кейін жэне қысқы қорада үстау кезінде тэжірбие тобындағы қозылардың азық мезіріндегі протейннің деңгейі, бақылау тобындағыларға қарағанда көп болды. Тэжірбиедегі қозылардың тірілсй салмағы бүл кезеңдерде 4,7 кг болмаса 14,1% жоғарылады, ал бақылау тобында тек 5% болды. 5,5-6 айлығында (бір жасқа шейін) қозылардың тірілей салмағы тиісінше 33,5 жэне 16,3 % көтерілді.
АҚШ Үлтық Зерттеулер Кеңесінің мәлеметі бойынша тірілей салмағы 27кг қозының азық мэзірінде 12% протейн шикізаты, ал салмағы 45кг- дық қозыларда 9,4% болуы керек. Огайо штатындағы университетте (АҚДІ) үш топқа бөлінген қозылардың азық мәзірінде 8,9, 11,9, жэне 14,8% протейні бар азықтармен азықтандырды. Тірілей салмағының орташа тәуліктік өсімі топ бойынша тиісінше 109, 125 жэне 130г болды.
Бордақыланатын чэзылардың азық мәзіріндегі қорытылған протейнің қүрамының 1 азықтық өлшемінде 103-тен 120г дейінгі көбейуі, 1кг,салмақ өсіміне жүмсалатын протейнің шығымының 13,7%, көбейуіне апарып соғады ал 1 азықтық өлшемде протейн деңгейінің 103-тен 87г. дейін азаюуы керісінше Ікг салмақ өсіміне жүмсалатын протеин шығымын 11,8% азайтады.
Мәліметтер бойынша, азық мәзірі құрамындағы азотты заттардың 11 ден 16 және 19% дейін көбеюі, тірілей салмақтың орташа тэуліктік өсімін 190 г-нан 270 г-ға жэне 330 г дейін жоғарылатады және тиісінше үшаның құрамы да өзгеріске үшырайды.
Барлық кезде азық мәзіріндегі азоттың қалыпты жағдайдан артық болуы, ағзадан оның бүйрек арқылы бөлінуін күшейтеді,сондықтан ағза өнімінің түзілуіне артық азоттың тек өте азғантай бөлігін пайдалануы мүмкін (4 тен 7% дейін).
Оның түсіндіруінше азық мәзірі қүрамындағы протеин артықшылығы мал ағзасында қуат көзі есебінде пайдаланылады. Бүл өте тиімсіз, өйкені протеин азықтың өте қымбат жэне аса қажетті бөлігі. Етке жеделдете өсіру кезінде қозылардың протинге зәрулігі жоғары болады, ал оның қатшылық орнын толтыру эдеттегі азық есебінен ылғи да мүмкін бола бермейді. Бүндай жағдайда азық қүрамындағы ақуыз қатшылығы мэселесін шешу үшін, синтетикалық азотты з: ардың (несеп нэрі, аммонии түздары), ақуыз қоспалар мақта және күнбағыс күнжарасының атқаратын қызыметі күшті. Қосымша ақуыз беру қойдың тірілей салмағын 13,2-16,7% пайызға жоғарылытып жэне азық шығынын кемітті.
Төменгі салмақтағы қазақтың биязы жүнді қой тұқымы қозыларын, енесінен айырған соң, қосымша ақ уызбен байытылған аралас жеммен (темекі күнбағыс сықпасымен) жеделдете бордақылау кезінде 4-4,5 айлық жасынан 11, 11.5 айлық жасына шейін олардың өсу қуатыньщ жеткіліті дәрежеде
жоғарылағанын байқауға болады жэне тірілей салмағы артып етке-
тапсырылатын қоңдылыққа тез жетеді. 90 күндік бордақылаудан кейін
тәжірбие тобындағы қозылардың, сояр алдындағы тірілей самағы (азық мәзірі
темекі сықпасынан тұрған) 40,8 кг болды, ал бақылау тобындағылардікі (азық
мәзірі күнбағыс сықпасынан қүралған) 2,2 кг немесе 9,8% пайызға аз. Yenша
салмағы (19,7кг, 18,5 қарағанда), сойыс шығымы … жалғасы

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!