Бұйымды өру, білезік бұйымын өру, технология

0
42

 

Сабақтың тақырыбы: Бұйымды өру. Білезік бұйымын өру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5. 2. 3. 2 – түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым білезік бұйым орындау.
5. 2. 3. 4 – шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.
5. 2. 6. 1 – қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.
Пәнаралық байланыстар: зерттеу барысында теориялық білімдерін география, геометрия, тарих, экономика, дүниетану, сызу, математика пәндерімен және өнермен байланыстыру.
АКТ қолдану дағдылары: Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.
Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу.
Бастапқы білім: Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты терминология
Өткен тапсырмаларды еске түсіру.Сабақтың басы 1 кезең
Қазақ халқының дәстүрлі сәндік қолданбалы өнер түрлері. (бұйымдарды өру)
(ТЖ)
(ЖҰП. Ж)

(МК) Алдыңғы сабақта оқушылар өру техникасында орындалатын бұйымның нобайы мен сұлбасын орындаған.
«Білезік» сөзінің шығу төркіні – білек пен жүзік сөз тіркестерінен құралған немесе оны білекке салынған жүзік деуге де болады. Оны қыз – келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де салады. Білезік көбіне күмістен, кейде таза алтыннан да жасалады. Тек күмістен соғылған білезіктердің өзі Қазақстанның әр өңірінде әр түрлі болады. Жергілікті өзгешеліктер оның жасалу, әшекейлеу тәсілінен де, көлемінен де, сыртқы мүсінінен де байқалады.
Білезік буын ауруларының алдын алады, қолдың тазалығын күшейтеді, жын – перілерді қуады деген ұғым халық арасында кеңінен таралған. Ең маңыздысы – білезік адам бойындағы күш – қуатты сақтайды. Қазақ бәле – жала әйелдің құлағы, шашы арқылы кірсе, күш – қуаты біртіндеп алақан арқылы сыртқа шығады деген сенім қалыптасқан, сондықтан әжелер соңғы күш – қуатынан айырылудан қорқып, білезігін қолынан тастамайтын болған. Білезіктегі өрнектердің мәнімен қоса, көп халық ұғымында қалыптасқандай, қорғаныш қасиетке ие сиқырлық күші бар деп саналады. Сондықтан өзге де тұмарлармен бірге баланың білегіне ақ – қара, қызыл – көк көзмоншақ тізбегін тағу дәстүрі осы уақытқа дейін сақталған.
Әр түрлі түстер адам өмірінде басты рөл ойнайды, бірақ күнделікті өмірде біз оны байқамаймыз. Түстер арқылы көңіліңізді көтеруге де, денсаулығыңызды да түзетуіңізге болады. Әркімнің өзінің сүйікті түсі болады, ол түстер сіз туралы барлық сырды ашып қояды
Негізгі түстерге тоқталсақ:
Ақ түс – тазалық символы. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар, әдетте, жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Ақ түс қараңғы жерлерге жарық беріп тұрады, жандандыра түседі. Егер өзіңізді мейірімді, ретті, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киім сатып алуға тырысыңыз.
Қызыл түс – өмірлік энергия түсі. Адамның өмірге деген талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады.. Табиғатта адамдар қызыл түсті қарама – қарсы жыныс өкілдерін өздеріне көңіл аударту үшін қолданады /ер адамдар әйелдерді, әйелдер ерлерді/. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүмкін. Әдетте, бұл түс ашық мінезді адамдарға тән.
Сарғыш түс – бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл – күйін жайландырады. Сарғыш түс киген адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады. Бұл түсті адамдар көп келіп кететін, араласатын ортада қолданған жөн. Бұндай жерде адамдар бір – біріне ашық, мейірімді болады. Егер әрдайым, көңілді, жас көрінгіңіз келсе, сарғыш түсті киім сатып алуға дүкенге жүгіріңіз.
Бұйымды өру. Білезік бұйымын өру. жүктеу

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!