Бүйректің ісігі | туралы қазақша

0

Ересек адамдардағы бүйректің ісігі барлық осындай түзіңділердің 2-3 процентін құрайды. Әйелдермен салыстырғаңда еркектер жиі (шамамен 2 есе) ауырады. Науқастардың басым бөлігі 40-60 жаста. Бүйрек ісіктері арасыңдағы олардың зиянсыздары сирек кездеседі. Бүйрек паренхимасының ісіктері қауіпсіз (аденома, липома, фиброма, ангаома, гемангиома және т.б.) жөне қауіпті (аденокарцинома, саркома, аралас ісік) және ақырш (метастазалық) ісіктерге бөлінеді.

Этиологиясы. Бүйрек ісіктерінің пайда болу себептері жеткілікті зертгелмеген. Гормондық байланыстардың бүзылуы адамның бүйрек ісіктерінің генезінде белгілі бір рөл атқаруы мүмкін. Сонымен бірге, экспериментте сөуле энергиясының әсерімен де бүйректің ісігі алынған.

Бүйрек ісіктерінің пайда болуы мен дамуының вирус теориясы да бар.

Әдебиетте кейбір химиялық заттардың бүйрек ісігінің генезінде белгілі рөл атқаратынын көрсететін деректер бар. Олар: антрохинолин және көмірсутектерге, нитрозиндерге, ароматты аминдерге жататын басқа да химиялық қосылыстар.

Сонымен, түрлі сипаттағы гормондық, сәулелік, вирустық жөне химиялық факторлар бүйрек ісігінің генезінде айтарлықтай рөл атқаруы мүмкін. Бүйрек ісігін, басқа да мүшелердің ісігі секілді, полиэтаологиялык ауруға жаткызуға болады.

Классификациясы. Қазіргі уақытта бүйрек ісігінің мынадай классификациясы кабылданған.

  1. Бүйрек паренхимасының ісіктері.

А. Қауіпсіз ісіктер: аденома, липома, фиброма, миома, ангиома және гемангиома, лимфангиома, хоңдрома, остеома, миксома, дермоид.

Б. Қауіпті ісіктер: рак (аденокарцинома), фибро, мио-, липо-, ангиосаркома, Вильямстің аралас ісігі.

В. Бүйректің ақырғы (метастазалық) кауіпті ісігі.

  1. Бүйрек астаушасының ісіктері,

А. Қауіпсіз ісіктер: папиллома, ангиома,

Б. Қауіпті ісіктер: папилляр рагы, жалпақ клеткалы рак» кілегейлі-безді рак, саркома.

Бүйректің қауіпті ісіктерін процесс сатылары бойынша классификациялаудың маңызы бар. Ең көп таралғаны төрт сатылы классификация.

  1. Бүйрек капсуласы шегіңдегі ісік.
  2. Қан тамьфлы сирақшаны немесе бүйрек маңыңдағы май клетчаткасын камту.
  3. Аймақтық лимфа түйіңдерінің зақымдануы.
  4. Қашық метастазаның болуы.

Ракты зерттейтін Халықаралық Агенгтік TNM системасы бойынша бүйректің қауіпті ісіктерінің классификациясын ұсынды, мұндағы Т (tumor) — бастагады ісік сатысы, N (noduli lumpatici) — аймақтық лимфа түйіндері, М (metastases) — қашық метастазалар.

Бұл классификацияда мынадай белгілер қабылданған:

Т1 — бүйректің контурын өзгертпейгін шағын ісіктер; ,

Т2 — бүйректің контурын өзгерткенімен, бүйрек капсуласының тұтастығын бұзбайтын үлкен ісік;

ТЗ — ісіктің бүйрек маңайывдағы тканьдерге таралуы;

Т4 — ісік көршілес мүшелерге немесе құрсақ қуысына өтеді;

О — аймақтық лимфа түйіндері закымданбаған;

N1 — аймақтық гомолатералдық бір лимфа түйшінін; зақымдануы;

N2 — билатералдық немесе көптеген латералдық аймақтық лимфа түйіндерінің зақымдануы;

N3 — ығыспайтын метастазалық аймақтық лимфа түйіңдері;

N4 — югстааймақтық лимфа түйіндерінің зақымдануы;

NX — аймақтық лимфа түйіндерінің күйін бағалауға қажетті минимум талаптар орыңдалмаған;

МО — қашық метастазалардың жоқтығы;

М1 — қашық метастазалардың болуы;

MX — қашық метастазаларды айыруға қажетті минимум талаптар орындалмаған.

Сонымен, бүйрек паренхимасының көлемі үлкен әрі бүйректің контурын өзгертетін ісігі (бүйрек капсуласының (Т2) тұтастығын бұзбайтын) бар, аймақтық лимфа түйіндерінің зақымдану белгілері жоқ (N0), қашық метастазасыз (МО) жағдайда ауру сатысының қысқартылған формуласын — T2N0M0 қолдану керек.

Ісік процесінің таралуын сипаттау үшін TNM белгісінен басқа, бүйрек венасының ісікпен зақымдануын сипаттайтын V индексін қолданады. Венада ісік тромбысы болмаған жағдайда индексінің мәнін V0 белгілейді, бүйрек венасының ісікпен зақымдануын VI деп, ісік тромбысының төменгі куыс венаға таралуын — V2 деп белгілейді,

Патологнялық анатомия. Бүйректің қауіпті ісігі оның кез келген сегменттерін зақымдауы мүмкін. Бүйрек ісігінің шамасы жай көзге өзер көрінетін түйіндерден үлкен түзінділерге дейін әр түрлі болуы мүмкін. Бүйрекгің макроскотық рак ісігі бір немесе бірнеше жұмыр немесе сопақ түйіндерден тұрады. Бүйректің беті көбіне бұдырлы болып келеді. Бүйрек кесіндісі ала түсті, оньщ тканьдерінде сарғышқоңыр және қызыл түсті (қан құйылудьщ салдарынан), қызғылт немесе сары түсті (липоидты заттардың болуынан), сүр түсті (муковдтардың ыдьфауынан) учаскелер кездеседі. Кейде паренхиманың пегрификациялануы байқалады, бүкіл ісікті ізбес басуы сирек жағдайларда кездеседі. Ісіктен некроз ошақтары, ескі жөне жаңадан қан қүйылу іздері көрінеді. Ыдырау ошақтарында кейде үлкенді-кішілі киста қуыстары пайдаболады.

Метастаздану. Бүйректің қауіпті ісіктері гематогенді және лимфогенді жолмен таралады. Метастаза орта есеппен науқастардың 50 проценгінде байқалады. Бүйрек рагының таралу жиілігі жөнінен өкпе, одан соң сүйек, бауьф, ми алғашқы орывдарды алады. Бұл зандылық бүйректің вена жүйесі мен кеуде және құрсақ куыстарының магистралдық тамырлары, соңдай-ақ қаңқаның вена торы арасыңда тығыз байланыстың болатынына негізделген.

Бүйрек рагының метастазы аурудың бастапқы ошағына қарағанда клиникалық тұрғыдан көбіне ерте байқалады. Метастазаның бірінші ісіктен көп (10-15 және тіпті 20) жыл өткен соң жиі пайда болуы бүйрек рагының ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар, рактың бұл түрінің тағы бір ерекшелігі — мұңда өкпе метастазасы кейбір жағдайларда бастапқы ошақты жойған соң регрессияға бейім келеді.

Ісікті бүйректің қашық метастазалары арасында жиілігі жөніңде екінші орынды сүйек метастазы алады, ол көбіне жамбас сүйегіне, омыртқа жотасына, қабырғаға, иық белдеуінің сүйектеріне, сан сүйектеріне, бассүйегінің күмбезіне шошрланады. Бауырдың метастазы аурудың кеш сатыларында байқалады. Бүйрек рагының аймақтық метастазалары негізінен бүйрек синусына жақын орналасқан паракавалдық және парааорталық лимфа түйіндерін зақымдайды. Көкірек қуысының лимфа түйівдерінде, мойын, мықын жөне шат түйіңдерінде бүйрек ісігінің метастазалары сирек кездеседі.

Бүйрек рагы қашық жөне аймақтық лимфа метастазаларынан басқа бүйрек маңындағы май клетчаткасына, құрсақ қабырғасының бұлшық еттеріне, тері асты май клетчаткасына, операциадан кейінгі тыртыққа лимфа түйіңдерінен тыс метастаза береді. Мұнда ісіктің өсуі емес, жеке, айқын шектелген метастаза ошақтары байқалады. Бүйрек рагының метастазасынан басқа көбіне ісік тромбысының бүйрек венасы бойымен төменгі қуыс венаға таралашнын кереміз.

Белгілері мен клнннкалық барысы. Бүйрек ісігінің жалпы белгілері ішінде организмнің ісік тканіндегі алмасу өнімдерімен улануы нәтижесінде жалпы күйдің нашарлауының маңызы бар, мұнда жалпы әлсіздік, тәбеттің жоқтьны, жүдеу байқалады,

Ісік процесінің бір көрінісі — жүдеу ісіктің ыдырау өнімдерінің организмге улы өсерінің нөтижесі больш табылады. Жүдеу көбінесе асқынған бластоматоз пропесінің белгісі больш табылады.

Дене температурасының көтерілуі жалпы сипатгағы бүйрек ісігінің маңызды белгісі больш саналады. Бұл белгі бүйрек рагымен ауыратын науқастардың 20-30 %-іңде байқалады.

Бүйрек ісігінің жілік майына улы өсері оның қызметін бәсеңдетеді де, анемияның пайда болуына әкеп соқтырады, бұл асқынған ісік процесінің дәлелі болады. Полицитемия, немесе ақырғы эритроцитоз бүйрек ісігінің көрінісі болуы мүмкін. Бұл процесті бүйрек ісігі тканінің эрипропоэтин өнімін көп бөлігі шығаруымен түсіңдіреді. СОЭ-нің артуы бүйрек ісігінің жалпы белгілерінің барынша жиі байқалатын түрі болып саналады, ол аурудың бірінші және бірден-бір көрінісі болуы мүмкін.

Бүйректің қауіпті жаңа түзіңділерімен ауыратын науқастардың 10-15 процентінде ауру артериялық гипертензия түрінде байқалады. Басқа да бүйрек ауруларындағыдай, бүйрек ісігінің артериялық гипертензиясының даму механизмі бүйрек паренхимасын ісік тканінің қысуы салдарынан осы паренхимада кднның аздығын (ишемия) туғызуыңда болса керек.

Бүйрек ісігінің жергілікті белгілеріне науқастардың 60-70 процентінде байқалатын гематурия жатады. Басқа да көптеген бүйрек ауруларымен салыстырғанда бүйрек рагы кезіндегі гематурия көбіне «ауыртпайтын» болады. Ол көп ретте аурудың жалпы күйінің қанағаттанарлықтай көрінісінде кенеттен пайда болып, тез өтеді. Аурудың тез өтуі көбіне науқастардың дәрігерге қеш баруының себебі болады.

Ісік тканіндегі тамырлардың ыдырауы, тостағанша, астауша қабырғасында ісіктің өсуі және бүйректегі гемодинамикалық бұзылулар бүйрек ісігі гематуриясының себепгері болып табылады. Бүйрек ісігінің гематуриясы оны тұтас қамтиды, бірқатар жағдайларда құрт тәрізді қан түйіртпектері несепағар қуысының пішінін қайталайды немесе олар қуықта түзілсе, пішінсіз болып келеді. Қан түйіртпектері болмауы да мүмкін. Бүйрек тұсының гематуриядан кейін қатты ауруы — ісікке тен белгі. Кейде қан кетуі басталған соң кәдімгі бүйрек шаншуы байқалады. Дарқыңды гематурия қуықтың кдн түйіртпекті тампонадасын туғызып, зәр шығаруды шұғыл тежеуі мүмкін.

Бүйрек ісігі гематуриясьшьщ қысқа мерзіндігіне, оның белгісіз мерзімде, кейде бірнеше жьшдан кейін қайталайтынына байланысты қан кету кезіңде оның себебін анықгау үшін шұғыл цистоскопия жасаудың зор маңызы бар.

Бүйрек тұсының ауруы жиілігі жөнінен жергілікті белгілердің ішінде екінші орын алады, ол көбіне ұйып, кейде бүйрек шаншуына ұласады. Бұлайша ұйып ауру кейде шатқа, санға таралып, ісіктің бүйректегі фиброзды қабықшаны созуьша, оның өсуіне, ісіктің паранефрия нерв ұштары мен нерв тамыршаларына бірігіп өсуіне, бүйректің тамыр сирақшаларьшың керілуіне байланысты. Қатты ауру көбіне тұтас гематурия кезіндегі несепағардың кан түйіртпегімен бітелуінен пайда болады.

Қолға сезілетін ісік — бүйрек ісігінің жергілікті үш белгісін құрайтын осы ауруға барынша төн, өте сирек жөне ең кеш байқалатын белгілердіңбірі.

Бүйректің төменгі сегментінен шығатын жаңа түзінділер саусақпен басқаңда жақсы сезіледі. Мұнда қабырға астына қарай кететің тығыз, бұдырлы, қозғалмалы ісік тәрізді түзінді қолға байқалады. Ісік кезінде бүйректі қолмен жақсы байқау үшін оны дененің түрліше қалпында (шалқадан жату, бүйірінен жату, тұру) жүргізу керек.

#Бүйректің #ісігі