Бүйректердің топографиялық анатомиясы | туралы қазақша

0
177

Бүйректердің, жоғарғы несеп жолдарының және қуықтың топографиялық анатомиясы. Бүйрек-сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс болып келетін бұршақ бітімдес жұп орган; омыртқаның екі жағында, ішперде арты кеңістігінің бүйір бөлімдерінде орналасады. Бүйректің, жоғарғы несеп жолдары мен қуықтың топографиялық анатомиясы және физиологиялық негіздері 2.1 және 2.2-ші суреттерде көрсетілген.

Әрбір бүйректің алдыңғы (facies anterior) және (facies posterior ) екі беті болады. Бүйректің жоғарғы және төменгі  екі полюсі бар. Бүйректің ортадағы жиегінің  ортасында кақпалары — hilus renalis -болады, осылар арқылы буйрекке тамырлар, жуйкелер, шүмекшесі бар несепағар кіреді және шығады. Шүмекше (pelvis renalis) бүйректің ішінде және бүйректің сыртында болуы мумкін. Буйрек шүмекшесі сыйымдылығы 10 мл. Бүйректердің жоғарғы полюсі бүйрек бездерімен жабылған. Қалыпты  жағдайда дені сау ер адамның бүйрегінің ұзындыгы 12 см, ені— 6 см, қалыңдығы — 4 см. Бүйректің салмағы 120-140 г.

Бүйректердің қанқатопиясы мен синтопиясы. Қанқатопиялық тұрғыдан бүйректер омыртқаға катысты біркелкі орналаспаған: сол бүйрек XI кеуде омыртқасының денгейінен II бел омыртқаның төменгі шетіне дейін орналасқан; оң бүйрек жоғарыда бауыр болғандыктан сол буйректен 1,0-1,5 см төменіректе, XII кеуде омыртқасы мен III бел омыртқа ортасының арасында болады. Бүйректің орналасуын анықтайтын манызды меже — XII кабырға; сол жақтан ол бүйректі тең 2 белікке бөледі, оң жақтан оң бүйректің жоғары үштен бipi XII кабырғадан жоғары, ал қалған үштен eкici одан төмен жатады. Бүйректердің ұзына бой осьтерінің төменге қарай ашық сүйір бұрыш тузеді. Бүйрек бұрышының шамасы 15 тен 30 та дейін аралықта болады. Бүйректердің ұзына бой осьтерінің  бұрышын анықтаудын әжептеуір диагностикалык мәні бар. Меселен, бүйрек аномалиялары, пиелонефрит, нефроптоз, бүйрек iciктері кезінде бүйрек бұрышы өзгереді.

Бүйректердің синтопиясы. Оң бүйрек алдан бауырға, ұлтабардың төменгі  бөлігі мен  мен жиек ішектің өрлеме бөлігіне тақалып тұрады. Сол бүйректің алдынғы бөлігі кіші шарбы май қуысымен, асқазанмен, ұйқы безінің кұйрығымен, жиек ішектің  көкбауыр иінімен және жіңішке ішектің  тұзақтарымен жабылған, ал оның алдыңғы-сыртқы жиегі көкбауырмен және жиек ішектің төменгі бөлігімен жабулы.

Оң бүйректің қақпасына жақын төменгі  қуыс вена (көктамыр) сол бүйректің қақпасына жақын қолқа бар. Бүйректің қақпаларында тамырлар мен несепағардың өзара қатысы мынадай: шүмекше мен несепағардың бастауы неғұрлым артта орналасқан, алдынан тармақтары және оларға оралған жүйкелерімен бүйрек артериясы (кызылтамыры) өтеді және одан да гөрі алда өзін құрайтын тармақтарымен бүйрек венасы өтеді. Тамырлар мен несепағарлардың орналасуының ерекшелігі шүмекшеден тастарды операциямен алып тастау кезінде маңызды — неғұрлым жиі жасалынатыны артқы пиелолитотомия.

Бүйрек қанмен бүйрек артериясы арқылы жабдықталады. Бүйрек қақпасы маңыңда бүйрек артериясы көпшілік жағдайда екі тармаққа бөлінеді, алдыңғы тармақтар паренхиманың көбірек бөлігін, артқы тармақтар азырақ бөлігін жабдықтайды. Шамамен 1/3 жағдайда бүйрек қосымша артериялар алады, олар қолқадан не оның тармақтарынан бөлініп, органға көбіне төменгі полюс өңірінде кіреді. Бүйрек қақлаларына жетпей тұрып, әрбір бүйрек артериясы шағын бүйрек үсті артериясын береді (a. suprarenalis inferior). Бүйрек артериясының тармақтары бүйрек синусына кіргенде интерлобарлық артериялардың бір тобы бойынша желпуіш тәрізді бөлініп, айыр тармағымен шүмекшені қамтиды да, бүйректің ұзына бой осімен паралель дерлік өтеді. Қантасушы тамырлардың бөлінуі негізінде бүйректің табиғи бөлінісінің сызығы кабылданған, ол органның сыртқы жиегінен 1 см артқа жүргізіледі: бүйректі осы жерден жарған кезде болмашы ғана кан ағады (бүйректі резекциялау кезінде). Нефрэктомия, пиелолитотомия жүргізген кезде немесе шүмекше-несепағар сегментінің пластикасында негізгі және косымша бүйрек артерияларына қоса коллатералдық жолдардың бар екенін есте ұстау керек. Ол бүйрек артериясы мен а. testicuiaris бүйрек безінің төменгі және ортанғы артериялары, бүйрек безінің жоғарғы артериясы (a.phrenica inferior тармағы) арасындағы бүйректен тыс анастомоздар есебінен болады. Бүйректен тыс тамырлар желісі кебіне бүйректің майлы қабында орналасады.

Бүйректен веналық кері ағыс екі вена арқылы болады, олар төменгі қуыс венаға сол жақтан I бел омыртқаның ортасы деңгейінде, оң жақтан II бел омыртқа деңгейінде құйылады; осының өзінде бүйрек венасы өз жолында құрсақ қолқасын  жоғарғы шажырқай артерия кететін тұсқа жақын алдан кесіп өтеді. Бүйрек веналары қанның бүйректерден   ғана   емес,   көрші   ағзалардан:   ішперде  сырты клетчаткасынан paracolon және бүйректің майлы кабынан канды кері ағызып әкетеді. Бүйрек веналарының v. azygos, v. hemiazygos, порталдық жүйе (көкбауырдағы, шажырқайдағы) веналарымен

анастомоздары болады. Порто-кавалдық анастомоздардың болуы ісіктердің метастазы мен гематогендік инфекциялануға, бүйрекке операция жасалған кезде өзге органдардан (ішектен, асказаннан) қан ағуына не асқазанға, ішекке, көкбауырға операция жасаған кезде гематурияға себептеседі (ретроградтық эмболия).

Бүйректердің лимфалық тамырлары төменгі қуыс вена мен құрсақ колқасы төңірегінде орналасқан тораптарға құяды.

Бүйректердің иннервациясы жоғарғы шажырқай және қолқа-бүйрек симпатикалық тораптарының талшықтары құрайтын бүйрек өрімі арқылы жүзеге асады. Бүйрек өрімінен бүйрек безі, несепағар, бүйрек маңы клетчаткасы иннервацияланады, plexus renalis-тен шыққан тармақтар plexus testicularis internus құруға қатысады. Бүйрек өрімі жоғарғы және төменгі шажырқай өрімдерімен, кұрсақ қолқасы өрімімен, бауыр мен көкбауыр өрімдерімен озара тығыз байланысты; осы себепті бүйректер мен көрші органдарда кесел болған кезде ауру нышандары күрделі болып келеді.

Бүйрек үсті бездері (glandula suprarenalis) бүйректердің жоғарғы полюстеріне жапсарласып, X және XI кеуде омыртқалары деңгейінде болады. Ересек адамда бүйрек бездерінің салмағы 10—12 г. Сол бүйрек безі оң бүйрек безінен жоғары орналасқан. Бүйрек бездерінің бір ерекшелігі олардың жүйкелерінің жүйе тоғысы жүйкелерімен мол байланысы; осы себепті бүйрек бездеріне операциялық араласу жасалғанда гормондық фон едәуір өзгеріп, вегетациялық жүйке жүйесінің анық реакциясы байқалады. Бүйрек бездерінің келесі бір ерекшелігі олардың қанмен жабдықталуында: үш артериядан — а. suprarenalis superior (a. phrenica inferior тармағы), a. suprarenalis media (қолқадан немесе a. renalis-тен), a. suprarenalis (a renalis-тен), ал кері ағыс бір венамен — v. renalis-ке құятына. suprarenalis-пен жүзеге асады.

Несепағарлар (ureter) ішперде арты кеңістігінде орналасады. Несепағардын тең дерлік екі бөлімі сараланады — ішперде белімі (pars abdomirmiis) және жамбас бөлімі (pars pelvina). Жамбас бөлімінде 2 см-гe дейін ннтрамураль бөлігі (pars intramuralis) ажыратылады. Орташа алғанда ересек адамның несепағарының ұзындығы 25—30 см болады.

Несепағар клетчаткамен және ішперде арты шандыр қабығы жапырақшасынан түзілген шандыр қаптамамен қоршалған. Әрбір несепағарда үш физиологиялық қылта болады: 1) шүмекшенің несепағарға ұласатын жерінде; 2) мықын тамырларымен киылысатын тұстың деңгейінде; 3) тікелей қуыққа құяр жерінде; осының өзінде қылта тұстарда несепағардың диаметрі 2—3 мм-ге тең, ал басқа белімдерде 10—13 мм-ге дейін болады.

Linea terminalis деңгейінде оң несепағар сыртқы мықын артериясын, сол несепағар жалпы мықын артериясын кесіп өтеді. Оң несепағардан ішке карай төменгі қуыс вена, жиек ішек пен бүйеннің ортаңғы шеті орналасқан. Сол несепағардан ішке карай қолқа, сыртқа қарай төменгі жиек ішектің ортаңғы шеті орналасқан.

Әйелдерде жамбас бөлігі жатырдың кең байламының негізінде орналасады, мұнда ол жатыр мойнына жақын жерде а. uterina-мен айқасып артерияның артында жатады (гинекологиялық операциялар жасағанда, әсіресе көбіне жатыр экстирпациясы кезінде a. uterina деп қалып несепағардын байлануы не қиылуы мүмкін).

Несепағар мен жатыр мойнының тығыз қабаттаса орналасуы қынап бүйір беткейінің жоғарғы бөлімі арқылы несепағардағы интрамураль бөлігінде тұрып қалған ірі тастарды сыйпалап білуге мүмкіндік береді.

Қуықта несепағар өзінің жоғарғы қабырғасы арқылы екі жағынан кілегей кабықпен қапталған қатпар түзеді; осы қатпар жиырылып қуықтың саңлауын жаба алады, осылайша несептің қуықтан шүмекшеге рефлюксіне жол бермейді. қуықтың саңлауын жаба алады, осылайша несептің қуықтан шүмекшеге рефлюксіне жол бермейді.

Несепағардың қанмен жабдықталуы. Несепағардын, жоғарғы бөлігі a. renalis есебінен, ортаңғы бөлігі a. testicularis (a. ovarica), төменгі бөлігі a. vericalis inferior есебінен қанмен жабдықталады.

Несепағардың иннервациясы. Жоғарғы бөлігі plexus renalis есебінен, ортаңғы бөлігі pars abdomina lis — plexus unreteric-тен, теменгі бөлігі — pars pelvina — plexus hipogasticus және n.pelvici-ден (парасимпатикалық жүйкелер) иннервацияланады.

Қуық (vesica urinaria) кіші астау қуысында қасаға түйіспесі артында орналасады. Онда қуықтын, шоққысы, денесі мен түбі, сондай-ақ қуықтың мойнына — уретраға ұласатын өңірі сараланады. Қуықтың орташа сыйымдылығы 200-250 мл. Әйелдердің қуығы көлденең бағытта біршама кеңірек болады.

Қуықтың кілегей қабығы көптеген қатпарлар түзеді, осының есебінен қуық толған кезде кеңиді. Льето үшбұрышы өңірінде оның кілегей негізі болмайды да, бұлшық ет негізімен тұтасады. Льето үшбүрышының екі жағында несепағарлардың бастаулары ашылып, олар несепағарлар арасындағы катпардан біршама биіктеу тұрады.

Бұлшық ет қабығы үш қабат сыртқы (ұзына бойлық) m. detrusor urinal, ортаңғы (циркулярлық) және ішкі (ұзына бойлық) кабат болып орналасқан жылтыр бұлшық еттен тұрады. Бұлардан циркулярлык қабат неғұрлым жетілген, оның төменгі шашағы үрпіңің ішкі тесігі алдында шеңбері бұлшық ет — қуықтын ішкі сфинктерін (m. sphincter vesical) түзеді.

Қуықтын алдыңғы кабырғасы симфизден борпылдақ клетчаткамен  бөлініп, қуық алдындағы  кеңістікті (spatium relropubicum) кұрайды.

Еркектерде қуықтың түбіне қуықалды безі, артқы-төменгі кабырғасына (аmpulа recti) ұрықты әкететін жолдың ампулалары (ductus deferentes) және ұрық қуықшалдары (vesiculae Seminales) жапсарласады. Бүкіл осы органокомплекс тік ішектің жамбас бөлімінен Доненвилье шандыр кабығымен бөлінген.

Әйелдердің қуығының артқы беті қынаптың қабырғасымен, жатыдың мойнымен және оның денесінің төменгі бөлігімен тұтаса біткен.

Қуықты m.pubovesicalis (еркектерде m. puboprostaticus) бұлшық еттер орнында ұстап тұрады, сондықтан m.rectovestcalis (еркектерде жетілген), Сонымен қатар қуықтың шоққысы өңірінде несеп өзегінің (urachus) бітпеуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Ішперденің қуыққа қатынасы мынадай: ішперденің париеталь жапырақшасы құрсақтың алдыңғы қабырғасынан өтіп барып қуықтың бүйір қабырғаларының бір бөлігін де жауып қуықтың алдыңғы және жоғарғы қабырғаларына өтеді. Еркектерде ішперденің париеталь жапырақшасы куықтың артқы бетінен ұрық қуықшалары мен ұрықты әкететін өзекті жабады да, одан әрі тік ішектің алдыңғы бетін жауып тұрады. Қуықтың бүйір қабырғаларынан ішперде жамбас қуысынын бүйір кабырғаларына өтіп барып алғаш рет Вальдеер сыйпаттаған бүйір ойықтарын құрайды, |                             Қуықтың қанмен жабдықталуы а. іlіаса interna-дан және оның кіндік тармағынан келеді. Осының өзінде қуықтың жоғарғы бөлігін қанмен a. vesicalis superior, түбі мен теменгі бөлігін a.vesicalis inferior мен a. rectalis media, a.pudenda inferios et a. obturatpria-дан келетін тармақтары жабдықтайды. Қуықтың веналары өзімен аттас артериялармен қабаттаспайды және үш өрім — plexus venosus vesicflis, plexus vensus pudendalis et plexus venosus rectalis түзеді, бұлардан веналық кері ағыс v.iliaca inferior-ға барады.

Қуықтың қабырғасынан лимфаның ағысы құрсақ асты және мықын асты лимфалық тораптарына барады, еркектерде олар ұрық қуықшалары мен қуықалды безінің лимфалық тораптарымен, ал әйелдерде қынап пен жатырдың лимфа жүйесімен тоғысады.

Қуықтың иннервациясы plexus vesicalis-тің жүйкелерімен жүзеге асады, ол plexus hypogastricі inferior dexter et sinister симпатикалық бөлімі мен n. splanehnici pelvini — парасимпатикалық бөлімінен тұрады.

Қуықалды безі (prostata) қуық пен несеп-жыныстық көкеттің арасында болады. Бұл жұп емес сыңар безді-бұлшық етті органның ұзындығы 2,5-4,2 см, ені 3,5-5 см, жуандығы 1,7-2,5 см, салмағы 21-27 г. Без несеп шығару өзегінің простаталық бөлігін барлық жағынан камтып тұрады және оның ұрық төбешігінен (colliculus seminalis) бүйірлері бойымен артқы қабырғасында өзекшелер (ductuli prostatici) болып ашылады.                                                              

Қуықалды безінде жоғары қараған негізі (basis prostatae) және несіп-жыныс көкетіне жанасатын шоқтығы (apex) болады. Қуықалды безінің жамбас шандырынан тұратын қабығы (Пирогов-Ретиий қабығы), Доненвилье апоневрозы («жалған» қабық) және простатаның тінін тікелей жауып тұратын қабығы («шын» қабық -қуықтың талшық-бұлшық ет қабатының жалғасы) болады. Бұлардың арасында веналық өрме бар, безге перинеалдық әрекет болған кезде одан көп қан кетеді.

Қуық секілді қуықалды безінің де қанмен жабдықталуы ортақ — а.а. vesicales inferiores, a rectaiis media-дан келетін шағын тармақтар, a prostatica (a pudenda interna-дан келетін тармақ). Қуықалды безінің веналары өте көп, олар өзара жалғасып plexus venosus prostaticus құрайды.

Қуықалды безінен лимфаның кері ағысы үш бағытта ұрық әкететін өзекшелерді бойлай мықын асты лимфатораптарына, құрсақ асты және төменгі белдік лимфатораптарға карай жүреді.

Қуықалды безінін иннервациясы plexus prostaticus талшықтарымен жүзеге асады (plexus hypogastricus inferior-дың жалғасы).

Ұрық қуықшалары (vesikulae serninalis) мөлшері 6—8 см-ге 1,5—2,5 см, калыңдығы 0,5-2,5 см, қап тәрізді құрылымдар болып келетін қос жұп органдар.

Олардың алдыңғы беті қуықтың түбіне, артқы беті тік ішек ампуласының алдыңғы бетіне кабысып тұрады. Ұрық қуықшалары иілген түтікше тәрізді, төменгі ұшы тар ұрық әкетуші жолмен (ductus deferens) қосылатын тар экскреторлық өзекке (ductus excretorius) жалғасады, онымен қосылып ұрықшашатын өзек (ductus qaculatorius) құрап, үрпінің ұрықтомпағы негізінде простатикалық бөлімде ашылады.

Қанмен жабдықтау a vesicalis inferior және a. rectalis media тармақтары арқылы жүреді, веналық кері ағыс plexus venosus vesicoprostatikus-ке барады.

Лимфалык тамырлар қуықтың, қуықалды безінің лимфа тамырларымен шоғырлана жалғасады және лимфаның кері ағысы кұрсақ асты лимфалық тамырларына барады. Иннервация plexus hypogastricus-тен (құрсақ асты симпатикалык ерімінен), ішінара п. pelvici-ден болады.                               

 

#Бүйректердің #топографиялық #анатомиясы