Бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік препараттар слайд,презентация

0

Бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік препараттар слайд,презентация

 

Бүйрек үсті безі

 

Бүйрек үсті безі жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілік препараттар слайд,презентация
Бүйрек үсті безі
БҮБ-нің жетіспеушілігі жіті және созылмалы, біріншілік, екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік – бездің өзінің жеткіліксіздігі, ал екіншілік – гипоталамуста немесе аденогипофизде өспе өсуінен кортиколиберин мен кортикотропин өндірілуі бұзылыстарынан дамиды. Жетіспеушілігі ағзада көптеген өзгерістерді туындатады: зат алмасу бұзылыстары, өсу, даму жеткіліксіздігі.
Бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінде қолданылатын препараттардың фармакологиялық әсерлеріне байланысты, оларды көптеген аллергиялық сырқаттарда, трансплантациядан кейін – иммунодепрессивті әсеріне байланысты қолданылады.
Ынталандырғыш гормондық  ем – қандай да  бір эндокринді бездің қызметі төмендегенде қолданылатын шара: гипофиздің алдынғы бөлігінің гормоны — АКТГ препараттарын тағайындау.
Орынбасушы  ем – ішкі секреция бездерінің қызметі   жеткіліксіздігінде (гипофункциясы) жүргізіледі: глюкокортикостероидтар мен минералокортикостреоидтарды енгізу.
Бүйрек үсті безі жеткіліксіздігін емдеу оның туындау себебіне байланысты және екі мақсатта жүргізіледі: жеткіліксіздік себебін аластату және гормональды жеткіліксіздікті толықтыру.
Қайта қалпына келмейтін үрдістер байқалғанда,  гипокортицизм сақталады және өмір бойы бүйрек үсті безінің гормондық препараттарымен орын басу терапиясын жүргізуге тура келеді.
Біріншілік бүйрек үсті безі жеткіліксіздігін емдеуді глюкокортикоидтар және минералокортикоидтармен жүргізеді. Гипокортицизмнің жеңіл түрінде кортизон немесе кортеф тағайындалады, ауыр түрінде – преднизолон, кортизон ацетата немесе кортефаның минералокортикоидтармен комбинациясы (дезоксикортикостерон триметилацетаты, ДОКСА — дезоксикортикостерон ацетаты). 
Кортикотропин 
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің базофильді жасушаларында түзіледі. Ірі қара малдың, шошқаның гипофизінен алынады.
Бүйрек үсті безінің физиологиялық стимуляторы болып табылады. Кортикостероидтардың түзілуін және қанға бөлінуі арттырады. Кортикостероидтар мен кортикотропиннің синтезі кері байланыс арқылы жүзеге асады.
Фармакологиялық әсері: аллергияға қарсы, қабынуға қарсы, иммунодепрессивті белсенділікке ие, зат алмасуға қатысады.
Қолданылуы: БҮБ-нің гипофункциясында, кейде гипоталамо-гипофизо-БҮБ жүйесінің функциясын анықтауда. Бұрынғы кезде ревматизм, бронхиальды астма, лейкоз, экзема, аллергиялық ауруларда қолданылған, бірақ қазір ол мақсаттарды қолданылмайды.
Емдік мақсатта – күніне 3-4 рет бұлшықетке салынады. Сирек, тез және күшті әсерге ие болу үшін – 500 мл натрий хлордың изотониялық ерітіндісін қосып көктамырға тамшылатып енгізіледі.
Жанама әсері: ісіну, АҚ көтерілуі, тахикардия, теріс азот балансы қалыптасу, қозу, ұйқысыздық, ОЖЖ бұзылыстары, менструальды цикл бұзылысы, балаларда – өсудің тежелуі.
Қарсы көрсетілімдері: гипертониялық аурулара, Иценко-Кушинг синдромында, екі қабат әйелдерге, қан айналым жеткіліксіздігінде, психоз, нефрит, остеопарозда.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!