Бүйрек үсті бездің без заты

0
416

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ГОРМОНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
1.2 Гормондардың әсері
1.3 Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары

2 ӨСУ ГАРМОНЫН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Гормондардың әсер ету механизмі
2.2 Соматотропин немесе адамның өсу гормоны алу технологиясының ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5
13

15

24
24

29

31
32

КІРІСПЕ

Баланың дене бітімдік саулығын қалыптастырудың негізгі мәселелеріне мыналарды жатқызуға болыды: әуелі, бұл системогенезді үздіксіз бақылау және оны басқару арқылы оптималды үйлесімділіктегі конституцияны қалыптастыру. Бұл басқару патологиялық конституцияның көрініс беруін алдын алатын жағдайларды және ылайықты әсер ету арқылы конституцияның қалыпты жақсы деңгейде қалыптасуына жағдай жасау. Бұдан баланың дүниеге келгенге дейінгі және дүниге келгеннен кейінгі тіршілік ортасына, өмір салтына деген жоғары талап шығады.
Физикалық денсаулықтың екінші мәселесі – жаттықтырушы әсерлерді қолдану арқылы функциональдық қорды, энергетикалық потенциалды үздіксіз өсіру. Үшінші мәселесі, екіншімен тығыз байланысты және ауруларды спецификалық емес алдын алумен көрінеді.
Қорытынды соматикалық конституцияның қалыптасуы негізінен 5-6 жаста аяқталады. Бұл уақыттың ішінде әр түрлі ұрық жапырақшаларының мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау арқылы қалыптасу үрдісіне қандай да бағыттаушы әсер етуге болады.
Эктодермалық жапырақшадан тері, сілемей қабықтың бөліктері, жүйке жүйесі мен сезім мүшелері дамитындығы белгілі. Мезодермадан тірек-қимыл аппараты, жүрек-тамыр, бөлу және жыныс жүйелері қалыптасады. Энтодерма ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінің көптеген құрлымдарына бастама береді. Эктодермалық типте (астеникалық конституция) ас қорыту, тыныс алу жүйелерін және тірек-қимыл аппаратын жаттықтырған жөн. Ал энтодермалық конституциясының негізі бар балада артық майдың жиналуын және май жасушаларының көбеюін туындатпау үшін тамақтануды, әсіресе, көмірсуларды шектеген жөн. Көптеген тұжырымдар бойынша май ұлпасының жасушаларының көбеюі бала өмірінің алғашқы 1,5-2 жылында жүретіндіктен, әсіресе, осы жаста тамақтану режимін реттеудің маңызы зор.
Соматикалық конституцияны қалыптастыруда ең бір көңіл бөлетін жағдай, бұл уақытында баланың сымбатына дұрыс коррекция жасау. Ертеден бізге біздің денсаулығымыз біздің омыртқа жотамызда,- деген түсінік келген. Омыртқа жотасының қалыптасуының бұзылуы көптеген қызметтердің бұзылуына, әр түрлі ағзалардың дистрофикалық зақымдануына ауырту синдромына, астенияға әкеп соғуы мүмкін.
6-7 жас – көптеген физиологиялық қызметтерін өзінің қалыптасуын аяқтайтын, бала өміріндегі сынақ кезеңі. 7 жастағы балада мектепке баруға барлық қабілеттері жетілген. Одан шыдамдылықты, жауапкершілікті, ақпаратты меңгеруді талап етуге болады. Балада бұл жаста әлуметтік белгілірі айқындала бастайды. Бұл тез арада қайта құрылу кезеңі ұқыпты медициналық бақылауды талап етеді.
Екінші бала өміріндегі маңызды (бұл да сынақ) кезең – жыныстық пісіп жетілу кезеңі, жыныстық конституцияның қалыптасуы. Қорытынды соматикалық конституцияға жыныс гормондарының әсері уақытша десинхронизацияны, мүшелер мен жүйелер қызметінде сәйкессіздікті туындатады. Организм жүйе ретінде тұрақсыз жағдайда болады, сыртқы орта әсерлеріне өте сезімтал, сондықтан жыныстық жетілу кезеңін физиологиялық үшінші күйге жатқызады. Бұл кезеңде балаға аса ұқыпты көңіл бөлу қажет. Стрестік жағдайлар баланың өсуін және жыныстық жетілуін бәсеңдетеді. Сол себепті, жүйкесі қажыған гипопластикалық балаларда жыныстық жетілу жиі кешеуілдейді.
Кеш жыныстық жетілудің негізгі бір соматикалық белгілері: аяқ-қолдар ұзындығы мен өкпенің арасындағы пропорциялық сәйкессіздік, онша үлкен емес дене (былайша атағанда, евунхоидты конституция). Жыныс гормондары мен соматотропин (өсу гормоны) шеміршектердегі өсу аймақтарына қарама-қарсы, ілесе әсер етеді, біріншілерінің тежеуші әрекетінің жетіспеушілігінен екіншілері аяқ қолдардың өсуіне өзінің әсерін ұзағырақ тигізуге мүмкіндік алады. Бұл құбылыс жыныс конституциясын бағалауда болжамдық көрсеткіш ретінде қолданылуы мүмкін. Қызметтің кеш басталуы, сонымен қатар, ерте аяқталуы, организмнің қызметтік қорының төмендігінің көрініс беруі болып табылады.
Адам толық жетілмей дүниеге келетін сүт қоректілер қатарына жататындықтан оның өмірінің ерте кезеңінің тіршілік ету ортасына қойылатын негізгі талап: организмнің құрсақ ішілік кезеңнен постнаталды өмірге ырғақты өтуін қамтамасыз ететін жағдайдың болуы. Бұл жағдайларға: баланың дене бітімдік қорғалуы, стрестердің болмауы, ұтымды тамақтану, ұйқымен толық қамтамасыз етілуі жатады. Осыдан, бұл жағдайлардың организмнің трофотроптық бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты екенін көреміз. Бұл жағдайлардың маңыздылығы баланың келесі өмір кезеңдерінде де сақталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – өсу гармонын алу технологиясын зерттеу.
Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
oo ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсерін қарастыру;
oo гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондарын зерттеу;
oo өсу гармонын алу технологиясы туралы мағлұматтар жинастыру;
oo соматотропин немесе адамның өсу гормоны алу технологиясының ерекшеліктеріне толығырақ тоқталу;

1 ГОРМОНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Организмдегі белок алмасуының көрсеткіші – азот балансы (денеге түскен азоттың одан шығатын азотқа қатынасы). Өйткені майлар мен көмірсулардан өзгеше белоктың құрамына шамамен 16% азот болады. Тамақ құрамындағы азот денеге түгел сіңбейді. Сондықтан, организмге сіңген азоттың мөлшерін анықтау үшін, тамақтағы барлық азот мөлшерінен нәжіспен араласып сыртқа шыққан азот мөлшерін алып тастау керек. Сіңген азоттың мөлшері арқылы денеге пайдаға асқан белок мөлшерін анықтайық. 100 г белокта 16 г N2 болса, 1г N2 – 6,25 г белокқа сай келеді. Сондай-ақ несеп құрамындағы азоттың мөлшерін тауып, оны 6,25-ке көбейтсе денедегі ыдыраған белоктың мөлшері табылады. Егер организмге түсетін азот одан шығарылатын азоттан артық болса, онда оң азот балансы делінеді, яғни белоктың синтезі оның ыдырауынан басым. Көбінесе бұл жағдай өсу-даму барысындағы жасөспірім организіміне тән. Ал кейде организм ашыққанда немесе түрлі инфекциялық аурулармен ауырғанда, керісінше оң азот балансына қарама-қарсы теріс азот балансы байқалады. Дені сау организмге азот балансының тепе-теңдігі тән.
Денеден сыртқа шығарылатын азот мөлшері (ыдырайтын ұлпа белогы) тамақтану сипатына тікелей байланысты. Көмірсуы көп тағамдармен тамақтанғанда және белок жетіспегенде белоктар аз мөлшерде ыдырайды. Тамақпен түсетін белок мөлшері артса, организмнен шығарылатын азоттың мөлшері де артады. Организмнің қалыпты өсуі мен басқа тіршілік әрекеттерін толық қамтамасыз ете алатын белоктың мөлшерін белок оптимумы деп, ал азот теңдігі сақтала алатын белоктың ең аз мөлшері белок минимумы деп аталады. Балалардың өсуі үшін белок оптимумы қажет. Бірақ организмнің қабылдайтын белогының мөлшері тиісті шамадан асып кетпеу керек, асып кете қалған жағдайда нерв жүйесіне, бауыр, бүйрек қызметтеріне зиян келеді.
Дәрумендердің тамақта жоқ болуы нәтижесінде туатын ауруларды авитаминоз деп, дәруменнің тамақта бар болып бірақ жеткіліксіз болуынан организімдегі өзгерістерді (онда ауру толығымен байқалмайды) гиповитаминоз деп атады. Бірнеше дәрумендердің жоқ болуынан туған ауруды полиавитаминоз деп атайды. Тамақта дәрумен жоқ болғанда, алғашқы кезде барлық авитаминоздарға тән құбылыстар байқалады: тәбеттің болмауы, салмақтың азаюы, жас организмде өсудің тоқтауы, т.б. Одан соң барып сол жоқ дәруменге тән белгілер байқалады.
Қазіргі кезде 20 дәрумен мен 10 дәруменге ұқсас, бірақ әлі толық тексеріліп бітпеген заттар белгілі. Дәрумендерді ерігіштігіне қарай 2-ге бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритін дәрумендерге – А, Д, Е, К, ал суда еритіндерге – В, С-нің топтары жатады. Енді кейбір дәрумендерге тоқталап өтейік. Дәрумен А. Бұл өсу дәрумені болып табылады. Тамақтан дәрумен А-ны алып тастаса, өсу тоқталады, ал дәрумен А-сы бар сыйыр майын берсе, өсу қайта қалпына келеді. Авитаминоз А кезінде көз де ауырады. Дәрумен А жетіспеген балада ксерофталмия (көздің құрғақтығы) деген ауру пайда болады. Егер бұл үрдіс дами берсе, көздің қасаң қабығының терең қабаттарын қамтып, көзде ақ пайда болады. Авитаминоз А кезінде адам тауық соқыр да болып қалады, яғни қараңғы түсісімен көрмейтін болады. Дәрумен А көздің торлы қабығындағы таяқшалардың құрамында болатын көру пурпурында (қан қызыл, қарақошқыл түсті) кездеседі. (Дәрумен А-ның тотығу өнімі – ретинен ). Ретинен опсин деген белокпен қосылып родопсин түзеді. Ол көздің торлы қабығының жарықты қабылдаушылығын қамтамасыз етеді. Дәрумен А майда ериді. 200°-қа дейін қыздырса да бұзылмайды. Ересек адамға тәулігіне 3-5 мг каротин керек. Балалар мен жүкті әйелдерге одан да көп керек. Дәрумен А балық майында, сары майда, жұмыртқаның сары уызында, сүтте көп болады. Дәрумен А организмде бауыр мен бүйректе жиналады. Каротин сәбізде, шпинатта, помидорда, қызыл бұрышта, т.б. өте көп мөлшерде кездеседі.
Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. endon – ішкі, сrino – бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. һоrmae – қоздырамын, козғалыска келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан,лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық дағы гипоталамус (гр. һуро – асты, төменгі жағы, tаlаmое – бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (1-кесте).

1-кесте. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар
Бөлетін бездер
Ағзаға әсері
Тироксин
Қалқанша безі
Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады
Паратгормон
Қалканшамаңы безі
Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Инсулин
Ұйкыбездің аралды бөлігі
Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Глюкагон
—-
Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді
Адреналин
Бүйрек үсті бездің без заты
Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Норадреналин
—-
Қантамырларын тарылтады
Өсу гормоны (соматропты гормон)
Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гиреотропты гормон
—-
Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Адренокорти-котропты гормон (АКТГ)
—-
Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Окцитоцин
Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)
Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Вазопрессин
—-
Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер)
Аталық бездер
Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер)
Аналық бездер
Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Қызметі:
1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;
2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;
3. Өсу мен көбеюді реттейді;
4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.
Гипофиз (гр. һурорһуsіs – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент – меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (1-кесте).
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. аkros – аяқ-қол сүйектері, mega – үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы гүжілдеп жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. nanos – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын – гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.
Эпифиз – пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. [1]
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жол – мен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бөлемін не – месе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

1-сурет. Ішкі сөлініс бездері және олардың гормондары (В. Резен, 1984).

Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік без – дері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (24-сурет). Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.
Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады — эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан ба – ска ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады — бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкрео-зимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т.б.

Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

Бездер
Гормондар
Гипоталамус
гипофизотропты гормондар (либерин, статин) жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин)
Гипофиз
соматотропин (өсу гормоны)
Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)
тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоллитропин, липотропин, пролактин
Ортаңғы немесе аралық бөлімі
мелотропиндер (интермедии)
Артқы бөлімі (нейрогипофиз)
вазопрессин (антидиурездік гормон яғни неси бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады)
Қалқанша безі
тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына үқсас)
Қалқансерік безі
папатгормон, кальцитонин
Ұйқы безі аралшықтары
инсулин, глюкогон
Бүйрекүсті безінің қабығы
кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон),
андрогендер, эстрогендер

Бүйрекүсті безінің
милы заты
катехоламиндер (адреналин, норадреналин)

Аталық ұрық бездері
андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)
Аналық ұрық бездері
эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сары денеде жасалады)
Айырша бездер
тимозин т. б.
Эпифиз
мелатонин т. б.
Диффуздық энтериндік жүйелер
паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
Эндокриндік жасушалар
ренин — ангиотензивтік жүйе
Бауыр және бүйрек
соматомединдер, эритропоэтиндер
Плацента (бала жолдасы)
жатыр
эстрогендер, релаксин, прогестерон

Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері әртүрлі қызмет атқарады. Актондар — гормонның жасушаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлар — гор – монный әсер ету жерін, нысана жасушаларын іздейтін бөлік. Гор – мон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік дәрежесін және оның басқа қасиеттерін реттейді. Ағзалар мен тіндер, негізінен бауыр мен бүйрек жасушалары гормондарының сіңіру, күйзелту және шығару жылдамдығын реттейді.
Гормондардың алмасу жылдамдығын олардың жартылай ыдырауына кететін уақытпен (Т12) болжайды, яғни қанға енгізілген радиоактивті гормондар мөлшерінің екі есе азаятын уақыты. Дені сау адамда әртүрлі гормондардың жартылай ыдырау уақыты түрліше бола – ды (катехоламиндер — 0,5-2,5 мин., инсулин — 8-12 мин., альдостерондар — 30-50 мин., кортизондар — 70-90 мин., тироксин 4 тәулікте ыдырайды).
Гормондар құрамы мен әсері жағынан бірдей емес, бірақ оларға ортақ бірқатар физиологиялық қасиеттері бар.
1. Гормондар қашықтан (алыстан) әсер етеді, яғни олар өзінің жасалған жерінен қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биологиялық белсенді заттар (гистамин ацетилхолин т.б.) өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді.
2. Гормондар организм қызметін гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы әсерді орталық жүйке жүйесі атқарады, ал ішкі сөлініс бездері көбінесе оның әсерін күшейте не әлсірете отырып, эфференттік (шеткі) вегетативті және денелік жүйкелермен қатар қызмет жасайды.
3. Гормондардың арнайы әсері бар. Соған байланысты белгілі бір гормонның жетіспеушілігін, екінші гормонмен немесе басқа биологиялық белсенді затпен алмастыруға болмайды. Көптеген гормондар жоғары молекулалы қосылыстар, кейбіреулерінің табиғаты белоктық болып келеді, бірақ оған қарамастан олардың антигендік қасиеті жоқ, яғни оларды парэнтеральды енгізгенде арнайы антитәндер жасалмайды. Көбінесе қарсы гормондар табиғаты белок пеп – тид гормондарынан жасалады.
4. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады. Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1 нанограмм — 10-9 гжоғары).
5. Гормондар өте тез, бірақ қысқа мерзімде әсер етеді. Олардың өте тез әсер етуі және мембрана арқылы өтуі олардың молекулалық салмағына байланысты. Ал әсердің қысқа мерзімді болуы олардың тіндік ферменттердің ықпалымен ыдырауына және денеден бүйрек арқылы жеңіл шығарылуына байланысты. Қанда гормондардың қажетті мөлшері сақталуы үшін, бездер оларды үнемі үздіксіз жасап шығарып түруы керек.
6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылымдарына да әсер етеді, яғни оларда құрылымдық өзгерістер туғызуы мүмкін, кейде ағзалар тінінің өсуін күшейтіп, кейде тежейді. Гормондар зат алмасу қарқынына әрі РНҚ және басқа нук – леин қышқылдарының жасалуына әсер етеді. Эндокринді бездердің патологиясы кезінде адамның бет әлпеті соншалық өзгеруі мүмкін, бұл өзгерістер негізінде тез диагноз қоюға болады — акромегалия, гигантизм т. б.
7. Гормондар ферменттер қатарына жатпайды, яғни олар жасуша жоқ ортада жүретін химиялық үрдістерге арнайы әсер етпейді. Бірақ әртүрлі ферменттер арқылы химиялық әсерленістердің жылдамдығына әсер ете алады.

1.2 Гормондардың әсері

Гормондардың әсер ету тетіктері өте күрделі және биохимиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Белгілі бір гормонның қажеттілігі артса, гормон — белок кешені ыдырап, гормонның бос түрі пайда бо – лады. Байланысқан гормондар кор болып табылады, керек уақытта тез әрі жеңіл пайдаланылады. Белок тасушымен байланысқан гормон ферменттердің әсерінен ыдырап, бүйрек арқылы несеппен шығарылмай денеде сақталады.
Гормондар қан ағысына ілесіп барлық тіндер мен ағзаларға жеткенімен белгілі бір гормонды қабылдауға дағдыланған, әрі мембрана құрылымында орналасқан арнайы гормондар рецепторлары бар, олар тек белгілі бір тін мен ағзаға ғана әсер етеді. Оларды нысана тіндер деп атайды. Жасушалық қабылдағыш арнайы белок болып келеді, оның молекуласының белгілі бір бөлігі гормонның арнайы фрагментіне сәйкес келеді. Бұл сигналды қабылдауды, яғни гормон мен жасушаның өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Егер берілген гор – монды қабылдағыш болмаса, жасуша онымен қарым-қатынасқа түспейді, яғни оны танымайды.
Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормон-дар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді. Оның әсерінен жасушада циклдік 3151-аденозинмонофосфат (ЦАМФ) пайда болады. Ал олар протеинокиназаларды — белоктың синтезделуіне қажетті ферменттерді — белсендендіреді, бұл гормондардың кейбіреулері циклдік 3151-гуанозинмоно-фосфат (ЦГМФ) арқылы әсер етеді.
Стероидті гормондардың қабылдағыштары жасуша іші құрылымына орналасқан және гормон-қабылдағыш кешені генетикалық аппаратқа әсер етеді, заттардың жасалуына ықпалын тигізеді. Кейбір гормондардың әсер етуі мембрана өткізгіштігі өзгеруіне байланыс – ты. Қазіргі кезде гормондардың әсер етуінің бірнеше жолдары белгілі.
1. Гормондардың тіндер мен ағзаларға тікелей әсері болады. Мұндай әсердің себебі, гормондар мембрана арқылы жасушаға жеңіл өтеді, оған қоса мембраналарымен байланысқа түседі. Гормондардың тікелей әсерінің тетігі, жасушалық және субжасушалық деңгейлерде әлі толық зерттелмеген. Бар зерттеулерге қарағанда олардың түрлі әсер ету жолдары бар, олардың ішінде тікелей әсер ету тетіктерінің мынадай түрлері белгілі: а) Ферменттік жүйелерді, оның ішінде цитоплазма ферментін белсендендіру немесе бәсеңдету жолы. Бұл әсер жөнінде мәліметтер өте аз. Бұны адреналин мен гликогеннің фосфорилазды жүйеге адеіюзинмопофосфат арқылы циклды әсері дәлелдейді. б) Ядродағы генетикалық үрдістерді күшейту, мысалы, итбалықтың тез өзгерістеріне әсер ететін тироксин РНҚ алмасуын және арнайы белоктарды жасауды күшейтеді.
2. Гормондар ағзалардың қызметіне тікелей ғана әсер етіп қоймай, олардың қан тамырлары меп тіндердің әртүрлі хеморецепторларын тітіркендіре отырып, рефлекстік жолмен де әсер етеді. Гуморалдық жағынан жекешеленген, бірақ денемен жүйке арқылы байланысқан, кез келген ағза тамыры арқылы адреналинді өткізгенде әдетте кан қысымының, дем алудың, лимфа ағысының т. б. өзгерістері байқалады.
3. Гормондардың әсер стуінің үшінші тетіктері — орталық жүйке жүйесі арқылы орындалуы. Гормондар бір жүйке орталығын құрайтын нейрондардың кернеуін жоғарылату не төмендету арқылы олардың қозғыштығын өзгертеді. Гейманстың тәжірибелерінде иттің миын қоректендіретін қан тамырына тікелей адреналин енгізгеп, иттің басы денесімен тек қана кезеген жүйке арқылы байланысқан жағдайда ад – реналин кезеген жүйке орталығының тонусын жоғарылатып, жүрек қызметін бәсеңдетеді. Ал адреналин жүрекке тікелей әсер еткенде оның қызметін күшейтеді.
4. Кейбір жағдайларда гормопдардың, шартты рефлекстік әсерін байқауға болады.
Ішкі сөлініс бездерінің қызметін зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданады. Олардың негізгілері мынадай:
1. Эктомия немесе экстирпация — алып тастау. Бұл безді толық немесе бөлектеп алып тастау әдісі. Операцияда белгілі бір безді алып тастағанда, олардың реттейтін қызметтері бұзылады. Мысалы, қал-қансерік бездерін алып тастағанда жүйке ет қозғыштығы жоғарылап, қатты жиырылады. Бұл әсерленіс организмде паратгормонның жетіспеушілігі мен қандағы кальций деңгейінің күрт төмендеп, жасушаның қозғыштығына әсер етуінен пайда болады.
2. Эндокринді бездерден алынған сықпаларды және химиялық жағынан таза гормондар меп гормондық препараттарды кәдімгі немесе безі алынған жануарларға енгізу.
3. Эпдокринді бездерді трансплантация арқылы алмастырып тігу. Жануарларда зерттелетіп безді алып тастап, пайда болған өзгерістерді бақылау. Одан кейін алып тастағап безді қанмен қамтамасыздандыра отырып дененің басқа бөлігіне отырғызады. Егер осыдан кейін бұзылған қызметтер қалпына келсе, бездің ішкі сөлінісі бар деген сөз.
4. Парабиоз әдісі — екі жануардың тиісті қан тамырларын жалғастырып, қан айналысын ортақтастыру, содан кейін біреуінің безін, я бездерін алып тастап, оның дене қызметіндегі өзгерістерді зерттеу.
5. Ішкі сөлініс бездерін эксплантация әдісі арқылы зерттеу. Без неме – се оның бір кішкене бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып, оның тіршілік жағдайын зерттеу. Бездің қоректік ортада гормон жасауының саны мен сапасына әртүрлі үрдістердің әсерін зерттеу.
6. Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т. б.) гормондар мен олардың метаболиттерінің мөлшерін химиялық, иммунологиялық және басқа әдістер арқылы зерттеу.
7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу әдістері, нысана гормондар.
8. Флюоресция беретін қарсы денелер ең дәл дұрыс әдіс. Кейбір гормондардың қай жерде көбірек орналасқанын анықтауға мүмкіншілік береді. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеу әдісімен қоса жүргізіледі.
9. Клиникалық-анатомиялық әдіс. Ауруханаларда ішкі сөлініс бездері өзгерген адамды бақылап зерттеу. Өлген адамдағы белгілі бір бездің гипер — және гипоәрекеттік, патологиялық анатомиялық және гистологиялық, сонымен қатар денедегі нысана тіндерде пайда болатын өзгерістер зерттеледі.

1.3 Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары

Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Ол еркек жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады.
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және клиникалық мағлұматтар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды.
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған.
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі — жүйке жүйесі. Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің өз орны, маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністерінің жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік ерекшеліктері бұған дәлел.
Көмірсу алмасуының салыстырмалы ұзақ әрекеттік ауытқуын қамтамасыз ететін реттеуші механизмге гормондардың қатысуы, спорт жанкүйерлері мен емтихан тапсырушы студенттердің эмоциялық күйзелісі кезінде жақсы көрінеді. Түрлі эмоция кезінде қобалжығанда, қорыққанда, қуанғанда т. б. жағдайларда ылғи да гипергликемия қандағы қанттың көбеюі байқалады, ал кейде тіпті глюкозурия — не – септе қант пайда болады. Түрлі эмоция кезінде көмірсу алмасуының аталған өзгерістерінің пайда болуы норадреналин мен адреналиннің әсерінен бауырда гликогенолиздің күшеюіне байланысты. Сондықтан да бүйрекүсті безінің милы қабатында түзілетін гормонды эмоция гормоны деп те атайды.
Сонымен, бұл мысалда көмірсу алмасуына жүйкелік, реттеуден кейін гормондық реттеу қатысады.
Оған қоса, көптеген эндокриндік дерттердің (патологиялардың) тиреотоксикоз, қантты диабет, жыныс бездерінің ішкі сөлініс қызметінің бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің психикалық немесе физикалық жарақатынан кейін басталатыны мәлім.
Көпшілік гормондардың түзілуі мен қанға шығуы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер вегетативтік жүйке жүйесінің тамырларымен жабдықталған. Ал бүйрекүсті безінің милы қабатынан, қалқанша, қалқансерік, ұйқы бездерінің және гипофиздің артқы бөлімінің қызметіне секрециялық жүйке әсері толық дәлелденген.
Бүйрекүсті бездерінің милы заттарының симпатикалық инжүйкеациясы анықталды. Бұл жүйкені қоздырғанда адреналин мен норадреналиннің шығарылуы күшейеді, жүйкені кесіп тастаса сөлініс тоқтайды. Қалқанша безі тек симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелерді ғана емес, мойын жүйке талшықтарын да алады.
У.Кеннон (1914) мысықтың оң диафрагма жүйкесін симпатикалық жүйкенің шеткі мойын жақ ұшына (калқанша безін жүйкелендіретін) жалғастырғанда 6 айдан кейін гипертиреоз пайда болғанын анықтаған. Себебі қалқанша безімен жалғасқан диафрагмалық жүйкенің талшығы арқылы тыныс орталығынан үнемі дем алған сайын ырғақты қозулар безді тітіркендіреді. Кезеген және симпатикалық жүйкелердің талшықтары ұйқы безіндегі инсулиннің сөлінісін реттейді. Кезеген жүйке оны (стимуляциялайды) күшейтсе, симпатикалық жүйке керісінше тежейді.
Осы күнге дейін бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметіне әсер ететін секрециялық жүйкелердің бар-жоғы дәлелденген жоқ, бірақ жүйке жүйесінің гипоталамус-гипофизарлық жүйе арқылы әсер ететіні айқын. Сонымен бірге бұл жүйенің жыныс және қалқанша бездерінің қызметіне әсері дәлелденіп отыр.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды (25-сурет).
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер етушілер шығады.
Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына күйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр торын күрады. Соның арқасында гуморальдық стимулятор – лар без тіндеріне тікелей эсер етуге мүмкіндік алады.

Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы факторлар (ағыл. release — фактор) (кор-тикотропин босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин бо – сатушы, соматотропин босатушы, лютеотропин) өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, ГТГ, … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz