Бүйрек туберкулезі слайд,презентация

0

Бүйрек туберкулезі слайд,презентация

 

Бүйрек туберкулезі

 

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Этиологиясы
Патогенезі
Патологиялық анатомиясы 
Классификациясы
Клиникалық белгілері
Диагностикасы
Дифференциалдыдық дигностикасы
Емі 
III. Пайдаланылған әдебиеттер
Бүйрек туберкулезінің арнайы қоздырғышы-туберкулез микобактериясы (Кох бацылласы) туғызады.
Бүйрекке туберкулез қоздырғыштары:
Гематогенді
Лимфогенді
Өрлеме (урогенді )жолдар арқылы түседі және жұқтырады.
Туберкулез процесінің алғашқы жайылу кезеңінде ,яғни қанға өкпедегі және бронхтардағы лимфа түйіндеріндегі туберкулезден қан ағысына түсетін туберкулез микобактерияларыдың әсерінен бүйректіде зақымдайды. Мұнда екі бүйректің де қыртыс қабатында ұсақ туберкулез ошақтары пайда болады. Көпшілік жағдайда науқастың ауруға қарсы тұру қабілеті жақсы болса, пайда боған ошақтар сорылып жойылады. Алайда, жергілікті қолайсыз жағдайлардан ошақтар толық сорылмай тыныштық күйге өтеді, немесе ілгері дамиды.
Макроскопиялық зеріттеулерге қарағанда,бүйрек қыртысында шоғырланатын бастапқы туберкулез өзгерістері көбіне паринхиманың бетіне түсі ақшыл-сары, әртүрлі көлемді, казеозды некроз ошақтарынан, оларды қоршаған эпителиоидты, алып және лимфоидты жасушалардан тұратын арнамалы түйіршікті тіндер болады. Кейінен бұл ошақтар бір-бірімен қосылып-мұның соңы патологиялық қуыс-каверна түзуге әкеп соғады.Жіктелуі негізінен туберкулез үдерісінің дамуы,паренхиманың зақымдалуының көлемі мен тереңдігіне және инфилтративті өзгерістерден бастап, поликавернозды туберкулезге байланысты.
I-саты-бүйректің инфильтративті (деструктивті емес) туберкулезі
II-бастапқы деструкция:папиллит немесе шағын (диаметірі 1см-ден аспайтын) бірлі-жарым каверналар
III-саты-шектелген деструкция: үлкен каверналар немесе бүрексегменттерінің біріндегі поликаверналы туберкулез
IV-саты-тотальды немесе субтотальды деструкция (екі сегменттің поликаверналы туберкулез, туберкулез пионефрозы, бүйректі бор басу)
Микобактериялардың енуінен клиникалық белгілерінің айқындалуына дейінгі мерзім орташа 8 жыл құрайды. Ол көбіне бастапқыда өзге урологиялық аурулар,яғни созылмалы пиелонефрит, бүрек тасы ауруы,бүйрек ісігі және т.с.с. түрінде өтеді, белгісіз өтуі сирек кездеселі.бүирек туберкулезініңклиникалық көрінісіндегі мұндай өзгерістер оны айыра білуді одан әрі қиындатады

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!