Бүйрек слайд,презентация

0
258

Бүйрек слайд,презентация

Бүйрек

Зәр шығару және сыртқы жыныс  жүйесінің физикалық тексеру әдістері. Балалардағы ерекшелігі. Зәр шығару жүйесі бұзылысының негізгі клиникалық синдромдары: зәр өзгерісі, нефритикалық, нефротикалық, созылмалы бүйрек  жетіспеушілік синдромдары. Бүйрек құрылысы 1 — несепағар; 2 — бүйрек венасы; 3 — бүйрек артериясы; 4 — ми қабаты; 5 — қатпарлы қабаты; 6 —астауша; 7 — бүйрек пирамидалары; 8 — бүйректің ірі тостағаншалары.Нефронының құрылысы:
1 — әкелуші шумақтық артериола; 
2 — әкетуші шумақтық артериола; 
3 — шумақтық капиллярлар шоғыры; 
4 — бүйрек шумақшасы капсуласының сыртқы және ішкі бөліктері (Шумлянский —Боумен капсуласы); 
5 —капсуланың іші; 
6 — проксимальды өзекше; 
7 —Генле арнасының төмендеме бөлігі; 
8 — Генле арнасының өрлеме бөлігі; 
9 — дистальды өзекше; 
10 — зәрді жинаушы түтікше.
Негізгі шағымдары:

бел аймағының ауырсынуы, 
зәр шығарудың бұзылуы, 
зәр түсінің өзгеруі, 
ісіну, 
бас айналу, бас ауруы, 
көру қабілетінің нашарлауы 
Ісіну – таңертең қабақтары, беті ісініп тұрады, кейбір   науқастарда   түгел   денесіне   тарайды. Бүйректік ісіну   (бүйрек   капиллярларының   өткізгіштігі жоғарылауына    немесе    қанда онкотикалық     қысым төмендеуіне, Na+ иондарының көбеюіне байланысты). Бүйрек шамасыздығы дамығанда бүкіл денесі ісінеді. 
         Дизурия – зәр шығарудың бұзылуы (жиі және  ауырсынып зәр бөлу). Бір тәулікте шығарылатын зәрдің  мөлшері диурез деп аталады. 
        Тәуліктік диурездің көбеюі  – полиурия (1,5 литрден көп), зәр шығарудың жиілеуі – поллакиурия, ауырсынып зәр бөлу – странгурия, тәуліктік мөлшерінің азаюы – олигурия (500 мл төмен), зәр шығарудың толық тоқтауы – анурия (50 мл аз) деп аталады.
        
         Ишурия – зәрден қуықты босата алмауы (жұлын қысылғанда, зақымдалғанда, естүссіз жатқанда болады). 
        Никтурия – зәр шығарудың түнде жиілеуі. Қалыпты жағдайда түнде зәрдің 1/3  бөлігі бөлінеді. Никтурия созылмалы гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит ауруларының соңғы кезеңіне, бүйректің басқа да созылмалы сырқаттарына тән. 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!