Бүйрек слайд,презентация
Бүйрек слайд,презентация
Зәр шығару және сыртқы жыныс жүйесінің физикалық тексеру әдістері. Балалардағы ерекшелігі. Зәр шығару жүйесі бұзылысының негізгі клиникалық синдромдары: зәр өзгерісі, нефритикалық, нефротикалық, созылмалы бүйрек жетіспеушілік синдромдары. Бүйрек құрылысы 1 — несепағар; 2 — бүйрек венасы; 3 — бүйрек артериясы; 4 — ми қабаты; 5 — қатпарлы қабаты; 6 —астауша; 7 — бүйрек пирамидалары; 8 — бүйректің ірі тостағаншалары.Нефронының құрылысы:
1 — әкелуші шумақтық артериола;
2 — әкетуші шумақтық артериола;
3 — шумақтық капиллярлар шоғыры;
4 — бүйрек шумақшасы капсуласының сыртқы және ішкі бөліктері (Шумлянский —Боумен капсуласы);
5 —капсуланың іші;
6 — проксимальды өзекше;
7 —Генле арнасының төмендеме бөлігі;
8 — Генле арнасының өрлеме бөлігі;
9 — дистальды өзекше;
10 — зәрді жинаушы түтікше.
Негізгі шағымдары:
бел аймағының ауырсынуы,
зәр шығарудың бұзылуы,
зәр түсінің өзгеруі,
ісіну,
бас айналу, бас ауруы,
көру қабілетінің нашарлауы
Ісіну — таңертең қабақтары, беті ісініп тұрады, кейбір науқастарда түгел денесіне тарайды. Бүйректік ісіну (бүйрек капиллярларының өткізгіштігі жоғарылауына немесе қанда онкотикалық қысым төмендеуіне, Na+ иондарының көбеюіне байланысты). Бүйрек шамасыздығы дамығанда бүкіл денесі ісінеді.
Дизурия – зәр шығарудың бұзылуы (жиі және ауырсынып зәр бөлу). Бір тәулікте шығарылатын зәрдің мөлшері диурез деп аталады.
Тәуліктік диурездің көбеюі — полиурия (1,5 литрден көп), зәр шығарудың жиілеуі – поллакиурия, ауырсынып зәр бөлу – странгурия, тәуліктік мөлшерінің азаюы – олигурия (500 мл төмен), зәр шығарудың толық тоқтауы — анурия (50 мл аз) деп аталады.
Ишурия – зәрден қуықты босата алмауы (жұлын қысылғанда, зақымдалғанда, естүссіз жатқанда болады).
Никтурия — зәр шығарудың түнде жиілеуі. Қалыпты жағдайда түнде зәрдің 1/3 бөлігі бөлінеді. Никтурия созылмалы гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит ауруларының соңғы кезеңіне, бүйректің басқа да созылмалы сырқаттарына тән.