БҚО-дағы мектепте оқушы қыз балаға шприц сұғып алды
Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың біріндегі мектеп ауласында 7-сыныпта оқитын ер бала 6-сынып оқушысына шприц сұғып алған, деп хабарлайды
Белгілі болғандай, оқиға 22 қазанда Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді мекеніндегі Х.Нұрымғалиев атындағы орта мектептің ауласында болған. Оқиға туралы айтып берген Жаңақала ауданының орталық ауруханасының директоры Шыңғыс Сәрсенғалиевтің сөзінше, 7-сынып оқушысы 6-сыныпта оқитын қыз баланың сол жақ иығына шприц сұғып алып, жарақаттаған. Артынша фельдшер оқушы қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.
«Бүгін қыз баланы аудандық ауруханаға алдырдық. Ол толық тексеруден өтіп, емделуде», – дейді Шыңғыс Сәрсенғалиев.
Ал Жаңақал аудандық білім беру бөлімінің басқарушысы Елжас Қадыров қыздың ата-анасымен сөйлескенін айтты. Сонымен қатар оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.