БОШТАЕВ (ПОШТАЕВ) МҰҚЫШ | Скачать Материал
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Орындаған: ПжП-21 ТОБЫНЫҢ СТУДЕНТІ САДЫКОВА А.С
БОШТАЕВ (ПОШТАЕВ) МҰҚЫШ
Қазақ халқының аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленетін кезеңі — XX ғасырдың басы. Рухани азаттық пен демократиялық-ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Бұл кезеңде халқымыз саяси аренаға ел болашағы, ұлт азаттығы үшін күресе білетін, ұлтық идеяның жаршысы бола білген нағыз жанашырларын шығарды. Ел арасынан өздерінің білімділгімен, табиғи дарынымен, рухани парасатымен суырылып шығып, ұлттық идея үшін күрескендер Алаш азаматтары болды.
Алашым, елім, жерім деп кеткен үлкен жүректі арыстарымыз бен алыптарымыз, елдің тарихы мен мәдениетіне ықпал еткен қайраткерлеріміз, ел қорғаған батырларымыз, ғылым мен еңбек салаларында қозғаушы күш болған дара тұлғаларымыз қаншама. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұлтымыздың басынан өткен үлкен өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстар ұлт үшін қызмет ететін көптеген тұлғалардың қалыптасуына әсер етті. Міне, осындай кесек тұлғалы азаматтарымыздың бірі — Боштаев Мұқыш.
Мұқыш есімін бүкіл қазақ жұрты біледі деген бекершілік. Қазақ руханиятына сүбелі үлес қосқан алаш арысының өмірін тарихшы, алаштанушы ғалымдар білетіні болмаса, кейінгілердің, жас ұрпақтың хабары жоқтың қасы. Ендеше ұлтына қамқор болған, алаш арысы Мұқыш Боштаевтың өмірін оқырман қауымға таныстыруды да жүзеге асырсақ.
Боштаев (Поштаев) Мұқыш — Алаш қозғалысының қайраткері, белгілі заңгер, журналист, заңгер, журналист. 1897 жылы бұрынғы Семей облысы, Павлодар уезінде дүниеге келген.
Баянауылдан шыққан М. Боштаев Қазан университетінің (енді бір деректе Петербург) заң факультетін бітірген. Уақытша үкімет тұсында Павлодар уезінде сот төрағасы қызметін атқарды. Семей облысы қазақ комитетінің жұмыстарына белсенді түрде ат салысты.
Боштаев Мұқыш — Жалпықазақтық съездердің белсенді мүшесі. Ол 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен тұңғыш Жалпықазақтық съезде М. Боштаев Семей облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Жүсіпбек Аймауытовпен бірге депутаттыққа кандидат болып ұсынылады. 1917 жылдың 27 сәуірі мен 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезінде облыстық комитеттің мүшесі болып Жүсіпбек Аймауытовпен бірге сайланды.
Мұқыш Боштаев студент кезінен қоғам өміріне белсенді араласты. Ресейде оқыған басқа студенттермен бірге ұлттық Қазақ газетінің ашылуына орай редакцияға хат жазады. Қазақ газетіне білім беру мәселесі туралы (1915; № 111) мақалалар жариялайды. М. Боштаев студенттерді материалдық тұрғыда қолдайтын Игілік атты мәдени-ағарту қоғамын құру жөнінде бастама көтереді. Мақала Игілік қауымы деп аталып, газет оқырмандарының ерекше қызығуын туындатты. Біраз уақыттан кейін … жалғасы