Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер слайд,презентация — Әдебиет

0

Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер  слайд,презентация 

 

 

 

Мақсаты: а) Білімділік:  Қимыл, іс — әрекеттің болу — болмау мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу; оқушыларға еліміздің ақиық ақыны Қадыр Мырза Әли өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру. Адамгершілік, ақындық қасиеттерін таныту және тіл шеберлігін ұғындыру. 
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой тұжырымдарын, әдеби тіл байлықтарын, есте сақтау қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту көркем жазуын дамыту. Сөздік қорын молайту және тіл дамыту. б) Тәрбиелік: Ақын – жазушылардың жалпы өнерін құрметтей білуге, басқа да ұлы адамдардың көзқарасын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Ақынның тек өз өлеңдерінен ғана тұратын жеке жыр табағы жарық көрді.
Жан — жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Ой тастау. Балалар, бұл сөйлемдерде өздерің байқағандай іс — әрекет жүзеге асты ма? Берілген сөйлемдерде не айтылады? Ал енді бұл сөйлемдердегі іс — әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?
Тыйым сөздермен жұмыс.
Бос бесікті тербетпе. Малды теппе. Үй ішінде ысқырма. Көпке топырақ шашпа. Жібер – жіберме
 Қаз – қазба 
Шақыр – шақырма 
Төз – төзбе 
Тізеңді құшақтама!
 Құр бесікті тербетпе!
Бүйіріңді таянба! 
Үлкен кісінің алдын кесіп өтпе!

                                   

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!