Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру туралы қазақша
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруды табысты жүзеге асыру үшін осы үрдісті ұйымдастыруға, оның талаптарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды анықтау қажет.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын кәсіби іскерліктері мен дағдылар деңгейінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын негіздеу үшін осы мәселе бойынша педагогика және психология ғылымдары саласында жүргізілген ғылыми зерттеулерге талдау жасалынды. Атап айтқанда, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке даярлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын зерттеген Л.С.Выготский, Е.М.Иванова, Н.М.Борытко, В.В.Лобачев, Ш.Бахтыбекова, Т.Қуанышев, Ж.М.Төлегенов, Ә.К.Әбділлаев, Ж.К.Оңалбек, т.б еңбектерінде болашақ мұғалімді кәсіби қызметке даярлаудың оның тұлғалық кәсіби-бағдарланған қасиеттеріне арналғаны жөн деп саналған.
Оның ішінде С.Т.Каргин, М.С.Молдабекова, М.О.Абдикаримов, А.Б.Интыкбаева, В.Ю.Саловтар нақты педагогикалық шарттарды туғызу болашақ педагогтарды кәсіби қызметке даярлауда шешуші міндет атқарады десе, А.Б.Нұрлыбекова, К.С.Абишев, Б.И.Орумбаев, Т.Қуанышев даярлық жұмыстары арнайы ұйымдастырылған педагогикалық ортада нәтижелі болады деп санайды.
Н.М.Борытко, Ж.Қобланов, Ж.Егизбаев, Л.С.Асмолова, У.С.Марчибаев, В.В.Лобачевтар педагогикалық шарттар деп педагогикалық үрдістің өтуіне маңызды ықпал етуші, мұғалімнің саналы түрде құрастырған сыртқы себебі деп түсіндіреді. Олар сыртқы себептерді мақсатқа жету үшін оқытуды ұйымдастыру формаларын, білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау, құрастыру және қолданудың бағдарланаған нәтижесі болып табылатынын көрсетеді.
Н.М.Борытко педагогикалық шарттарды айқындау үшін біраз зерттеу шараларын жүзеге асыру қажет деп санайды олар таңдап алынған әдістер мен жұмысты ұйымдастыру формаларының дамыту потенциалы; теориялық келістерде және педагогикалық тәжірибелерде нақты белгісі бар эпизодтар; зерттеу мәселесін дамытуды ынталандыру және қарсы әсер ету; өте тиімді әдістемелік тәсілдер мен жұмыс формаларын және басқарылатын педагогикалық шарттарды таңдап алу; өзіндік көзқарасты дамытуға мүмкіндік беретін даму логикасын педагогикалық тұрғыдан құру; үрдісті диагностикалау және түзету құралдарын таңдау; ұсынылған шарттар жүйесінің нәтижелілігін дәлеледеуді таңдау болып табылады.
Сол сияқты, Г.Д.Иванов, Д.Р.Абдикадыровтар болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби қызметке дайындығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтауда психологиялық-педагогикалық нобайға сүйену қажет жеп санайды . Олардың тұжырымдарына сәйкес нобай (модель) – схема, физикалық құрылым, таңбалық форма, немесе формула түрінде берілген, зерттелетін нысанаға ұқсас болатын, осы нысананың құрылымын, қасиеттерін және өзара байланысын бейнелеп көрсететін жасанды нысана.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда Ш.М.Бақтыбаева, О.А.Аяшев, А.Б.Нұрлыбекова, М.О.Абдикаримов, В.В.Лобачевтар ұсынған педагогикалық нобай туралы ойларының негізгі ұстанымдарын пайдаландық.
Жоғарыда атқарылған талдау жұмысының негізінде осы зерттеу талабына сәйкес педагогикалық нобай мынадай кезеңдерді қамтығаны жөн деп санаймыз: 1) зерттеу пәнін сапалық сипаттау, яғни нобайдың әдіснамалық негізін таңдау; 2) нобайдың міндеттерін қою; 3) зерттеу нысанасының негізгі элементтері арасындағы байланысты дәйектеу, нысанасының өлшемдерін және осы өлшемдердің өзгеруін бағалау критерийлерін анықтау, өлшеу әдістемелерін таңдау; 4) нобайды педагогикалық эксприментте қолдану; 5) нобайлау нәтижесін түрлендіру.
Педагогикалық нобайлау үрдісі мынадай ұстанымдарға негізделді: зерттеу мәселесін өрнектеу және педагогикалық жағдаяттың дамуын талдау; белгілі бір құндылықтар және келістер жүйесінде ойлар ұсыну; жетекші ойларға және құндылықтарға сәйкес қажет деп саналатын педагогикалық нысананы құрудың нобайын әзірлеу; мақсатқа жетудің тәсілдері туралы ұсыныстарды өрнектеу; қызмет, әрекеттің кезеңдерін сипаттау; күтілетін нәтижелерді бағалау критерийлерін айқындау; педагогикалық қызметтің оңтайлы варианттарын таңдау; ойды жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді нақтылау; диагностика және түзету қызметтерін жүзеге асыру кезеңдерін анықтау; қорытынды кезең: нәтижелерді түйіндеу, қорытынды.
Жоғарыда келтірілген ұстанымдар негізінде болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы әзірленеді. Нобайды әзірлеу барысында дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық және құзыреттілік (функ-циональды) ерекшеліктері есепке алынды. Сонымен бірге, біз әзірлеген нобай негізіне бірнеше психологиялық-педагогикалық принциптер кірді. Олар жүйелілік принципі, диалог принципі, білімгерлердің даралық ерекшеліктерін есепке алатын даралық принципі, ғылымилылық принципі, үздіксіздік принципі.
Біз әзірлеген болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы кәсіби қызметке дайындық мақсатын, құрылымын және дайындықтың қалыптасу деңгейлерін, білім беру үрдісінің тиімділігін диагностикалау әдістері мент құралдарын, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын қарастырады.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың даярлығын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін оқу-тәрбие, әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-ағартушылық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-шылық-басқарушылық, денсаулық сақтау-салауатты өмір салтын насихаттау қызметтерін қатар алу жүру қажет. дағдыларының мазмұны мен оларды ұйымдастыру формалары нақты жүйені қамтитын нобайға (модельге)
Аталған кәсіби-педагогикалық қызметтер білімгерлердің 1-4 курстарда алатын білім, іскерліктері мен сүйенеді. Онда дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымы (4-сурет) мен кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру деңгейлері мен мазмұны (1 кесте) есепке алынып, есепке алынып, академиялық типті оқу қызметін (лекция, семинар, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар) және кәсіби қызметті ұйымдастыру формалары: педагогикалық практика, сабақтарды талқылау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдері анықталынады.
Ұсынылып отырылған нобайға сәйкес зерттеу жұмысының негізгі мақсаты білімгердің
кәсіби қызметке даярлығын қалыптастыру үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттардың қажеттігін көрсету болып табылады. Біздің жұмысымызда оқытуды қарқындату және саралау арнайы ұйымдастырылатын педагогикалық шарт ретінде болашақ дене шынықтыру мұғалімін дайындау үрдісінде академиялық типті оқу қызметін ұйымдастырудың (лекция, семинар, практикалық сабақтар, спорттық жаттығулар) тек мазмұнын ғана өзгертіп қоймай, сонымен бірге сол үрдісті
ұйымдастыру формасын түрлендіру, яғни кәсіби оқыту формаларының басымдығын қамтамасыз ету секілді педагогикалық шартты жүзеге асырудың механизмін(рөльдік ойындар, тренингтер, топтық талдау, қарым-қатынастық зерттеулер арқылы) тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруда оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралда-рымен қамтамасыз ету кәсіби қызметтің білімдік, құндылықтық және әрекеттік мазмұнын байытуға, таңдау материалдарының қорын әзірлеуге және оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалануға, сол арқылы педагогикалық қызметтің әрекеттік құраушысын күшейтуге мүмкіндік жасайды.
Ал рефлексияны дамыту арқылы ең басты педагогикалық шарт бола алатын кәсіби қызметті ұйымдастыру формаларын, яғни педагогикалық практика кезеңінде сабақтарды талқылау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, кәсіби талқыдан өту секілді кәсіби қалыптасудың әрекеттік мазмұнын меңгерту құзырлы педагогқа тән кәсіби іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың соңғы кезеңін қамтамасыз ете алады.
Сондықтан да нобай мазмұны бойынша оқу үрдісінде ойындарды топтық формада ұйымдастыру ұжым мүшелерінің өзара бірлігі мен беріктілігін қалыптастыруға жетелейтін тұтастығын, белгілі бір нәтижеге жетудің табыстылығына ұжымның сенуіне, топтық қарым-қатынас үрдісінде
педагогикалық мәселелердің ортақтығына, бірін-бірі қолдауға ортақ құралдарды іздеу және табуға жаттығу, топта қолдау табу үшін қажетті мінез-құлық үлгілерін қолдану, оқушылардың сыртқы (бәсекелестік) ұмтылыстарын ішкі (мазмұндық) ұмтылыстарға түрлендіру секілді нәтижелер алуға мүмкіндік береді деп саналады.
Осы педагогикалық шарттар білімгерлердің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын дамытушы және қалыптастырушы шешуші факторлар бола алады. Олар бір-бірімен үйлесімділік таныта отырып, өзара тәуелділік сипатын көрсете алады. Сондықтан осындай ұйымдастыру формасы даралық және фронтальды ұйымдастыру формаларына қарағанда бәсекелестіктен ынтымақтастыққа жетелейтін тиімді форма болып табылып отыр.
Кәсіби ойындар өз мәні бойынша нақты өмірдің барлық жағын бейнелей алатын көркем-бейнелі сипатта болады. Оны психологиялық көзқарас бойынша рольдік ойындардың мазмұны олардың адамды өзгерту емес білім беру үрдісіндегі тәрбие субъектілерінің арасындағы кәсіби-педагогикалық қатынас деп санауға болады.
Дене шынықтыруды оқыту теориясы мен практикасы туралы психология-лық, педагогикалық зерттеулер талданып, «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымы дәйектелді және оның құрылымдық мазмұнын анықталынды. Бұл мазмұнға сәйкес дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі мұғалім мен оқушының «субъект-субъект» қарым-қатынасының интегральды жүйесі болып табылатыны, ал оның басты мақсаты дене дамуын түзету, денсаулық мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, арнайы қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын меңгерту болып саналатыны ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделді. Осы тұрғыдан дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық мазмұны, оның құрылымдық және құзыретті құраушылары айқындалды.
Дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі, көп құзыретті (полифункциональды) жүйе ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Бөлім мазмұнында тал-данған еңбектер бойынша дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогика-лық қызметінің көпқұзыреттілігі кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде мұғалім ұйымдастыратын және оқушы тұлғасын дамыту, оларды қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып сипатталатыны расталды. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыпта-сатыны және оның көрінісі тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынатыны ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденді.
Теориялық материалдарды талдау және зерттеу мәселесі бойынша жасалынған тұжырымға сәйкес зерттеуге алынған педагогикалық үрдісті нобайлаудың мынадай ұстанымдары анықталды: зерттеу мәселесін өрнектеу және педагогикалық жағдаяттың дамуын талдау; белгілі бір құндылықтар және келістер жүйесінде ойлар ұсыну; жетекші ойларға және құндылықтарға сәйкес қажет деп саналатын педагогикалық нысананы құрудың нобайын әзірлеу; мақсатқа жетудің тәсілдері туралы ұсыныстарды өрнектеу; қызмет, әрекеттің кезеңдерін сипаттау; күтілетін нәтижелерді бағалау критерийлерін айқындау; педагогикалық қызметтің оңтайлы варианттарын таңдау; ойды жүзеге асыру үшін қажетті міндеттерді нақтылау; диагностика және түзету қызметтерін жүзеге асыру кезеңдерін анықтау; қорытынды кезең: нәтижелерді түйіндеу, қорытынды.
Нобайды әзірлеу барысында дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық және құзыреттілік (функциональды) ерекшеліктері есепке алынды. Сонымен бірге, біз әзірлеген нобай негізіне бірнеше психологиялық-педагогикалық принциптерге: жүйелілік принципі, диалог принципі, білімгерлердің даралық ерекшеліктерін есепке алу принципі, ғылымилылық принципі, үздіксіздік принциптеріне сүйенуді қажет деп қабылдадық.
Біз әзірлеген болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы кәсіби қызметке дайындық мақсатын, құрылымын және дайындықтың қалыптасу деңгейлерін, білім беру үрдісінің тиімділігін диагностикалау әдістері мент құралдарын, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын қарастырады.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімін кәсіби педагогикалық қызметке даярлауды тиімді ұйымдастыру үшін оқу үрдісін арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттарға сәйкес жүргізу қажеттігі расталып, олар мынадай мазмұнды қамтуы тиіс деп тұжырымдады: білім беру мазмұнын саралау (дифференциациялау) арқылы оқытуды қарқындату; бағдарлап оқыту арқылы білім мазмұнының кәсіби басымдығын қамтамасыз ету; оқытуды психологиялық, ақпараттық бағдарлама құралдарымен қамтамасыз ету арқылы болашақ мұғалімнің жалпыпедагогикалық және кәсіби іскерліктерінің сабақтастығын қамтамасыз ету; рефлексиялық қызметке даярлығын дамыту арқылы өзінің кәсіби іскерліктері мен дағдысын бағалай алуға жағдай тудыру.
#Болашақ #дене #шынықтыру #мұғалімінің #кәсіби #іскерліктері #мен #дағдыларын #қалыптастыру
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз