Бөкей ордасының құрылуы слайд, презентация — Тарих
Бөкей ордасының құрылуы слайд, презентация
Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан — өз заманының білікті тұлғасы.
Сабақ мақсаты:
1. білімділік. Бөкей ордасының құрылуы, оның мұрагері Жәңгірдің кезіндегі халықтың жағдайы, Исатай мен Махамбет көтерілісінің шығуы және Жәңгір ханның өз заманында білімді — білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасап зерттеу.
2. тәрбиелік. Жәңгір ханның бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.
3. дамытушылық. Тақырыпқа байланысты құжаттар, әдеби — мұралармен жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың ізденімпаздығын және пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
Кіріспе.
Күні кешеге дейін еліміздің тарихында елеулі орны бар қазақтың біртуар хандар Бөкей хан мен Жәңгір ханның есімдерін құрметтеу былай тұрсын елеуден, ескеруден де қалған еді. Тарихи деректерде пайдалана отырып Бөкей мен Жәңгір қандай саясат ұстады, халқына қайыр — шапағаты тиді ме? — деген сауалға жауап іздедік.
Жас тарихшылар тобы:
Бөкей хан кім?
Бөкей – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 жылы дүниеден өткен. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған.
Бөкей ордасы қай жерде құрылды?
Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,
1801 — 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.