Бой жазу жаттығулары балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Мақсаты:      Бой жазу жаттығулар туралы балаларға түсінік беру
Білімділігі:   Қимылдық ойындар арқылы ойынға деген қызығушылықты  
                       арттыру, шапшаңдыққа, ептілікке үйрету, дене қимылдарын 
                       сымбатты қалыптастырып, күш-қуаттандыру.Тілдерін дамыту,  
                       сөздік қорын молайту, дене тәрбиесіне баулу арқылы  әсемдікке
                       әдептілікке баулу. 
Дамытушылық: Жетілдіруші жаттығулар арқылы балалардың дене  
                              қимылдарын дамыту
Тәрбиелігі:    Балалар арасындағы қарым-қатынас, сыйластықты қалыптас- 
                        тыру.    
                       Бауырмалдылыққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Түрі:              Ойын
Көрнекілігі:  Үнтаспа, теңгелер, қалта, ат ойыншықтар, текшелер, кегли,
                         кедергілер,қызғалдақ, бәйшешек, жауқазын атрибуттары, 
                         жалаушалар
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету, топтастыру, би қимылдары
І. Ұйымдастыру бөлім
Балалар бірінің артына бірі жүріп музыка әуенімен залға кіреді. 
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр, қане қонақтармен амандасайық.
                            Қуан шаттан алақай!
                         Қуанатын кез келді.
                       Қайырлы таң, қайырлы күн!
                    Күліп шықты күнбүгін
                 Сәлематсыз ба? қонақтар 
               Бәріміз күндей жарқырайық!
             Бәріміз тату болайық. 
Сап элементтерін қайталау ( сапқа тұру, жүру, жүгіру)
ІІ. Сапқа тұру
1.    Аяқтың  ұшымен тұрып, күннің көзіне қарай қолымызды созып, гүлдің жұпар иісімен терең дем алайық. Аяқты кезе көтеріп, қолды жоғары созған бойы мұрынмен тыныстайық. 
2.    Қолдарды белде ұстап, гүлдерді басып кетпеу үшін аяқты көтеріп жүрейік.
3.    Аяқтың ұшымен жылдам жүру. 
ІІІ. Жаңа сабақ
Бой жазу жаттығулары
—    Балалар біз бүгін бой жазу жаттығуларымен танысамыз. Бой жазу жаттығу-лары деп- ұйқыдан оянысымен адам жұмыс қабілетін тез қалпына келтіретін жаттығулар жиынтығын айтамыз. 
Ұйқыдан тез сергу үшін бой жазу жаттығуларын орындау қажет. Бой жазу жаттығулары біздің денеміз сымбатты әрі әдемі болуға және ауырмауға өте пайдалы. 
                     Күні бой қызыққа,
                     Батамыз да қаламыз.
                     Қиынсынып қашпаймыз,
                     Шынығамыз жастай біз.
                     Көңілді әуен сазымен.
                    Жаттығуды бастаймыз.
1.    Құстай қанат қағайық.
Екі қолды жоғары
Сәл көтерсек болады.
Енді оны бөгелмей,
Түсірейік төменге.
Міне, былай, қарайық.
Құстай қанат қағайық!
Бір, екі!
Бір, екі!
Жаттығайық біркелкі.
2.    Шегірткедей ыршиық!
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік,
Ыршып алға түсейік.
Ыршып артқа түсейік.
Бір-екі, үш-төрт.
Бір-екі, үш-төрт!
Шегірткедей ыршиық
Ыршып-ыршып 
Тыншиық.
3.    «Әй-әй-әй!» деген баладай
«Әй-әй, әй-әй!
Әй-әй-әй»-
Осы қынжылған баладай
Басты қисайтып солға бір
Басты қисайтып оңға бір
Бір-екі, үш-төрт.
Бір-екі, үш-төрт!
Жаттығудан денеміз шымырлана түспек.
4.    «Жоқ-жоқ!» деген баладай,
Сұраққа сөз таба алмай.
Аш аяқтың арасын,
Екі қолды белге ұста.
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Міне, былай,балалар
Қане, байқап қарап ал!
5.    Отырайық тұрайық!
Ал, балалар, бір ауық,
          Әріп сырын ұғайық.
«А» дегенде отырып,
«Б» дегенде тұраайық.
А-а
Б-б
А-а
Б-б
Отырып, тұр дағы.
6.    Тыныстайық тереңнен!
Жүгірдің де қарғыдың,
Жарадыңдар барлығың.
Шаршадыңдар дегенмен,
Тыныстаңдар тереңнен.
Қане, «Үп!» — деп айтайық 2,
Демді ішке тартайық.
Енді «УҺ!»-деп айтайық,
Демді шығар қайтарып.
Босаңсытып денеңді,
Бей-жай күйге ен енді.
Басты көтер
Тік ұста!
Емін еркін тыныста.
Бә-ре-кел-ді.
Балалар!
IV. Қимылды ойындар.
1.    Теңге алу.
Мақсаты: жүгіру кезінде қосымша жаттығулар жасауға үйрету.
Мазмұны:  Ойыншылар санау арқылы 2-3 командаға бөлініп, сызықтан кейін тұрады. Әр команданың алдында 10-15 метр жерде  3 командаға «теңгелер салынған қалталар» жатады. Одан 10-15 метр қашықтықта белгі қойылады. Мұғалімнің « Бір! Екі! Бастаңдар!» деген белгісінен кейін, әр командада бірінші тұрған ойыншылар жүгіре жөнеледі. Теңгені алып, белгіні айналып келіп, екінші баланың алақанына соғу арқылы ойын кезегін береді де, өзі тізбектің соңына барып тұрады. Ойын осылай командадағы барлық бала ойнап шыққанша жалғасады. Ойын шартын бұзбай ойнаған және ұйымшылдық пен шапшаңдық көрсеткен команда жеңген болып саналады. 
2.Жер, су, ауа.
Мақсаты: ойлау қимыл-қозғалыс қабілеттерін ұштастыруға үйрету.
Мазмұны:
Ойыншылар санау арқылы 2-3 командаға бөлініп, алдыңғы ойындағы-дай, сызықтан кейін тұрады. 
Олардың ортасынан сопақ үш шеңбер сызылып, біреуінің ішіне- «Жер», екіншісінің ішіне «су», үшіншісінің ішіне «Ауа» деп жазылады.
Мұғалім:
—    Жерде қандай жануарлар бар?
—    Суда қандай балықтар, жәндіктер бар?
—    Ауада қандай құстар мен жәндіктер ұшып жүреді?- деген сұрақтарға кезек-кезек жауап беріп, алдын ала жаттығып дайындық  жүргізеді. Содан кейін мұғалім « Ауа» дегенде үш топтың балалары жүгіреді. «Жер», «Су» дегенде тағы да өз шеңберлеріне жүгіреді. 
Осылайша ойын жалғаса береді. 
V. Қорытынды: Жалауша әнімен балаларға би билетіп аяқтау. 
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз. 
VI. Мадақтау. Жақсы қатысқан балаларға сыйлық беру.

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:     Көктем құстары
Мақсаты:        Балалардың көктем туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,   
                        жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын 
                        арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат  
                        беру.
Білімділігі:     Балалардың көктем құстары туралы білімдерін және олардың   
                        немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын, 
                        ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі:     Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік се-  
                        зімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:    Сиқырлы сандық, құстардың суреті, тордағы құстың суреті, 
                        орманның суреті т.б
Әдіс-тәсіл:      Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ой қозғау страдегиясы  
                         кубизм әдісі, венн диаграммасы.
Түрі:                Саяхат
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2) Қонақтармен амандасу
3) Балалардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу
1)    Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
2)    Ой қозғау страдегиясы:

 

 

 

 

 

 

Балалар өз ойын ауызша айтып шығады.
ІІІ. Орманға саяхат.
Балалар қазір біз бәріміз орманға барайық. Орманға «Көктем» әнін тындап барайық.
Осы мезгілде көктем музыкамен билеп кіреді.
Көктем: Сәлем, достар аман ба?
              Шат-шадыман Көктеммін
             Мынау бейбіт заманда
             Шаттық болсын әмманда.
Саламатсыздарма қонақтар, саламатсыздарма балалар!
Міне мен  сіздерге асыға жеттім! Көктем мерекелерің Құтты болсын! Мен сендерге құр алақан келгенім жоқ.
«Сиқырлы сыр сандық» алып келдім. 
IV. Болжау страдегиясы
Ішінде не бар деп ойлайсындар?
-Ал балалар көктемге бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар? (балалардың қиялы)
-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықта ашқан кезде ішінен құстардың дыбысы естіледі.
-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?
-Құстардың дыбысы естіледі. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    
Құстарға сипаттама береміз.
Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспай-ды. Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. Көкек улы құрттарды жейді.
Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз. 
Қарлығаш- қасиетті құс дейді. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып жейді. 
Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауылдың кісілері.
Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу болып жүреді. Аққуды атуға болмайды деген мақал бар. 
VI. Сен жалғастыру ойыны.
Шарты: Мысалы Қарлығаш балшықтан…
                             Торғай балапандарына…
                             Аққу өте…
                             Көкек жұмыртқасын…
                             Қарға бар дауысымен…
VII. Құстар туралы сөйлем ойлау.
Сергіту сәті.
5.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу. 
6. Құстар сияқты көлден су ішу
7. Бір орында тұрып айнала ұшу
8. Орындарына барып қону. 
Көктем. Сендерге жұмбақ жасырайын. 
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
(қаз)

Күміс сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(балапан)

Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала.
(сауысқан)

Балапанын басатын басқа құс бар,
Бар сондай қасқа құс.
(көкек)

 

 

VIII. Венн диаграммасы.

 

 

 

 

 

    
Айырмашылығы. Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді. Ал көктем құстары далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері тауып жейді. 
Ұқсастығы: Екеуі де құстар
Көктем: Құстар туралы кім тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ біледі. Мысалы, құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма. 
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Құстар туралы тақпақтар.
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинаймын мен талшықты.
Ұқсатып қамытқа
Ұя саламын жабыққа.

Көктемді хабарлап
Ұзағым келдің бе?
Қойым ем даярлап
Ұяңды көрдіңбе?

Балалар құстар біздің досымыз екен. өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясые бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек. 

ІХ. Ойын. «Құстарға жем шашайық»
Шарты: мына құстарға жауап берсек, онда құстарға жем береміз. 
1.    Қыста қалатын құстарды ата?
2.    Көктем жаршысы қай құс?
3.    Құстар немен қоректенеді?
4.    Қай құстармен таныстық?
5.    Қандай үй құстарын білесің?

Х. Кубизм әдісі. Қандай құс?
Шарты: Кубикті лақтырып қандай құс екенін табу.
Көктем: Өте жақсы балалар. Сіздер тамаша білімдеріңізді көрсеттіңдер, ризамын.
Міне, мынау сіздерге әкелген сыйлығым. Балалар табиғатты аяласын, құстарды қорғасын олар біздің қанатты достарымыз ғой. Ал енді мен басқа мектептерге ормандарға баруым керек. Келесі кездескенше!
-Біздің балаларымыз да сізге арналған әндері бар тыңдап кетіңіз. Шожелер әнімен бізде орманнан қайтайық. 

ХІ. Қорытынды: Ал балалар біз бүгін көктем құстарымен таныстық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдарыңа…
Еліміздің болашағы мына сіздердің білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын. 

ХІІ. Мадақтау. 
Көктемнің әкелген сыйлығын, яғни бәйшешекті балалрға берейін. 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!