Бөбек тілегі балабақшадағы ашық сабақтар

0

                                                        Бөбек тілегі

 

Тәрбиеші:Салимгереева Айгүл Сағындыққызы 
Тобы: «Балапан» ерте жас 
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Т.Ерғабылов «Бөбек тілегі»
Мақсаты: Балаларға өлең шумағын қайталатып, тілдерін дамыту.Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке баулу.
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыс:  Балаларға отбасы мүшелерінің  суреттерін көрсету.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Отбасылар суреттері.
Билингвалдық  компонент :ата- дедушка,әже-бабушка.
Іс -әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің  іс-әрекеті    Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық шеңбері:
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек?
 Көңілді боп жүрейік.

-Сәлемметсіңдер ме балалар!    

-Балалар тәрбиешімен бірге қайталап,қимылмен орындайды.

-Амандасады.
Іздену-ұйымдас тырушы    -Енді балалар қараңдаршы тақтада нелердің суреттері ілініп тұр айттындаршы?

-Балалар отбасы мүшелерін атап айтайықшы?

-Дұрыс айтасыңдар балалар!

-Балалар бізге түнде ертегі, бесік жырын кім айтып береді?

Енді балалар бүгін сабақта Т.Ерғабылов «Бөбек тілегі» өлең шумағын тәрбиеші оқып береді.

-Балалар «Бөбек тілегі» өлең шумағында кімдер туралы айтылған?

-Жарайсыңдар балалар!

Сергіту сәті:
         Айнаға қараймын
         Шашымды тараймын.
         Бақытты боламын
         Сымбатты боламын
         Әрқашан тазамын,
         Бәрінен озамын

-Жарайсыңдар балалар!

Дидактикалық ойын:
          «Заттың атын ата»
Мақсаты: Заттардың атын атай білуге үйрету.Балаларды
ептілікке,шапшаңдылыққа баулу.
Билингвалдық  компонент :
ата- дедушка,әже-бабушка.    

-Отбасы мүшелерінің

-Ата, әже, әке, апа, аға, әпке

-Әжелер.

-Балалар Т.Ерғабылов «Бөбек тілегі» өлең шумағын қызығушылықпен тыңдайды.
.  
-Біздер туралы

-Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап, қимылмен жасайды.

-Балалар ойынға өте жақсы қызығушылықпен ойнайды.

Қайталайды :ата- дедушка,әже-бабушка.

Рефлексифті коррекциа лаушы    -Балалар бүгін біздер қаңдай тақырыпта өлең шумақ тәрбиешімен бірге қайталадық?
«Бөбек тілегі» өлең шумағы сендерге ұнады ма?
-Жарайсыңдар балалар!     
-Т.Ерғабылов«Бөбек тілегі».

-ия, ұнады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:БалаларТ.Ерғабылов  «Бөбек тілегі»өлеңі туралы білді.
Қандай түсініктерді игереді: Балалар Т.Ерғабылов  «Бөбек тілегі» өлең шумақтарын тәрбиешімен бірге қайталап үйренді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Балалар отбасы мүшелерін  меңгерді.

Тексерілді: 
                                                            Балабақша әдіскері: Ұ.Е.Тлюупова

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы  № 2

Уақыты:
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы 
 Тобы: «Балапан» ерте жас 
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:  «Қуырмаш»
Мақсаты: Өлең сөздерін жаттата отырып, саусақ қимылдарымен көрсетіп үйрету, қызығушылықтарын ояту.
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыс: «Қуырмаш» санамағын айту
Әдіс-тәсілдер:  Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекіліктер:
Билингвалдық компонент: Көжек –зайчонок, саусақ-палец.
Іс -әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің  іс-әрекеті    Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық  шеңбері:(балаларды ортаға жинау)
       Орнымыздан тұрамыз,
        Қолды белге қоямыз,
        Бұрыламыз оңға біз,
        Бұрыламыз солға біз,
        Біздер тату баламыз,
        Гүл-гүл жайнап жанамыз.

—    Сәлеметсіздерме, балалар?    -Балалар, тәрбиешімен бірге қайталап,қимылмен орындайды.

-Сәлеметсіз бе!
Іздену-ұйымдас тырушы    — Балалар , қараңдаршы,  бүгін бізге
қонаққа кім келіпті.
-Қане, бәріміз бірге амандасайық
Тәрбиеші: 
—  балалар қараңдаршы біздің  көжектің көңіл-күйі жоқ екен.
Өйткені анасы оған «Қуырмаш» айтып  беруін өтініпті, ал көжек болса, бірде-бір санамақ білмейді екен.
Біз оған көмектесеміз бе?  
 Балаларсаусақтарға арналған өлең-шумақ«Қуырмаш» деп аталады.
Жалпы санамақтар, балалар, біздің 
саусақтарымызды жаттығуға өте 
пайдалы және  әр саусағымыздың өз
атаулары бар.Сендерге әжелерің «Қуырмаш» айтыпбереді ме?
Мысалы: алма, моншақ, тоқаш , гүл т.б
Тәрбиеші бір-екі баланы кезекпен
қасына шақырып, бірлесіп саусақтарды бүгу арқылы саусақтардың атауларын атап бірнеше рет қайталап көрсетеді
       Қуырмаш
Қуыр-қуыр, қуырмаш
Бидай қуыр, қуырмаш
Тауықтарға тары шаш
Бас, бармақ,балаң үйрек
Ортаң терек, шылдыр шүмек 
Кішкене бөбек.
-Жарайсыңдар, балалар!
Сергіту сәті:
 «Сұр қоян»
Билингвалдық компонент: Көжек –зайчонок, саусақ-палец.    
-Қоянның баласы көжек

Сәлеметсіз бе

Балалар мұқият тыңдайды

-ия, көмектесеміз

-ия

Тәрбиешімен бірге жұмыстанады
Сергіту сәтін орындайды.
Қайталайды: Көжек –зайчонок, саусақ-палец.
Рефлексифті коррекциа лаушы    Қимылды ойын: «Кім жылдам»
Мақсаты:  Балаларды тез допты қағып алу жылдамдыққа үйрету
Қоян :
-Балалар менің сендермен   қызықты 
уақыт өткіздім  Сендер ақылды, өнерліекенсіңдер. Рахмет сендерге 
Сау болыңдар.
-Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді?
Көжекпен біз нені орындадық
Балаларды мадақтау.    Балалар, ойынға өте жақсы қызығушылықпен ойнайды.

Көжекпен қоштасады.
-Көжек
Қуырмаш санамағын айтуды.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:   Жалпы санамақтар туралы мағлұмат алды
Қандай түсініктерді игереді:  «Қуырмаш»  санамағын айтуды
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:  Саусақтардың атауларын атауды
    

 Тексерілді: 
                                                            Балабақша әдіскері: Ж.Х.Жумабаева.

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы  №7

Уақыты:                                                                                                                          Тобы: «Балапан» ерте жас 
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы  
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қияр мен қырыққабат» неміс ертегісі.
Мақсаты:  Ертегіге қызығушылығын арттыру.Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ертегінің мазмұнын түсуге үйрету.
Алдын-ала жұмыстар: балаларға көкөністер суреттерін көрсету.
Әдіс-тәсілдері: Көрнекілік,оқып беру.
Қажетті көрнекі құралдар:  Ертегі кейіпкелерінің суреттері.
Билингвалдық  компонент: Қияр-огурцы,қырыққабат-капуста.
Іс-әрекет кезеңі          Тәрбиеші іс-әрекеті    Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    -Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Армысың,алтын күн!
Армысың,көк аспан!
Армысың,балабақшамаз!
Армысыңдар, балалар!
-Ал енді балалар орындарымызға отырайық.      Балалар шаттық шеңберін құрып,қимыл-қозғалыспен жасайды.

Іздену-ұйымдас тырушы    -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын,ал сен ойланып көріңдер.
Бұл не деген көп киім,
Жетпес қабап көп киім.
Түймелеуге жетпейді,
Жаңбыр одан өтпейді.
-Бұл жұмбақтың жауабы: (қырыққабат)
-Енді тағы бір жұмбақ.
Өзі жасыл,суды жақсы көреді.
Бірақ денесінде бүршіктері бар.
Бұл не?
-Бұл жұмбақтың жауабы: Қияр.
-Кәне,балалар қияр-огурцы,қырыққабат-капуста деп қайталап айтайықшы.
-Кәне,балалар шаршаған боларсыңдар,орындарымыздан тұрып денемізді сергітіп алайық.

                Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Мойынымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып-жұмамыз.
-Енді мен сендерге «Қияр мен қырыққабат» ертегісін айтып берейін,ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.
-Ертеде қияр мен қырыққабат дос болыпты.Бір күні екі дос өзенге шомылуға келеді.Келген бетте қияр шешініп суға күмп беріп,жүзе бастауды.
Ал қырыққабат болса көйлегін бір-бірлеп шешіп болғанша кеш болып кетеді.Осыған дейін су ішінде қалшылдап тұрған қиярдың терісі әбден күлдіреп кетіпті.Қиярдың қабығындағы бүршіктер,міне,содан пайда болыпты.
-Сендерге ертегі ұнады ма?
-Қалай қиярдың үстінде бүршіктер пайда болды?
-Суда көп тұрғасын тоңып қалған екен    
Жұмбақты тыңдап отырады.

Қияр-огурцы,қырыққыбат-капуста 
деп қайталап айтады.

Қимыл-қозғалыстармен сергіту сәтін жасайды.

Қарғаға моншақтарын береді.

Ертегіні қызығушылықпен тыңдап отырады.

Рефлексифті коррекциа лаушы    -Балалар бүгінгі  оқу іс-әрекетінде сендерге  «Қияр мен қырыққабат» ертегісін айтып бердім,ал сендер ертегіні тып-тыныш отырып тыңдадыңдар.
-Жарайсыңдар,балалар.    
Балаларды мадақтағанда шапалақтайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Ертігіні тыңдай білуі керек.
Қандай түсініктерді  игереді:  «Қияр мен қырыққабат» ертегісін тыңдап отырды.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:  Қиярдың үстінде бүршігі бар екенің біледі.

 Тексерілді: 
                                                            Балабақша әдіскері: Ж.Х.Жумабаева.
 
        Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы  №8

Уақыты:                                                                                                                   Тобы: «Балапан» ерте жас 
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы  
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шөжелерім»мА.Тоғаев.
Мақсаты: Балаларға балапан туралы айтып,білімдерін арттыру.Қайталату арқылы тілдерін жаттықтыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға балапанның суреттерін көрсету.
Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,әңгімесу.
Қолданылатын көрнекіліктер:Балапандардың суреттері.
Билингвалдық  компонент:Балапан-цыпленок.
Іс әрекет кезеңі    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалар іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық шеңбері
Армысың Алтын күн!
Армысың Көк аспан!
Армысың Туған жер!
Армысыздар балалар!
-Жарайсыңдар орындарымызға отырайық.
    Тәрбиешінің көмегімен қимыл-қозғалыстар жасайды.
Іздену-ұйымдас тырушы    -Балалар,мына суреттерге қараңдаршы,нені көріп тұрсыңдар?
-Кәне қайталап айтайықшы.
-Балапан деп.
-Балалар қараңдаршы,балапандар өте сүйкімді,олардың түстері сары түсті екен.
-Олардың енесі Тауық деп аталады.
-Енді мен сендерге «Шөжерім» деген өлеңді оқимын,сендер тып-тыныш отырыңдар.
           Шөжелерім
Шип-шип шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем берейін,
Дәнге толы алақаным.
-Балалар отырып шаршаған боларсыңдар,денелерімізді сергітіп алайық.
       Сергіту сәті
-Балалар орындарымыздан тұрып, балапандарша жерден бидай теріп жейміз.

-Жарайсыңдар,орындарымызға отырамыз.
— Енді «Шөжелерім» өлеңін қайталап айтайықшы.
-Балалар сендерге балапан ұнайды екен,сендер балапандарға қамқор болып, оларға жем,су беріп жүргеніміз жөн.

Билингвалдық  компонент:Балапан-цыпленок.    
Суретке назар аударады.
Балапанды.
Балапан деп қайталап айтады.
Өлеңді тыңдап отырады.

Балапандарша үлкендермен жерден дән шоқығандай болады.

Өлеңді қайталап айтады.

Қайталайды:
Балапан-цыпленок.
Рефлексифті коррекциа лаушы    -Балалар,сендер бүгін «Шөжелерім» өлеңін жақсы етіп менімен бірге қайталап айтыңдар.
-Жарайсыңдар,балалар!
    

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өлең не жайында екенін.
Қандай түсініктерді  игереді: Өлеңді қайталап айтуды.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Балапандарша дән шоқуды.

 Тексерілді: 
                                                            Балабақша әдіскері: Ж.Х.Жумабаева.

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы  №11

Уақыты:                                                                                                                       Тобы: «Балапан» ерте жас 
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы  
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: А.Бартонның «Қыс» өлеңін оқу
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Жылы, суық ,аяз, тозаңды сөздерін түсініп айтуға үйрету. «Қыс»  туралы тақпақ жаттау
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыс:Балаларға қыс мезгілінің суреті бойынша әңгімелеу, қардың суретін көрсету.
Қолданылатын көрнекіліктер:қыс мезгілінің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, ойын.
Билингвалдық компонент: Қар- снег, қыс- зима.
Іс-әрекет кезеңі    Тәрбиешінің іс әрекеті    Балалардың  іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық шеңбері:
Арайлап тан атты,
  Алтын сәуле таратты.
  Жарқырайды даламыз,
  Жарқырайды қаламыз.
  Қайырлы таң балалар!

— Сәлеметсіңдер ме!    -Балалар тәрбиешімен бірге қайталап,қимылмен орындайды.

 

— Сәлеметсіз бе?
Іздену-ұйымдас тырушы    Балаларға қыс мезгілі туралы әңгімелеу, қардың жауғанын  ауа-райының суытқанын байқаймыз.
Ғажайып сәт:
Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты,  бұл кім екен көрейікші? Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа ақ аю келген. Бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіз бе, балалар?
Ақ аю: Балалар мен сендерге бүгін қыс мезгілі  туралы айтып беремін. (Тақтаға қыс мезгілінің суреттері ілінеді). 
-Балалар, қыс мезгілінде , салқын, аяз болады. 
Қыс мезгілінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларын қайталап айтайықшы.
-Балалар, қыс мезгілінде қаңдай мерекені тойлаймыз?
Енді, балалар, біздер А Бартонның «Қыс» өлеңін  тәрбиеші апаймен қайталап айтайықшы?
Жапалақтап аппақ қар,
  Жауды күнде қайталап.
  Қырға шықты балалар,
  Шаңғыларын арқалап.
  Қуанышты бүгінгі,
  Басылмайды ыстығы.
  Жылдамыраө жүруді,
  Үйретеді қыс күні!
Қимылды ойын:
«Қар жинау»
Мақсаты: Балаларды қармен таныстыру, жерде жатқан қарларды шелекке саладыһ, ептілікке, жылдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: 
Қар- снег, қыс- зима.    — Балалар тәрбиешіні мұқият  тыңдайды.

-Балалар ақ аю келгеніне қуанады.

-Амандасады

Балалар  қыс мезгілі туралы әңгімелейді.

-Жаңа жыл мерекесін

А Бартонның «Қыс» өлеңін  тәрбиеші апаймен қайталап айтады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнады
Қайталайды:
 Қар- снег, қыс- зима.

Рефлексифті коррекциа лаушы    Балалар, бізге бүгін қонаққа кім келді? 
Балалар, біздер  А Батонның «Қыс» өленің мәнерлеп тәрбиеші апаймен қайталап үйрендік.
Жарайсыңдар балалар!
-Балалар ақ аюдың кететін уақыты болыпты, қане қоштасайық,
Сау болыңдар.    -Ақ аю

-Сау болыңыз

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:А.Батонның «Қыс» өлеңі туралы білді.
Қандай түсініктерді игереді:«Қыс» өлеңің тәрбиеші апаймен қайталап айтып үйренді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Қыс мезгілінің суық ,аяз, қардың жауғанын  ауа-райының суытқанын меңгерді.

Тексерілді: 
                                                            Балабақша әдіскері: Ж.Х.Жумабаева.

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы  №12

Уақыты:                                                                                                                        Тобы: «Балапан» ерте жас 
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы 
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Қыс мерекесі.
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру, шырша ағашын безендіре отырып, әсемдікке баулу.
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыс:Жаңа жылдық өткен ертеңгілікті естеріне түсіріп, әңгімелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қыс мезгілінің суреттері.            
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Билингвалдық компонент:Қыс-зима, мереке-праздник.
Іс-әрекет кезеңі    Тәрбиешініңіс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық шеңбері:
Жасыл шырша жамылған
  Асыл моншақ тағынған
 Сонша әсем, сонша бай
 Ағаш бар ма шыршадай?
-Қайырлы таң,балалар!    -Балалар тәрбиешімен бірге қайталап,қимылмен орындайды.

-Сәлеметсіз бе!
Іздену-ұйымдас тырушы    Балалар, бізге бүгін қонаққа Қоянның баласы Ақ көжек келіпті. Қане, балалар бәріміз амандасайықшы? 
-Балалар, Ақ көжектің көңіл-күйі жоқ екен. Ендеше,оның  көңілін көтеру үшін біз Жаңа жыл мерекесін қалай тойлағанымызды еске түсіріп айтып берейікші.                  
–Балалар,қыста біздер ең әдемі де, таңғажайып Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. 
Жаңа жыл  мерекесі сендерге ұнады ма?
-Жарайды, балалар.
Жаңа жыл мерекесі бізге несімен ұнайды, себебібіз мерекеге әдемі болып киінемізәсемзал, жарқыраған шамдарымен шырша, Аяз ата мен Ақшақар қонаққа келеді. Біз Аяз атаға тақпағымызды айтамыз,ән айтамыз, билейміз.Ал Аяз ата болса,бізге тәтті де көп сыйлық береді.
Көркем сөз:
Көптен күткен қыс келді
Шырша тойын тойладық
Аяз ата, Ақшақар.
Сыйлығына тоймадық
Енді, балалар мына шыршаны бәріміз бірге безендірейік. 
-Жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы, біздің шыршамыз қандай әдемі болып шықты.
Сергіту сәті:
Жасыл шырша төрдегі 
   Дейді: «Бәрің көр мені!»
   Неткен әсем құлпырып,
   Ойыншықтар тұр тұнып                                                                                           
Қимылдық ойын:
          «Қар жинау»
Мақсаты:Балаларға  жерде шашылып жатқан қарларды жинату арқылы, шапшаңдықпен, бірлесіп ойнауға үйрету.
Ақ көжек:
-Рахмет сендерге балалар, маған сендермен өткізген уақыт өте ұнады, сендер ақылды, тәртіпті екенсіңдер. Сау болыңдар.
Билингвалдық компонент:Қыс-зима, мереке-праздник.    

-Сәлеметсіз бе?

-Ия, ұнады.

Балалар бар ынталарымен тыңдап отырады.

Балалар қызығушылықпен шыршаны безендіреді.

Балалар қуанады.

-Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап, қимылмен жасайды.

-Балалар ойынды өте жақсы қызығушылықпен ойнайды.

-Сауболыңыз.
Қайталайды:Қыс-зима, мереке-праздник.
Рефлексифті коррекциалаушы    -Бізге қонаққа кім келді?-Жарайсыңдар, балалар! 
Қорытындылау.    -Қоянның баласы — Ақ көжек.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Жаңа жыл мерекесі туралы білді.
Қандай түсініктерді игереді:Шырша ағашын безендіре отырып, бірлесіп жұмыстанудыүйренді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:Шыршаны безендіре отырып, әсемдікке, мұқият тыңдауға дағдыландыру.

 Тексерілді: 
                                                            Балабақша әдіскері: Ұ.Е.Тлюупова
 
     Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы  №13 
Уақыты:                                                                                                                      Тобы: «Балапан» ерте жас 
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы  
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Қозы» М.Әлімбаев.
Мақсаты: Үй жануарларын атап, қозы туралы түсініктерін кеңейту.
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыс:Үй жануарларының суретін көрсету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері.    
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Билингвалдық компонент: животные-жануарлар, қозы-барашка.    
Іс-әрекет кезеңі    Тәрбиешініңіс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
     Күлкіменен түлейік.
     Қабақ түйген не керек?
     Көңілді боп жүрейік.
-Қайырлы таң, балалар!    -Балалар тәрбиешімен бірге қайталап,қимылмен орындайды.

-Сәлеметсіз бе!
Іздену-ұйымдас тырушы    Балалар, бізге бүгін қонаққа Болат деген бала келіпті.   
 Бәріміз амандасайықшы? 
Балалардың назарын табиғат бұрышына аудару.
-Балалар, қараңдаршы, мыналар
 -үй жануарлары. Олар- үй ауласында өмір сүреді сондықтан оларды үй жануарлары деп атаймыз.
-Балалар Болат үй жануарларын, соның ішінде қойдың баласының атауын білмейді екен. Олай болса, біз оған көмектесеміз. Балалар, үй жануарларына: түйе, жылқы, сиыр,қой,ешкі жатады. 
Түйенің баласы бота, жылқының-құлыншақ, сиырдың-бұзау, ешкінің –лақ, ал қойдың баласын  -қозы дейміз. Қозының жүні- жұмсақ,  қалың,  жүнінің түсі қара, ақ , қоңыр. Екі құлақтары ұзынша, төрт аяғы болады. Ол су, шөп сұрағанда мөңіреп,  дыбыс шығарады. Балалар, қане, қозы деп айтайықшы.
-Жарайсыңдар балалар.
 Енді балалар М. Әлімбаевтың «Қозы» туалы өлеңін  оқып беремін. 
   Кіп-кішкене, момақан
   Қошақанды ұнатам.
   Сүйеді апам қозым деп,
   Қошқаным өзің деп.
-Балалар, қозы туралы өлең ұнады ма? 
Сергіту сәті:
Қошақаны қойдың
Қалда қалып қойдың
Бүртиіп тұр бүйірің    
Қай өрістен тойдың
Дидактикалық ойын:
          «Төлдерін көрсет»
Мақсаты: Балаларға  жануардың  және олардың суретін көрсетіп   әр жануардың төлдерін табу
арқылы байқағыштыққа баулу.
Болат бала:
-Балалар, маған сендермен өткізген уақыт өте ұнады сендер ақылды, тәртіпті екенсіңдер. Сау болыңдар.
Билингвалдық компонент: животные-жануарлар, қозы-барашка.
    

-Сәлеметсіз бе?

Балалар  қызығушылықпен тыңдайды.

-Қозы.

-Ия, ұнады.

Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап, қимылмен жасайды.

-Балалар ойынды өте жақсы қызығушылықпен ойнайды.

-Сауболыңыз.
Қайталайды: животные-жануарлар, қозы-барашка.
Рефлексифті коррекциалаушы    -Балалар, сендерге қозы туралы өлең ұнады ма?
-Жарайсыңдар, балалар!     -Ия.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:Үй жануарлары, қозы туралы білді.
Қандай түсініктерді игереді: Әр үй жануарларының төлдерінің атауларын үйренді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: М. Әлімбаевтың «Қозы»  өлеңін меңгерді

 

 

                  Тексерілді: 
                                                            Балабақша әдіскері Ж.Х.Жумабаева.

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық картасы  №14

Уақыты:                                                                                                                     Тобы: «Балапан» ерте жас 
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы  
Білім  беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Кім не істеп жатыр.»
Мақсаты: Балаларды  сурет қарауға, әңгімелеуге, затты атауға үйрету.Сөйлей білуге дағдыландыру.Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Алдын-ала  жүргізілетін жұмыс:  Балаларға әртүрлі суреттерді көрсетіп әңгімелесу, сұрақтарға жауап беру.
Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер.
Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап
Билингвалдық компонент:Әже-бабушка, мама-мать, алма-яблоко.
Әрекет кезеңі    Тәрбиешініңқызметі    Балалар қызметі
Мотивациялық қозғаушы    Шаттық шеңбері:
Ақ қоян-ау, ақ қоян
     Орнынан тұрсаншы
     Бетінді жусаншы
     Айнаға қарашы
     Шашынды тарашы
     Ал енді мені қуып жет?

-Сәлемметсіңдер ме балалар!    
-Балалар тәрбиешімен бірге қайталап,қимылмен орындайды.

 

-Амандасады.
Іздену-ұйымдас тырушы    -Балалар бүгін бізге   қуыршақ Айша өтінішпен  келіпті. Өзімен бірге әдемі, көңілді сурет әкелген екен.  «Кім не істеп жатыр?»сұрағына жауп береміз бе? 
   Жақсы адам боп шығамыз
   «Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып,билеткен.
   Таныстырған  ең алғаш
   Әріптермен суретпен
   Доспен тату ойнауды…»
-Бірінші суретте Айгерім әжесіне көмектесіп- үй тазалап жатыр.
-Балалар Айша кімге  көмек көрсетіп жатыр?
-Екінші суретте Әлина мамасына үстел үстіне тағамдарды әзірлеп жатыр?
Әлина кімге көмектесіп жатыр?
-Балалар үстел үстінде қаңдай жемістер бар?
-Міне  балалар  біз осы суретермен кімнің не істеп жатқаны туралы әңгімелейдік.
Жарайсыңдар балалар!

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз
       Қолды белге қоямыз
       Бұрыламыз оңға бір
       Бұрыламыз солға бір
       Жатты,улар жасасақ 
       Жақсы сергіп қаламыз.

-Жарайсыңдар балалар!

Қимылды ойын:
       «Допты тез ұста»
Мақсаты:балаларды шапшаңдыққа баулу.
Билингвалдық компонент:
Әже-бабушка, мама-мать, алма-яблоко.    

-Балалар назар аударады суреттерге

-Балалар қызығушылықпен тыңдап отырады..

 

 

 

-Әжесіне 

-Мамасына
-Алма, алмұрт, банан т.б.
Балалар қуанады.

Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап, қимылмен жасайды.

-Балалар ойынға өте жақсы қызығушылықпен ойнайды
Қайталайды:
Әже-бабушка,
 мама-мать, 
алма-яблоко.

Рефлексифті коррекциа лаушы    -Балалар бүгін біздерге кім қонаққа келді?
-Балалар Айша қуыршақ бізге не алып келді?
-Балалар Айша қуыршақтың суреттері  сендерге ұнады ма?
Дұрыс,жарайсыңдар балалар!
    -Айша қуыршақ

-Суреттер

-Ия ұнады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:  Балалар  тыңдай біледі, сөзді қимылмен түсіндіреді.
Қандай түсініктерді игереді: Балалар суретке қарап кімнің не істеп жатқаны туралы әңгімелей алды. 
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Балаларзаттардың атын айтуды меңгерді.

                                                                 Тексерілді:                                                                                                                        
Балабақша әдіскері: Ж.Х.Жумабаева.
 
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы №15
Уақыты:___________     
Тобы:«Балапан» ерте жас
Тәрбиеші: Салимгереева Айгүл Сағындыққызы 
 Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна (ертегісі)»
Мақсаты:
Балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс-тұрысына талдау жасауға, оларға баға беруге, өзінің көзқарасын білдіруге үйрету.
Балаларды ертегі  кейіпкерлерін ататып, сөздік қорларын дамыту.
Балаларды  сыпайылыққа тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: Балаларға ертегі кейіпкерлерін таныстыру.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Қажетті көрнекі құралдар: ертегі суреттері.
Билингвалдық компоненті:түлкі-лиса,тырна-журавль,сүт-молоко.
Іс -әрекет кезеңдері        Тәрбиешінің іс- әрекеті      Балалардың    іс-әрекеті
      Мотивациялық    қозғаушылық    Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық.    Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешінің артынан бірге айтып,қимылдар жасайды.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Осы жақсы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық.
Іздену- ұйымдас
тырушы     Кіріспе әңгіме.
-Бүгін оқу іс-әрекетімізде орыс халқының «Түлкі мен Тырна» ертегісін оқимыз.
Ертегіні оқып беру.

Сергіту сәті.
-Түлкі,түлкі,түлкішек,
Түнде қайда барасың?
-Апамның үйіне барамын.
-Апаң саған не береді?
-Ешкі сауып,сүт береді.
-Сүтті қайда қоясың?
-Тал түбіне қоямын.
-Ит ішіп кетсе қайтесің?
-Таяғыммен ұрамын.

Сұрақ-жауап.
-Қалай ойлайсыңдар,осы ертегіде Түлкі мен Тырна бір-біріне қонақжайлылық көрсете алды ма?
Билингвалдық компоненті:түлкі-лиса, тырна-журавль,сүт-молоко.
    Балалар тәрбиешінің айтқан ертегісін  қызығушылықпен тыңдайды.
Балалар тәрбиешінің артынан қайталап,қимылдар жасайды.

  Балалар тәрбиешінің көмегімен сұраққа жауап береді.
Қайталайды:түлкі-лиса,тырна-журавль,сүт-молоко.

Рефлексивті коррекциалаушы     «Қонақ күтеміз» ойыны.
Рөлдік ойын.
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлінеді:
1-топ-«қонақтар»
2-топ-«үй иелері»
Үй иелері қонақтарды күтеді.    Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.
Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Қонақты қалай күту керегін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: ертегі кейіпкерлерінің әрекеттері мен жүріс-тұрысына баға беруді,жақсы қасиеттерді игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Қонақжайлылық,сыпайылылық туралы түсініктерді меңгереді. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!