Бюджеттен тыс қорлар — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері жинақ ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елдермен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі — банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.

Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың формасы болып саналады.

Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:

•         Зейнетақы қоры;

•         Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры;

•         Әлеуметтік сақтандыру қоры;

•         Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).

Скачать реферат/Рефератты жүктеу