Бизнес жоспар (план): Жылқы (ат) өсіру

0

Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑185 см, салмағы 60‑1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.

Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады.

Жылқы тұқымдары. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз – жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, көшім, ресейлік, мұғалжар және т.б. Сонымен қатар, акклиматизация мен осы тұқымдас жануарлардың Қазақстанның өңірлерінің табиғи‑климаттық жағдайларына бейімділігі секілді факторларды да ескеру қажет, өйткені аталған мәселелер жануарлардың өнімділік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Өсіру. Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және концентраттармен азықтандыру арқылы). Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға (тууына) даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет.

Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады.

Атқораны ағаштан, кесілген бөренелерден жасаған дұрыс, бұлар жылуды жақсы сақтайды, әрі құрғақ болады. Атқоралардағы жылқыларға арналған орын өжіре (жылқылар үшін жеке «бөлмелер») және бөлініп қойылған орындар болып бөлінеді, онда жылқылар бір бірінен қоршаулармен бөлектенген күйде немесе оларсыз қатар-қатар байлаулы тұрады, сондай‑ақ залдық түрі–онда жылқылар атқораның жеке кең орынжайында топтастырылып ұсталады. Еденді қатты етіп жасайды, асфальтты етуге де болады. Терезе әдетте екіқабатты әйнектен тұрады. Аттақыр әрбір атқа жеке орнатылады. Биені қалың төсеніштерде ұстайды, оларды жылына 2-3 рет ауыстырады. Суалмаған және сауылатын биелер үшін атқораны биіктігі1,7 мболатын жылжымалы қалқалармен секцияларға бөледі, олардың әрқайсысы 10 биені ұстауға есептелген болуы керек. Секцияның оңтайлы алаңы 60-70 м². Жылқыларды серуендету үшін шөптермен жабылған қоршалған алаңдар жасайды, бұны левада деп атайды. Жылқыларды баптау дегеніміз жануарларды тазалап (щеткамен), жалын, құйрығын тарап, тұяқтарын тазалап тұру. Жұмысқа салынатын жылқыларды әдетте тағалайды, бұл тұяқтарының сынып, жарақат алудан қорғайды.

Жылқылар үшін жем. Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық‑бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша, картоп, сүрлем), құрама жем.

Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем– өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады.

Көбейту. Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық‑тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 11 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне 11-15 л сүт (ерекше сүттілері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.

Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл.

Өнімді сату. Жолға қойылған өткізу рыногы үлкен табыс табу үшін қажет. Бұл үшін бірнеше нұсқалар бар: базарда сату, газетте, интернетте жарнама беру, бәлкім, сіз өз тауарыңызды тұтастай сатып алатын, әрқашан сізбен келісімге келетін саудагер тауып қаларсыз. Сондай‑ақ ауылдастарыңызға жылқыны өсірумен немесе соғым сатумен айналысатыныңызды ескертіп қойыңыз.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

— 1 жылқы сатып алу – 70 000-120 000 теңге.
— жем (пішен, арпа, сұлы) = 100 000 теңге (2 жылға).

Барлығы: 170 000-220 000 теңге (өңірге байланысты).

Табыс:

Жылқы етін сату 1 кг= 1 200 теңге, бір жылқының салмағы 250 кг жетеді x 1 200 теңге = 300 000 теңге.