Біздің аула 1 сынып

0
Пән: қазақ тіліҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Бізді қоршаған әлем Мектеп: Архипов орта мектебіМұғалімнің аты-жөні:Қалиева Д.Н. Сынып:1 Күні: Қатысқандар: Қатыспағандар: Сабақ тақырыбы Біздің аула № 28. 2 тоқсан № 12 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім не туралы екенін түсіну.1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптікжіктік жалғауларын ауызша тілде қолдану. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: аулаға қатысты белсенді лексиканы еркін қолдана алады, аулада не бар екенін айта алады.Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тақырып бойынша сұрақтар қоя алады, тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады.Кейбір оқушылар орындай алады: ауладағы басқа заттарды да атай алады, сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады. Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсініп, сурет бойынша өз ойларын білдіре алады.Пәнге тән лексика мен терминология: гүл, біздің, ағаш, нелер?, кімдер?Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ишара: ым-ишара арқылы қимылдарды білдіру Алдыңғы білім «Жұмбақ сөз» әдісі. Сурет таратамын. Оқушы қолындағы аңды қимылмен сипаттайды. Қалған оқушылар оны табу қажет. Тапқан оқушы сұрақ қояды. Мысалы: Қоян. Қоян қандай?

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы(2-5минут) Сәлемдесу. Сабаққа қатысымын тексеру. Шаттық шеңбері. Мен саған гүл сыйлаймын, себебі………… әдемісің, жақсысың, 5-ке оқисың, досымсың, көршімсің4-ші артықты тап. (әдісімен сабақ тақырыбын ашу) Аудиотаспа Сабақтың ортасы(6-30минут)

Сергіту сәті.

1-тапсырма. Аудиовизуалды тапсырмалардан материалдан мәтін тыңдау. Мынау – аула. Аула үлкен. Аулада ағаштар, гүлдер бар. Тыңдайды, қайталайды. Мұғалім көмегімен аударма жасайды. Ағаштар, гүлдер сөздеріне тоқталу. Көптік жалғау.

Айдары бойынша мұғалім оқушыларды бала, ағаш, жұлдыз, гүл сөздерінің көпше түрімен таныстырады. Оқушылар сурет бойынша сөздерді көпше түрде қолдануға жаттығады: бала – балалар, ағаш – ағаштар, гүл – гүлдер, жұлдыз – жұлдыздар.

2-тапсырма. Оқушылар сурет арқылы толықтырып айту арқылы аула туралы мәтінді қайталайды. /Аулада ағаштар бар. Аулада гүлдер бар./

Тербеледі ағаштарАлдымнан жел еседіКіп –кішкентай ағаштарСу құйғанда өседі

3-тапсырма. Тыңда үлгі бойынша айт. Мынау – біздің аула. Біздің аула үлкен. Аулада ағаштар гүлдер бар. Мен аулада ойнаймын.

Суреттер,кестелер, сергіту сәті Сабақтың соңы(35-40 минут)

Дәптермен жұмыс.

Қорытынды

(ж.ж) Сурет беріледі, сурет бойынша жұбын табу.

Бала Балалар Гүл ГүлдерВелосипед Велосипедтер

4-тапсырмада, 55-бетте оқушылар мәтін бойынша қойылатын сұрақтарға жауап беруге жаттығады. Оқушылар мынадай дағдыларды игеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына /Аула қандай? Аулада не бар? Сен аулада не істейсің? / жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу.

Оқушылар өз аулаларының суретін салады. Оны сипаттап айтады.

Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

Белгіле.Сұраққа жауап бер. Аулада не бар? Сен аулада не істейсің?

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнату. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Үлестірме қағаз,сурет, үнтаспа

№1 жұмыс дәптері.

Қосымша ақпарат Қорытынды бағалауЕң жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)1.2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ( оқыту мен оқуға қатысты)1.2.Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?1.2.