«Біз өнерлі ұстазбыз» сайыс

0


Бағыты: Сынып жетекші Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: Басқа

Біз өнерлі ұстазбыз !

Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Бірінші оқушы:Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, — деп айтуында терең мағына жатыр.
Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!
Мұғалім.
Бұл – адамның ардақты аты.
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан.
Сүйеді, сондықтан да жақын жаты, — дей отырып бүгінгі мектебіміздің сынып жетекшілері арасында өтетін Біз өнерлі ұстазбыз атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыстың мақсаты: ұстаздарымыздың тапқырлығын, шапшаңдығын, өнері мен икемділігін бақылау.
Көтеріп жүктің салмағын,
Жолында өмір талмадың.
Мерейің қандай шуақты,
Ұстазым – асыл арманым! -дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Ортада І тобы.
ІІ тобы.

Ән .
Енді бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ — қазылармен таныс болыңыздар.
Сайыс бағдарламасы:
Таныстыру
Сұрақ – жауап (1. Берілген сұрақтарға берілген әріп бойынша ғана жауап беру; 2. Логикалық сұрақтар )
Әннің жалғасын тап ( берілген әннің жалғасын тауып, орындау )
Шеберлік ( берілген тақырып бойынша тәрбие сағатының жоспарын құрып, үзінді көрсету )
Топ өнері ( ән, би )
Ситуациялық тапсырмалар
Киім үлгісі ( мұғалімнің киім үлгісін көрсету )

І . . Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен – ұстазым!
Жүрегінің жылуын,
Шашу еткен – ұстазым!,- деп Таныстыру бөліміне кезек береміз. Әр топ өздерін таныстырады.

ІІ. Жарыста озып шығар жүректері
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді
Қанеки сайыскерлер сайысқа шық,
Таң қалдыр біліміңмен көрерменді! деп Сұрақ – жауап бөліміне кезек береміз. (1. Берілген сұрақтарға берілген әріп бойынша ғана жауап беру; 2. Логикалық сұрақтар . 3 Бәрі керісінше ) / ұстаздарымыз бір сәт балалық шаққа саяхат жасасын
1) І топ — Т ІІ топ С

2) Логикалық сұрақтар.
І топ. 1. Адамның қай мүшесі қорқақ,қайсысы батыр болады ?
( көз- қорқақ, қол -батыр)
2. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара- осылардың қаншасы құс ?
( 3 құс)
3. Бір үйде 2 шешесі, екі қызы және әжесі немересімен тұрады? — Бұл үйде неше адам тұрады ?- 3адам
4. Тауық түс көре ме ? (тауықтың түсіне тары кіреді)
5. 3 таяқтың қанша ұлы бар ? Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар ?
( 6 ұшы бар)
6. Қыз ненің көркі ? ( қыз елдің көркі)

ІІ топ. 1. Қоршаудың ар жағынан 4 адам аяғы және 4 аңның аяғы көрініп тұр. Қанша адам, қанша аң тұр ? (2 адам, 1 аң )
2. Қандай бас аяққа тыным бермейді ? ( Ақымақ бас)
3. Қар жана ма ? ( Қалауын тапса, қар жанар)
4. Сөйлемде бір ыңғай мүше бола ма ? ( Бірыңғай мүше болады)
5. Адамның аяғы түрлі – түсті бола ма ? ( Ала аяқ адамдар)
6. Бір үйде екі баласы, екі әкесі, бір атасы отыр, бұл үйде қанша адам
отыр ? ( 3 адам )

3) І топ. 1.Қына басқа бітеді / тасқа
Білім шашқа бітеді /басқа
2.Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал
3.Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле
4.Бір елі ауызға
Бес елі қақпақ / Екі елі
ІІ топ. 1.Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені
2.Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл
3.Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге
4. Ер мың рет өледі, қорқақ бір рет өледі

ІІІ. Сыйғызған тал бойына,
Күн жанған маңдайына,
Өмірдің мәні, нәрі
Міне, осы – қазақ әні, деп Әннің жалғасын тап бөліміне кезек береміз. Бөлімнің шарты бойынша алдарыңыздағы ән шумақтарын жалғастырып, әуеніне салып орындау керек

ІҮ. Шеберлік сайысы. ( берілген тақырып бойынша тәрбие сағатының жоспарын құрып, үзінді көрсету )

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері. Сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде.
Қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады – ау деймін…

Ү. Асау жүрек жанығып алқынбасын,
Бойына біткен өнер сарқылмасын.
Шыңға біткен шынардай биіктерде,
Халқымыздың ән — биі жарқылдасын
Топ өнеріне кезек береміз. Бұл бөлімде әр топ өнерлерін көрсетеді.

ҮІ . Ситуациялық тапсырмалар
№1 . Сыныпта мінезі ауыр бір оқушы болады. Өзіне ескерту жасағанды ұнатпайды. Ол мұғалімге кінә таққысы келіп : Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушыларыңыз бар. Мені ұнатпайсыз дейді . Сыныптан басқа сыныпқа ауысатынын айтады. Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз?
№2 . Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 . Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 . Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 . Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

ҮІІ. Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс,айласы.
Ұстаз болу бақыт,әрі абырой,
Ұстаз деген –шәкірттердің айнасы, — деп Сән үлгісіне кезек береміз.

Қорытынды.

Ұстаз деген- ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар,
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қиғандар.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.