Біз бақытты баламыз

0
287



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Ақбота бөбекжайы

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік ертеңгілік.

Өткізген: Максотова А.Ж.
Султанова А.Х.

2017-2018 оқу жылы

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік ертеңгілік.
Тақырыбы: Біз бақытты баламыз!
Жүргізуші:
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні.Біздің Ақбота бөбекжайында бүгін үлкен мереке. Мерекеміз құтты болсын.
Балалар, сіздер мерекені жақсы көресіздер ме?
Балалар:
-Ия.
Жүргізуші:
Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,
Балаларды қорғау күнін тойлайық.
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп,
Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

-Ендеше, алдарыңызда Жемістер тобының бүлдіршіндерінің әнін тамашалайық.
Ән: Бала бала балақай барлық топтар.
Жүргізуші:
-Өте жақсы! Мереке күні мен сіздерге банан сыйлағым келіп тұр.
(Жүргізуші себетті іздейді, таба алмайды. Орнынан хат табады.)
-Ой , балалар, қараңыздар! Банан салынған себет орнына хат қойып кетіпті. Оқып көрейік. (Хатты оқиды)
Балалар сіздердің сыйлығыңыз менде! Банандарыңызды мен алып кеттім. Іздемеңдер! Таба алмайсыңдар! Сәлеммен Қарақшы.

Жүргізуші:
-Мәссаған! Біздің банандарымызды қарақшылар ұрлап кетіпті. Енді не істейміз , балалар? Қарақшыны тауып алып , сыйлықтарымызды қайтып алайық! Келістік пе?
Балалар: -Ия.
Жүргізуші:
-Онда барлығымыз саяхатқа шығайық!
Көңілді әуен қосылады. Барлық балалар мен жүргізуші әуен ырғағымен бір орында жүреді.
Кенет алдарынан Мыстан кемпір кездеседі:
-Ээээй, эээээй, эээээй! ( Әрлі -берлі сыпыртқысымен жүгіріп өтеді) Ээээй, неғып жүрсіңдер?
Жүргізуші:
-Сәлеметсіз бе, Мыстан әжей! Біз қарақшыны іздеп саяхатқа шығып едік. Себебі ол біздің балаларымыздың сыйлығын сұраусыз алып кетті.
Музыка қосылады.
Мыстан кемпір:
-Еееее, солай де! Көңіліңіз түспесін, балалар!Мен балалардың дауысын естіп қуанып қалып едім. Мен көңілді балаларды жақсы көрем. Не істесем екен?! Олай болса би билеп алайық. Сосын мен сіздермен бірге саяхатқа шығамын!
Жүргізуші:
– Жарайды онда. Балалармен қандай би билейсіз?
Мыстан кемпір:
Би: Қуыршақтар.

Мыстан кемпір:
-Сіздердің әлі көңіл күйіңіз жоқ сияқты ғой! Балақайлар, мен үнемі сыпыртқыммен ұшып жүрем. Кім менімен ұшқысы келеді?
Балалар: -Мен, мен, мен…
Мыстан кемпір сыпыртқының артына балаларды кезекпен отырғызып жүгіріп шығады. Балалар мәз болып күледі.
Мыстан кемпір:
-Ух, ах, шаршадым! Белім ай! Қарт болғасын әр жерің ауырады. Қой, мен бір тынығып алайын!
Жүргізуші:
-Жақсы, Мыстан әжей! Балалардың қасына жайғасып отыра ғой! Ал, біз саяхатты жалғастырайық.
Ән: Тұсау кесер Орындайтын Айзере мен Айзада Жеңісқызы.
Көңілді әуенмен Сайқымазақ кездеседі:
-Сәлем, балақайлар!
Балалар:-Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ:
-Менің атым Тинки. Сіздерді мерекемен құттықтаймын! Әрқашан ата-анаңызды ренжітпейтін, ақылды балалар болуыңызға тілектеспін.
Жүргізуші:
-Рахмет, Тинки! Біз саяхаттап бара жатырмыз, себебі біздің балаларымыздың сыйлығын қарақшы ұрлап кетіпті. Соны іздеп бара жатырмыз.

Сайқымазақ:
-Абыржымаңдар! Ол қарақшыны табамыз. Мен басқа елдерде тұратын достарыма телефон шалайын, қарақшыны табуға көмектессін.
Жүргізуші:
– Кел, балаларымызбен бірге көңіл көтер. Балаларымыз тақпақ та біледі, ән де айтады.
Тақпақтар:
Нұрсұлтан:
Бала,бала баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні бойы қызыққа
Батамызда қаламыз.
Аслан:
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтарды тыңдайды
Емес олар ұрыншақ.
Ән: Ата-ананы тыңдаймыз. Орындайтын: Мәлік Алина.
Би: Пингвиндер
Жолда сотқар бала кездесіп қалады:
-Ээээээй, мен компотқа тұз салып жібердім, ойыншықтарды сындырдым, қыздардың шашын тартам, балдарды жылатам. Мен ешкімді тыңдамаймын!
Балалардың алдында тентектік жасайды.

Мыстан кемпір:
-Олай болмайды. Бұл балабақшаның балалары тәртіпті, ақылды, тілалғыш, көңілді. Олар бізге тақпақтар, өлең айтып, би билеп, ойындар ойнап көңіл көтерді. Қалайша саған тентектік жасауға жол береміз?! Жоқ, олай болмайт!!!
Сотқар бала:
-Көрерміз!!! Ха- ха -хааа!!!
Сайқымазақ:
-Онда, сені ойын ойнауға шақырамыз! Егер сен ұтылсаң, тентек болмайсың! Біздің айтқанымызды екі етпей орындайсың! Келістік пе?
Сотқар бала:
-Бәрібір, мен ұтам!!! (мақтанады)
Ойын: Гүл теру
Шарты: Балалар музыкамен би билейді. Музыка тоқтағанда гүлдерді жинайды.
Сайқымазақ:
-Көрдің бе, сотқар бала! Достық бар жерде жеңіске жетесің!
Сотқар бала:
-Кешіріңдер мені! Мен енді тентек болмаймын! Менде сіздермен бірге дос болғым келіп тұр!
Сайқымазақ:
-Балалар, дос боламыз ба?
Балалар: – Ия!
Сайқымазақ:
-Жарайды онда! Доспыз бәріміз! (барлығы көңілді әуенмен билейді)
Жүргізуші:
-Балаларымыздың тақпақтарын тамашалаңыздар:.

Ән: Ертегілер орындайтын Алина мен ЗамзагулТуяковна.
Би: Матрёшки.
Сайқымазақ:
-Балалар , маған жаңа шетелдегі досым телефон шалды. Олар қарақшылардың қай жерде жүргенін анықтапты.
Жүргізуші:
-Онда сол жаққа қарай барайық!
(Көңілді әуенмен сайқымазақ, мыстан кемпір, сотқар бала, жүргізуші шеңбер бойымен айналып жүріп келеді. Алдарынан қарақшы кездеседі:)
-Қайда бара жатсыңдар! Тоқта ! Кім сендерге бұл жермен жүруге рұқсат берді а!?
Мыстан кемпір:
-Ай, қарағым, қарақшы!!! Сен рұқсатсыз біздің балаларымыздың сыйлығын алып кетіпсің! Ұялмайсың ба? Кішкентай балаларды бұлай ренжітуге бола ма?
Қарақшы:
-Маған бәрібір! Мені ешкім кішкентай кезімде еркелеткен жоқ. Мен де балаларды аямаймын!
Жүргізуші:
-Енді қайттік? Қарақшы бала кезінде анасының мейіріміне бөленбеген екен. Оған ана туралы ән айтып берейік!
Ән: Анашым орындайтын Гүлзира Қуандыққызы
Қарақшы: Анамды сағындым! Бірақ менің анам жоқ! (жылайды)

Мыстан кемпір:
-Айналайын, маған бала болшы! Мен де жалғызбын. Екеуіміз бірге бір отбасы болайық. Мен ана, сен бала бол.
Қарақшы мәз болып:
-Анашым! -деп құшағына алады. Қарақшы тығып қойған себетті жүгіріп барып алып келіп, балалардан кешірім сұрап қайтарып береді.
Балалар ду қол шапалақтайды.
Жүргізуші:
-Керемет! Балалар ананың махаббатымен, әкенің мейіріне бөленсе бала бақытты болады.
Тақпақтар айтады.
Ерген: Әмірхан:
Гүлмен келсін келер күн Даналардың тілегі
Бала-бағы әрелдің Балалардың тілегі
Балалардың күлкүсі Ауырмасын ешқашан
Көркі сәні әлемнің. Ауырмасын жүрегі.
Нұрасыл:
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаймыз мың алғыс.
Жүргізуші:
-Балалар, әрқашан ата -анамыз аман болсын, сіздер де ақылды, тәртіпті болыңыздар, еліміз тыныш, рухымыз биік болсын!!!
Ән: Әрқашан күн сөнбесін
Жүргізуші:
-Осымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Барлық балаларымызды кейіпкерлерімізбен бірге биге шақырамын. Атсалысып қатысқандарыңызға рахмет!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.