Бисквит қамырын дайындау және безендіру

0

Бисквит қамырын дайындау және безендіру
Бағалау критерилері: 1. Қауіпсіздік ережесін ұстанады
2. Бисквит дайындау тәсілін біледі, пісіреді
3. Безендіруде шығармашылық танытады
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын пирог, бисквит түрлері.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, биология.
Күтілетін нәтиже: — Топтың жұптық жұмыс, жұмыс жасап үйренеді
— Пікірін ашық, еркін жеткізеді
— Сыни көзқарас пайда болады
— Тағамдарды безендіруді үйренеді
Құрал – жабдықтар: тоқ пеш, миксер, ыдыс – аяқтар, азық түліктер
Дереккөздер: Кондитер өнімдерінің суреттері АКТ, интербелсенді тақта.
Тапсырмалар:
1. жұптық жұмыс
2. оқушылар мен сұхбат
3. Сарамандық жұмыс
4. тест
5. Өзін – өзі бағалау

Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Бірінші мен амандасамын
1. Сәлеметсіздерме қонақтар және оқушылар сәлемдесемін.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударамын
Енді оқушылар ортаға шығып, шаттық щеңберін құрамыз (жүректен — жүрекке бір — бірімізге жылы сөздер айтамыз)

«Күн шуағы»
Қол үстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік
Шуақ шашқан күндей боп
Сабаққа біз кірсейік
Енді, оқушылар біз қазір топқа бөлінеміз мен әртүрлі түсті шар лақтырамын
(шар арқылы ойын) сендер осылайша топқа бөлінесіңдер.
Оқушыларды топқа бөлу
Топ ережесі:
1. Тыныштық сақтаймыз
2. Бір – бірімізді тыңдаймыз
3. Уақытты үнемдейміз

Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы *Бисквит қамырын дайындау және безендіру*
Бисквит қамыры деп — жұмыртқаға қант қосып, көлемін2 — 3 есе арттыра көпіртіп, ұнмен араластырған қамырды айтады. Жұмыртқа мен қантты арнайы құрылғымен (металл былғауышпен немесе миксермен) мөлшері бірнеше есе үлкейгенше бірнеше минут әбден көпіршітеді. Бұлғау кезінде масса құрамында көптеген ауа көпіршіктері пайда болуы арқасында көлемі артады.(Жұмыртқа мен қант араластырған ыдыс пен бұлғауыш таза жуылған болуы керек, ешқандай майдың қалдығы болмауы қажет.) Содан кейін 2 — 3 рет бөліп еленген ұн қосады. Қамыр сұйық консистенциялы болады. Сұйық қамырды май сіңген пергамент қағазы төселген қаңылтыр табаға құяды. Қант, жұмыртқа қоспасын жылдам көпсіту және жедел қамыр илеу бисквиттік қамырдың дайындалу технологиясының ерекшелігі болып табылады. Дайын қамырды бірден қалыпқа құйып пісіреді.
Бисквиттік қамырды 200 – 220 С температурада пісіреді. Бұдан жоғары температурада бисквит бетінде қабыршық пайда болады. Қабыршық ылғалдың шығуын тежейді, нәтижесінде жеткілікті піспей күйіп кетеді. Мұндай бисквит салқындағаннан кейін шөгіп қатты болып қалады. Сондай – ақ алғашқы 10 — 15 мин — та қаңылтыр пешке салынған формадағы бисквиттік қамырды қозғауға, бірден сілкуге болмайды, мұндай жағдайда бисквит шөгіп, тығыздалып қалады. Өнімнің піскен – піспегенін ағаш инемен шаншып көріп, анықтайды. Егер ине құрғақ болып шықса, онда бисквит дайын.
Піскен бисквитті формадан оңай алу үшін, қамырды формаға құймастан бұрын қалыпты мұқият майлау немесе ұн себу керек, я болмаса арнайы қағаз (калька) төсеу қажет. Қағаз бисквиттік сындырып алмай формадан алуға көмектеседі. Қағаз бисквиттен оңай ажырауы үшін оны бірнеше минут дымқыл шүберектің үстіне қою керек (майлық, сүлгі).
Бисквит пісіру үшін әртүрлі пішіндегі форманы пайдалануға болады: дөңгелек, сопақ, әртүрлі фигуралар, тік бұрыштар.
Бисквит жеңіл, жұмсақ, қампиған, нәзік құрылымды болумен және тегіс жұқа қабығымен сипатталады. Бисквиттік қамырдан торт, пирожный, орамалар дайындалады. Бисквиттік қамырды дайындау өте оңай. Бисквиттік қамырды басқа азық – түліктер қосып түрлендіруге де болады: кремдер, көпсітілген қаймақ, глазурь, балауса жеміс – жидектер, жаңғақ, джем, тосап, т. б.

Оқушылар сарамандық жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
1. Біз қандай құралдармен жұмыс жасаймыз? (Тоқ пеш, миксер)
Қолын суланған болса, еш уаққытта электр өшіргішке, розетқаға, электр аспаптарға жақындама.
Бисквит қамырын дайындау және безендіру. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!