Home Білім Бисквит қамырын дайындау технологиясы.

Бисквит қамырын дайындау технологиясы.

0
204

Тақырып: Бисквит қамырын дайындау технологиясы
Мақсаты: а) Бисквит түрлері мен қамыр дайындау технологиясын түсіндіреміз;
ә) Оқушылардың бисквит қамырының негізін құрайтын тағамдардың өзіндік ерекшеліктерін атаймыз, СТО бағдарламасы арқылы стратегияны пайдалануда ой – қабілеттілігін дамытамыз;
б) Тәтті әрі жұмсақтықтың адам көңіл – күйіне әсерлігі мен үнемділікке тәрбиелейміз.
Міндеті: 1. Ұн — қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты. Бисквит әзірлеу кезінде бидайдың майда ақ ұны, жоғары, бірінші және екінші сортты бидай ұны жиі пайдаланылады. Күнделікті өмірде жүгері мен қара бидай ұнын сирек пайдаланғану туралы оқушының шығармашылық ізденісін бақылаймыз.
2. Бисквит қамырының негізгі рецептурасын 13 кесте бойынша көрсетеміз.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Жаңа технология: СТО бағдарламасы
Пайдаланатын стратегия: «БҮҮ», « Ұқсастық пен даралық».
Сабақты байланыстыратын пән: Қазақ тілі. Математика.
Көрнекілік: Суреттер, жинақ түрлері, картатека, тақта, т. б.

Сабақ барысы: Ұйымдастырамыз
Жұмыс орнын дайындаймыз
Үйге тапсырманы тексереміз.

Жаңа тақырыпты түсіндіреміз.
«БҮҮ» стратегиясы:

Мағынаны тану:
Қамырды пайдалануына және әзірлеу тәсілдеріне байланысты қамыр ашытқылы, қаттама, бисквитті, үгілмелі, сусымалы, езілген, қайнатылған, жеңіл және басқаша түрде болуы мүмкін. Қамырдың негізгі құрамдас бөліктері: бидай ұны — ақ ұн, жоғары, бірінші және екінші сортты ұндар. Сұйық зат — сүт, су, сүт қосылған су, простокваша. Простокваша қосқан қамыр тез көтеріледі, оның дәмінің қышқылын бәсеңдету үшін тұз қосады (бір шөкім). Құрғақ сүтті пайдаланғанда: жарты литр суға 50 г құрғақ сүт қосады деп келсек те, сіздерге ең түсініктісі кестемен түсіндіреміз…

Мақсаты: Бисквит қамырын дайындай отырып, дайын бисквитке кремі бар торт жасауды үйренеміз.
Керекті құрал – жабдықтар: елеуіш, өлшеуіш стақан, кастрөл, тегіс астарлы кондитерлік қапшық, қаңылтыр таба, пышақ, былғауыш немесе араластырғыш.
Азық – түліктер: қант, ванилин, ұн, сары май немесе маргарин, жұмыртқа, бір шымшым тұз.
Жұмыстың орындалу әдісі:
1 тәсілі: Белокты сарысынан бөліп жақсы көбіктенгенше көпіртеміз. Көпсітуді тоқтатпай біртіндеп қант қосамыз. Содан соң ұн қосып, сары уызды кезек қоса отырып, қамыр иленеді. Егер рецепті бойынша су қосылатын болса, оны алдын ала сары уызбен араластырамыз. Ал, сары май қосылатын болса, оны жұмсартып, дайын қамырға қосады. Бұл тәсіл бисквитті жайпақ табада пісіру кезінде қолданылады да онша көп уақыт алмайды.
Бисквит қамырын дайындау технологиясы. жүктеу

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!