Біржанның бір қызбен қағысуы — Әңгімелер / Мақалалар — Bilim

0

Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі, сол үйдің қызы оған қатықсыз қара көже құйып берсе, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады. Сонда қыз айтады:

Байлардың жейтін асы — жая мен жал,

Шығады нақ кедейден осындай сал.

Қыс аяғы шаруаға күйзеу болды,

Көжеге кекіреймей ерніңді мал!

Біржан:

Атанған ақындықпен Біржан сері,

Серінің күнде думан жүрген жері,

Қарындасым, ағаңа сөзің өтті,

Көжеңді басып-басып әкел бері.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:




Дереккөз: bilim-all.kz

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!