Бірмүше, көпмүше, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

0

Бірмүше деп айнымалылардың және сандардың көбейтіндісінен ғана тұратын өрнек. Мысалы 2ab өрнегі бірмүше болады, себебі бұнда екі a және b айнымалыларының және 2 санының көбейтіндісі тұр.

 

Мына өрнектердің қайсысы бірмүше болады: 5ab, 5x, a+b, -17xy2? Жауаптарын түсіндіріп беріндер.

 

Бірмүшеліктің дәрежесі

 

Бірмүшеліктің дәрежесі айнымалылардың дәрежелерінің қосындысы арқылы аңықталады. Мысалы 5a бірмүшенің дәрежесі бірге тең, себебі a айнымалының дәрежесі бірге тең және ол жалғыз айнымалы.

 

Ал -15b3y көпмүшеліктің дәрежесі 3+1 = 4 тең. Себебі b дәрежесі үшке ал y дәрежесі бірге тең.

 

Жоғарыдағы бірмүшеліктердің дәрежелерің табындар.

 

Көпмүше

 

Көпмүше дегеніміз бірнеше бірмүшеліктің қосындысынан тұратын өрнек. Мысалы x2 + 3y өрнегі көпмүшелік болады, себебі бұл өрнек екі x2 және 3y бірмүшеліктен құралған.

 

Өз бетімен бірнеше көпмүшелікті құрындар.

 

Көпмүшеліктің дәрежесі

 

Көпмүшелік бірмүшеліктерден құралған. Әрбір бірмүшеліктің дәрежесі бар. Көпмүшелікте бар бірмүшеліктердің ең үлкен дәрежесі көпмүшеліктің дәрежесі деп аталады.

 

Мысалы x2 + 3y көпмүшеліктің дәрежесі екіге тең, себебі x2 дәрежесі екіге ал 3y дәрежесі бірге тең.

 

Жаттығу ретінде жоғарыдағы көпмүшеліктердің дәрежелерін табындар.

 

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

 

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз бұл көпмүшелікті дәрежесі төменірек көпмүшеліктердің көбейтінділері етіп көрсету.

 

Мысалы x2 — y2 көпмүшелігін көбейткіштерге жіктелуі мынандай болады:

 

x2 — y2 = (x — y)(x + y)

 

Теңдіктің сол жағында екінші дәрежелі көпмүшелік, ал теңдіктің оң жағында екі бірінші дәрежелі көпмүшеліктердің көбейтіндісі тұр.

 

Пән: Математика