Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы | Скачать Материал

0


ЖОСПАР

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ
1.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы. Париж конференциясы
1.2 Версаль келiсiмi. Вашингтон конференциясы.
ІІ ТАРАУ. ЖҮРГІЗІЛГЕН КЕЛІСІМШАРТТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2.1 Жеңіске жеткен елдер арасындағы қарама-қайшылықтар. Вильсонның 14 тармағы
2.2 Версаль-Вашингтон жүйесінің баянсыздығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі:
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді қайта реттеу мақсатында жүргізілген Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алатын орны ерекше. Соғыстың аяқталуы халықаралық дипломатия және саясатта жаңа жолдың басталуына түрткі болды. Соғыста жеңгендер мен жеңілгендер арасында дипломатиялық шиеленістер ме қай шылықтар төңірегінде саяси ойын басталды. Соғыста жеңген елдер Версаль-Вашингтон жүйесі бойынша халықаралық қатынасын бекіте түсуге қадам жасады.
Сонымен, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен реттеу проблемасы бойынша жеңген елдердің басшылары: Францияның премьер-министрі Ж.Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж, Америка Құрама Штаттарының президенті В.Вильсон тарихта Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен танымал болған халықаралық бейбіт конференция ұйымдастыру жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл соғыстан кейінгі ұлы державалар арасындағы дипломатиялық шайқас болды. Күн тәртібіндегі басты мәселе Франция үшін жеңілген Германия, Австро-Венгрия, Түркия сияқты империялардың территориясын бөлшектеп, отарларын иемдену болса, Ұлыбритания үшін Еуропада өзінің бұрынғыдай алып держава орнынан айырылмау болды, ал АҚШ үкіметі бұл Париж конференциясында Ұлттар лигасын құру және қарусыздандыру мәселесін ұсынумен болды.
Сөйтіп, соғыс аяқталысымен 1918 жылы 11 қарашада Компьен орманында Францияның сыртқы істер министрі Фош Германиямен бейбіт келіссөз жүргізу мәселесі бойынша құжатқа қол қойды. Сонымен герман мәселесін талқылау үшін бейбіт конференция 1919 жылы 18 қаңтар күні Парижде Германия империясының құрылғанына куә болған Версаль сарайыны Айналы залында ашылды. Жиналыстың ашылу барысында сөз сөйлеген президент Пуанкаре өз сөзінде соғыстың кінәлілері мен жаңа соғысқа жол бермеу мәселесін айтып өтті. Париж конференциясында 27 мемлекеттен делегаттар келді, сонымен бірге 5 мемлекет — АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония державалары конференцияда бестіктер кеңесін құрып, оған Франция төрағалық жасады. Бұл Версаль-Вашингтон конференциясының тарихта алатын орны ерекше, мұнда соғыс өртін бастап, адамзат өміріне үлкен қайғы-қасмірет алып келген Үштік одақ державалары мәселесі бойынша арнайы келіссөздер жүргізілді. Осы Париж конференциясында төрағалық құрып отырған Франция қаралар мәселенің көп жағын немістерден өш алу жағына бұра берді, ал соғыста жеңілген Германия үшін бұлай арттан соққы алулары өте ауыр қасірет болды. Әрине, мұның да өзіндік ерекшелігі бар еді, яғни сонау Франкфурттан кейінгі француздардың немістерге деген өшпенділігі орынды да еді. Сонымен бірге бұл конференцияда АҚШ президенті В.Вильсон барлық халықтардың халықаралық тағдырлары мен мүдделерін бірінші орынға қоятын Ұлттар лигасын құрып, Жарғысын қабылдау, мандаттық жүйе енгізу сияқты мәселелерді алға тартты. Мүндай ұсынысты бастапқы ткезде Франция мен Ұлыбритания өкілдері қабылдаудан бас тартты. Өйткені барлық халықтардың мүдделері мен тағдырларын бірінші орынға қоятын жарғы талаптары еуропалық ұлы державалардың басты тізгін етіп ұстап отырған территориялық және қаржылық саясаттарынан оп-оңай айырылып қалғылары келмеді.
Сонымен, 1919 жылы Париж конференциясында көп жағынан оқшаулана берген АҚШ мемлекеті енді(1921 аяғы-1922 басы) Вашингтонда өздері бейбіт конференция ашты. Бұл конференцияда ең басты қаралған мәселе соғыстан кейінгі қарусыздандыру проблемасы.
Соғыстан кейінгі әлемді қайта құру мәселесі бойынша жүргізілген Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алар орны ерекше . Бұл мәселеге қатысты халықаралық, дипломатиялық, саяси, сол кездегі халықтывң әлеуметтік-экономикалық жағдайын, осы мәселелер төңірегінде көптеген Ресей тарихшылары, алыс-жақын шетел тарихшылары, экономистер, саясаткерлер өз пікірлерін жазған болатын. Оған байланысты әртүрлі тұжырымдар жасалынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді қайта бейбіт жолмен реттеуге бағытталған Версаль-Вашингтон жүйесінің халықаралық сахнадағы орнын танып білу . Мұнда ұлы державалардың келіссөздер шешімін өздеріне тиімді жолмен жүргізу саясатының мән-мағынасын анықтау .Осындай күрделі мәселелерді қарастыру жағдайында алға қойылған мінденттер мынадай:
* Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Париж бейбіт конференциясын ашу жолындағы қиындықтарын талдау;
* Конференция қызметі барысындағы ондық Кеңестің шешімдеріне анализ жасау;
* Конференция қызметі барысында ондық Кеңестің шешімдеріне анализ жасау;
* В.Вильсонның конференцияда Ұлттар Лигасын құру ұсынысы мен оған қарсы шиеленістің етек алуын талқылау;
* Мандаттық жүйе, герман мәселесі, орыстар мәселесіне қатысты шараларды талдау;
* Вашингтон конференциясындағы Тоғыз держава келісімі трактатының қабылдануына баға беру.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізіміне тұрады.
Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі және мақсат- міндеттері жасалды.
Бірінші тарауда — бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша Версаль конференциясын шақыру мәселесі, соғыс қорытындылары қарастырылды. Мұнда конференция қарсаңындағы одақтастар арасындағы шиеленісті мәселе, сонымен бірге француздар мен немістер арасындағы қайшылықтар мен саяси дау туралы жазылды.
Екінші тарауда Ұлттар Лигасын құру мәселесі, Парижде куөп даулы мәселеге араласа алмай қалған Америка өз елінеде Вашингтон конференциясын шақыруы туралы мәлімет келтірілген.Ең басты мәселе қарусыздану мәселесін көтерген елдер туралы жазылды.Теңіз қаруын , жаяу әскер санын қысқрату, сүңгуір қайық санын көбейтуге тыйымм салу т.б сынды мәселелер төңірегінде үлкен шиеленісті мәселе осы конференцияда көтерілген болатын.
Ең соңында, жұмысты қортындылай келе Қазақстан көлемінде табылатын кеңестік және шетелдік әдебиеттер тізім жасалды.

І ТАРАУ. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ

1.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы.Париж конференциясы. 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерiнiң талабымен Германия жеңiлгендiгiн мойындап, бiтiмге қол қоюға келiстi. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келiсiмге келу үшiн Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрi Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрi Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президентi Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастағы, әлемдегi өзгерiстердi ескере отырып, дүниенi қайта құру мәселесі тұрды:
— халықаралық қатынастағы өзгерiстердi ескере отырып, жаңа принциптердi қалыптастыру;
— iрi капиталистiк елдер арасындағы дүниежүзiлiк ықпалды реттеу;
— Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірi державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделерiне ыңғайлы шешу үшiн күрес жүргiздi. АҚШ-тың конференциядағы негiзгi мақсаты — дүниежүзiлiк әлемде өзiнiң үстемдiгiн қалыптастыру болды. Бiрақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргiзуiне оның бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi экономикалық дамуы негiз болды. Соғыстан кейiн Франция мен Англияның экономикасы күйзелiске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтердi. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кiрiстi. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өлiп, 230 мың адам жараланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсiбi 335 млрд. доллар таза пайда келтiрдi. 1919 жылы АҚШ дүние жүзiнде көмiрдiң 50% өндiрдi; шойын мен болаттың 53; мұнайдың 32; автомобильдiң 85% шығарды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн АҚШ дүниежүзiнде қаржы саласында толық үстемдiк алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерiнде 7 млрд. доллар, Еуропа елдерiнде 18 млрд. долларға жеттi. АҚШ президентi В. Вильсон: Дүниежүзiне кiм көп ақша берсе, сол ел әлемде билiк жүргiзуi қажет — деген болатын. Сөйтiп, АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк жасау үшiн күрес жүргiздi. Бұл саясатты iс жүзiне асыру үшiн АҚШ президентi Париж конференциясына 14 пункттен тұратын бағдарламасын әкелдi. Бағдарламаның мазмұны төмендегiдей болды:
— Антанта елдерiнiң арасындағы жасырын келiсiмдерден бас тарту;
— дүниежүзiлiк мұхиттар мен теңiздерде еркiн жүзу;
— барлық кедендiк кедергiлердi жойып, халықаралық ашық есiк және ашық қол принципiн сақтау;
— отар елдердiң мәселесiн әдiлеттi шешу;
— қару-жарақты қысқарту;
— Германиямен және оның одақтастарымен әдiлеттi келiсiмдер жүргiзу;
— дүниежүзiлiк дау-жанжал мәселелердi бейбiт жолмен шешу үшiн халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президентi В.Вильсонның бейбiтшілік сүйгiш саясатты бiлдiрген 14 пункттен құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.14 пункттен тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспанциялық саясаты анық көрiндi. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәнi дүниежүзiлiк әлемде үстемдiк жүргiзу екенін түсiнiп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Бiрақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелердi шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келiстi.
Париж бітім конференциясы (1919 — 20) — 1-дүниежүзілік соғысты қорытындылауға арналған халықаралық конференция. 1919 жылы 18 қаңтар — 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өтті. Оған соғысқа қатынасушы барлық елдердің 1000-нан астам өкілі қатысты. Негізгі мәселелер тек АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия және Жапония мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері қатысуымен қаралды, ал қалған елдердің өкілдері жалпы мәселелерге ғана жіберілді. Коференцияның нәтижесінде Германиямен және оның одақтастарымен жасалған бітімдерге қол қойылды.Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен жеңіске жеткен елдер алдында соғыстан кейінгі дүниені қайта құру міндеті тұрды. Осы міндетті орындау үшін және бітім келісім-шарттарын дайындап, қол қою үшін Парижде бітім конференциясы шақырылды. Ол 1919 жылы 18 қаңтарда басталды. Оның жұмысына 27 елдің өкілдері қатысты. Конференция жұмыс тәртібін ұлы державалар өкілдері — Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, Англияның премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж, АҚШ президенті Вудро Вильсон анықтады. Олар мәселені оңаша шешті. Конференцияға соғыста жеңілген елдер шақырылмады. Азамат соғысы жүріп жатқан Ресей де қатыспады.
Тарихы
1) 1919 жылы 28 маусымда Версальда қол қойылған бітім 1914 — 18 жылдардағы 1-дүниежүзілік соғысты ресми аяқтады. Бітімге бір жағынан, Германия, екінші жағынан, АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония және олармен одақтас мемлекеттер қол қойды (қ. Версаль бейбіт келісімі). 2) 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жермен сарайында Австриямен бітім жасалды. Австрия империясы жойылып, оның құрамындағы жерлер Чехославакияға, Югославияға, Италия және Румынияға өтті. Австрияның әскери күштері 30 мың адамға қысқартылды. 3) 1919 жылы 27 қарашада Болгариямен бейбіт бітімге қол қойылып, оның біраз жерлері Румыния, Югославия, Грекияға берілді. Болгарияға теңіз флотын ұстауға тыйым салынды, әскери салық төлеуге, қарулы күштерін 20 мыңнан артық ұстамауға міндеттеді. 4) 1920 жылы 4 маусымда Венгрияменбейбіт бітім жасалды. Ол біраз жерлерін Чехославакия, Румыния, Югославияға беруге, әскер санын 30 мыңға төмендетуге тиіс болды. 5) 1920 жылы 10 тамызда Севр (Париж маңында) бітімі іс жүзінде биліктен айырылған Түркияның Стамбұлдағы үкіметімен жасалды. Осман империясы өз аумағының 34-нен айырылды. Бұғаздар (Дарданелл және Босфор) ашық деп жарияланып, сауда және соғыс кемелерінің еркін өтуіне құқық берілді. Түркияның теңіз флоты қатты шектеліп, әскери күш 50 мың адамға қысқартылды. Бұл бітімді Мұстафа Кемал (Ататүрік) бастаған революциялық үкімет мойындамады. Кейін Грекия — Италия интервенциясы сәтсіздікке ұшырағанда, Анкарадағы Түркия үкіметі 1923 жылы 24 шілдеде Лозанна бітім шартына қол қойып, негізгі аумағын сақтап қалды, бірақ араб елдерінен, Жерорта теңізіндегі көптеген аралдардан бас тартты. Батыс мемлекеттерінің қысымына байланысты Мосул аймағының тағдыры Ұлттар лигасына тапсырылып, ол 1926 жылы Иракқа берілді. Бұғаздар мәселесі батыс елдерінің мүдделеріне сәйкес шешілді. Париж бітім конференциясы Еуропада бейбітшілік орнатуға жарамады. Оны көп ұзамай тұтанған 2-дүниежүзілік соғыс дәлелдеді
1.2 Версаль келiсiмi. Соғыстың қорытындысын баянды ету үшiн жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келiссөздер жүргiзуге кiрiстi. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келiссөздер басталды. Бұл келiссөздер барысында Германияның жер мәселесi қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Германияға берiлген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берiлдi. Польшаның батыс жерi Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерiктi қала ретiнде Ұлттар Лигасына басқаруға берiлдi. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бiтiмi бойынша Германия жерінің 81 бөлiгiнен айырылды. Екiншiден, Рейн өзенiнiң сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерiнiң бақылауына өттi. Германия Рейн өзенi бойынан өз әскерлерiн әкетуге келiстi. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берiлдi. Германия өзiнiң соғыс-теңiз флотынан айырылды. Үшiншiден, Версаль келiсiмінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесi қаралды. Бұл мәселенi шешу үшiн репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешiмiмен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтiн болып келiстi. Репарациялық төлемнiң 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия — 10%, Бельгия — 8%ын алатын болды.Төртiншiден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бiр бөлiгi Англияға берiлдi. Намибия — Британияның доминионы Оңтүстiк-Африка Одағына өттi. Тогоның шығыс бөлiгi, Камерунның көп бөлiгi және Руанди, Берунди Францияға берiлдi. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өттi. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берiлдi. Қытайдағы Шаньдун түбегi Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдiң шығыс бөлiгi, архипелаг Самоа берiлдi.
1919-1920 жылдардағы Германия және оның одақтастарымен болған келiссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерiстер әкелдi.Бiрiншiден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдерi тәуелсiздiк алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдiгiн мойындады. Жер өзгерiстерiн бекiттi. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстiк Тироль Италияға берiлдi. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиiстi болды.Екiншiден, 1919 жылы қарашаның 27 күнi Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келiсiмi болды. Батыс Франция Грецияға берiлiп, Эгей теңiзiне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдiгiне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтiн болды. 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келiсiмге қол қойылды. 84 мың км2 жерi 6,7 млн халқымен Австрия Республикасы құрылды. Келiсiм бойынша Австрияның Германияға және басқа елге бiрiгуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгрия мен Трианон келiсiмi жасалды. Бұл келiсiм бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берiлдi. Хорватия — Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы — Чехословакияға берiлдi. 1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрiк мемлекетiмен келiсiмге қол қойылды. Түрiк Республикасының жерi Кiшi Азия бөлiгi мен Стамбул қаласы және Фосфор бұғазымен шектелдi. Измир қаласы Грецияға өттi. Шығыс Араб елдерiндегi Палестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берiлдi. Батыс Армения жерi түрiктердiң мандаттық билiгiнде қалды. Күрдістан — түрiктерге берiлдi. Фосфор мен Дарданелл ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi Версаль және басқа бiтiмдер жүйесi халықаралық қатынастағы жаңа саясат — империалистiк елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелдi. Жаңа халықаралық жүйенiң ерекшелiктерi:
1. Империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды келiссөздер арқылы шешуге келiстi
2. Қару-жарақты қысқарту;
3. Халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасы құрылды;
4. Версаль бiтiмi империалистiк елдердiң агрессиялық саясатын тежедi;
5. Кеңестiк Ресейге қарсы Санитарлық кардон саясатын ұстады.
6. Батыс Еуропа елдерi ХХ ғасырдың 20-жылдарында Кеңес Одағын елшiлiк негiзде мойындауға мәжбүр болды;
7. Халықаралық қатынаста жаңа Кеңес Одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа халықаралық қатынасқа өзгерiстер әкелдi.
Германиямен келісімшарттың мәтіні мамыр айында дайын болды. Бұл елмен жасалған бітімшарт Версаль бітімі деп аталды. 1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайының Айналы залында шартқа қол қойылды. Ол соғыстан кейінгі дүние жүзіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттеудегі маңызды құжат болды. Келісімшарт талаптары бойынша Германия аумағының белгілі бөлігі көрші мемлекеттерге өтті. Германия бұрын басып алған Эльзас пен Лотарингия Францияға кері қайтарылды. Экономикалық жағынан аса маңызды Саар облысы Францияның қолына өтті. Бельгия Эйпен және Мальмеди округтерін алды. Данияға Шлезвигтің солтүстік бөлігі берілді. Версаль бітімшарты бойынша Германия өз аумағының 18 бөлігі мен халқының 112 бөлігінен, отарларынан айырылды.
Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілік жойылды. Ол жалдамалы негізде құрылатын 100 мыңдык әскер ұстауға құқылы болды. Германияға соғыс техникаларын ұстауға тыйым салынды. Соғыс жылдарында Антанта елдеріне келтірген шығындардың орнын толтыру үшін Германия едәуір төлемақы төлеуге міндеттелді. Бірақ оның сомасы жөнінде жеңіске жеткен елдер бір жақты шешімге келе алмады. Лондон конференциясы (1920 ж.) соғыс шығындарынын (репарация) жалпы мөлшерін 132 млрд. алтын марка деп есептеді. Германиямен жасалған шарт оның бұрынғы одақтастары Австриямен, Болгариямен (27 қараша, 1919 ж.), Венгриямен, Түркиямен бітім-шартқа қол қоюмен аяқталды. Версаль келiсiмiнiң барысында АҚШ үкiметiнiң саясаты жеңiлiс тапты, бiрақ АҚШ өзiнiң дүниежүзiн билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.
Версаль бейбіт келісімі — 1919 жылы 28 маусымда болған Антанта (Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, АҚШ, Румыния, т.б.) елдері мен Германия арасындағы бітім шарт. Версаль бейбіт келісімі 1920 жылы 10 қаңтар күні Германия және Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мемлекеттері ратификациялағаннан кейін күшіне енді. АҚШ сенаты келісімді ратификациялаудан бас тартып (Ұлыбритания мен Франция үкіметі бас- қаратын Ұлттар лигасына кіргісі келмегендіктен), 1921 жылы тамыз айында Германиямен жеке келісімге келді. Версаль бейбіт келісімінде Ұлттар лигасының статусы қаралды, Германия, Бельгия, Люксембург, Франция, Швейцария, Австрия, Чехословакия, Польша және Данияның шекараларыбелгіленді. Эльзас пен Лотарингия облыстары Францияға қайтарылды, Саар облысы Ұлттар лигасының басқаруына 15 жылға берілді (кейінгі тағды- рын плебисцит шешетін болды), Клайпеда қаласы жецімпаз державалардың баскаруына берілді, Гданьск ерікті қала деп танылды. Бельгияның, Польша мен Чехословакияның шекаралары кеңейтілді. Германия Кеңес үкіметімен арадағы —Брест-Литовск бітімінен және өзінің барлық отарларынан бас тартуға міндеттенді. Германияның соғыс кезінде одақтастарға келтірген шығынын есептейтін арнаулы комиссия кұрылды. Бұған қоса Германияның соғыс кезінде Түркия, Австрия-Венгрия, Ресей мен Румыниядан алған алтын және басқа да кұнды заттарды қайтаруы көзделінді. Әскери-техникалық мәселелер бойынша Германия 100 мың жауынгер, 4 мың офицер ғана ұстауға міндеттенді, Бас штаб институты қысқартылды. Рейннің сол жағы мен оң жағынан 50 км территория қару- сыздандырылған аймаққа жатқызылды. Германияның толық қарусыздануы барлық елдердің қаруларын шектеудің алғы шарттары болу керектігі атап көрсетілді. Версаль бейбіт келісімі шешімімен Ұлттар лигасы құрылды. Оның мақсаты: бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және болашақтағы қарулы қақтығыстардың алдын алу болды. Ұлттар лигасына мүше мемлекеттер сырттан шабуыл жасалған жагдайда бір-біріне көмек корсетуге, карусыздану процесіне жағдай жасауға, өзара ашық дипломатиялық қарым- қатынас орнатуға міндеттелді. Міндеткерлік орындалмаған жағдайда Гаагадағы Халықаралық соттың шешіміне жүгінуге келісілді.[1]
Вашингтон конференциясы
ХХ ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бiтiмiнiң қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңiлiс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерiн өзiнiң билеу саясатын жүзеге асыруға көндiру болды. АҚШ үкiметiнiң тiкелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел — АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президентi Гардинг салтанатты түрде: Бiз дүниежүзiнде бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты орнату үшiн бас қосып отырмыз — дедi. Америка Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?
Бiрiншiден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету; екiншiден, Англияның әлемдiк мұхиттар мен теңiздердегi үстемдiгiн әлсiрету; үшiншiден, Тынық мұхит аралдарында мандаттық статускво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзiнiң дүние жүзiндегі қаржылық үстемдiгiн пайдаланып, өзiнiң негiзгi қарсыластарын көндiрді де, дүниежүзiлiк билеу саясатын жүргiзуге жол ашты.Бiрiншiден, 1922 жылдың 6 ақпанында тоғыз держава келiсiмiне қол қойылды. Мұнда Қытай елiнiң егемендiгi мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, ашық есiк және тепе-тең қатынас принципi ұсынылды.АҚШ-тың ашық есiк саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негiзгi мақсаты — Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету едi. Сөйтiп, тоғыздық келiсiм барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньжуриядағы салып жатқан темiр жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшiлерiн кейiн шақырып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегiн де Қытайға қайтарды. Сөйтiп, Жапония Қытайдағы беделiнен айырылды.Екiншiден, конференцияда бес ел келiсiмiне қол қойылды.
Соғыс-теңiз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерiн жасауды тоқтата тұру; ескi соғыс кемелерiн жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңiз кемелерiнiң арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негiзгi ойы жаңадан соғыстеңiз кемелерiн жасап, Англияның әлемдiк сулардағы үстемдiгiн әлсiрету болатын. Конференциядағы бес ел келiсiмiне сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келiсiмге — АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ — 5, Англия — 5, Жапония — 3, Франция — 1,75, Италия — 1,75 болып пропорциялық түрде белгiлендi. 575 мың т. линкор жасау — АҚШ және Англия үлесіне, 315 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. әрбiр линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады. Үшiншiден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция төрт елдiк келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмде Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу сөз болды. АҚШ-тың мақсаты — Тынық мұхит аралдарындағы Жапонияның беделiн әлсiрету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келiсiмiнiң күшiн жою болды. Жапония делегациясы бұл келiсiмнiң жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын уәкiлi: Сiздер қорықпаңыздар, бір келiсiмнiң орнына төрт келiсiм қабылданды — деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкiлi: Сiздер бәрiбiр бiздiң келiсiмдi жерге көмдiңіздер — деген жауап қайтарды.
Сонымен 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы Америка Құрама Штаттарының ең iрi жеңiсi болды. Олар Париж конференциясындағы жеңiлiстiң есесiн қайтарды. АҚШтың дүниежүзiн билеу және ұлы державалық саясаты асықпай iс жүзiне аса бастады. Бiрақ, Версаль-Вашингтон келiсiмдер жүйесi империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкiметiнiң сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзiнiң билеу саясатын еркiн жүргiзе алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесi, ұлы держава елдерінiң арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екiншi дүниежүзiлiк соғысқа әкелдi.
Вашингтон үкіметі Германия және оның одақтастарымен жасалған бітімшарттарында теңіз қару-жарақтарын шектеу, Тынық мұхиты және Қиыр Шығыс мәселелері бойынша қосымша шарттармен толықтыру қажеттігін білдірді. АҚШ үкіметі осыны іске асыру үшін Вашингтонда конференция шақырды. Конференция 1921 жылдың 11 қарашасынан 1922 жылдың 6 ақпанына дейін өтті. Оның жұмысына тоғыз елдің — АҚШ, Англия, Франция, Португалия, Италия, Жапония, Бельгия, Голландия және Қытайдың өкілдері қатысты. Қытайға енудің аса тиімді жолын қамтамасыз ету үшін Америка делегациясы Қытайдың егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырып, барлық державалар Қытаймен болатын қатынастарын ашық есік және тең мүмкіндік негізінде іске асыруды ұсынды.
Тоғыз державаның шартына сәйкес Жапония Қытайдағы бұрынғы артықшылықтарынан бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар АҚШ пен Англия Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония басып алған Шаньдун түбегін Қытайға қайтаруды талап етті. Олар АҚШ жобасын дайындап ұсынған Тоғыз державаның шартына қол қойды. Вашингтон конференциясында теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы Бес державаның шарты деп аталған құжат қабылданды. Бұл халықаралық қатынастар тарихындағы қарулануды шектеудің тұңғыш келісімі еді.
Париж және Вашингтон конференцияларының шешімдері соғыстан кейінгі халықаралық қарым-қатынастар үлгісінің негізін қалаған Версаль-Вашингтон жүйесін қалыптастырды. Бұл жүйенің құрылуы шиеленістерді бәсендетуге мүмкіндік берді, халықаралық қатынастардың жаңа қағидаларын бекітті, халықтардың өзін-өзі билеу қағидасын мойындады. Бейбітшілікті сақтаудың халықаралық ұйымы ретінде Ұлттар Лигасы құрылды. Бұл жүйенің осындай қол жеткен табыстарымен қатар, оның тиянақсыздығына негіз болған алғышарттар да тіркелген.XX ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бітімінің қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңіліс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерін өзінің билеу саясатын жүзеге асыруға көндіру болды.АҚШ үкіметінің тікелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел — АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Ита — лия, Бельгия, Голландия (Нидерланд), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президенті Гардинг салтанатты түрде: Біз дүниежүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін бас қосып отырмыз — деді. Аме — рика Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты төмендегідей болды:
Біріншіден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету; екіншіден, Англияның әлемдік мұхиттар мен теңіздердегі үс- темдігін әлсірету; үшіншіден, Тынық мұхит аралдарында ман- даттық статускво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашинг — тон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзінің дүние жүзіндегі қаржылық үстемдігін пайдаланып, өзінің негізгі қарсыластарын көндірді де, дүниежүзілік билеу саясатын жүргізуге жол ашты.
Тоғыз держава келісімі
Біріншіден, 1922 жылдың 6 ақпанында тоғыз держава келісіміне қол қойылды. Мұнда Қытай елінің егемендігі мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, ашық есік және тепе-тең қатынас принципі ұсынылды.АҚШ-тың ашық есік саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негізгі мақсаты — Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсірету еді. Сөйтіп, тоғыздық келісім барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньжуриядағы салып жатқан темір жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшілерін кейін шақы- рып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегін де Қытайға қайтарды. Сөйтіп, Жапония Қытайдағы беделінен айырылды.
Екіншіден, конференцияда бес ел келісіміне қол қойылды. Соғыс-теңіз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерін жасауды тоқтата тұру; ескі соғыс кемелерін жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңіз кемелерінің арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негізгі ойы жаңадан соғыс- теңіз кемелерін жасап, Англияның әлемдік сулардағы үстемдігін әлсірету болатын. Конференциядағы бес ел келісіміне сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келісімге АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ — 5, Англия — 5, Жапония — 3, Франция — 1,75, Италия — 1,75 болып пропорциялық түрде белгіленді. 575 мың т. линкор жасау — АҚШ және Англия үлесіне, 315 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді. әрбір линкор салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия 15 линкор жасай алады.
Үшіншіден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция төрт елдік келісімге қол қойды. Бұл келісімде Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу сөз болды. АҚШ-тың мақсаты — Тынық мұхит арал дарындағы Жапонияның беделін әлсірету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келісімінің күшін жою болды. Жапония делегациясы бұл келісімнің жойылуына … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!