Бірінші дүниежүзілік соғыс

0

Баяғыда бөлек-бөлек болған герман князьдықтар 1871 жылы бірінғай Герман империясына бірікті. Еуропада күшті мемлекет пайда болды. Он тоғызыншы ғасырдың соңында Германия мейлінше күшейе бастады. Германия осы заманда Британ мен Ресей империялары және Франция сияқты қуатты елге айналды.


Германияның әскері де, экономикасы да қуатты еді. Бірақ Германияның отар жерлері аз еді. Өзге империяларда талай отарлар бар еді. Мысалы Британия мен Францияда талай отарлар бар еді.


Соғыстың басталуының тағы бір себебі бұл Британдықтардың Германияның күшеюінен қауіптенгенінде. Британия сол заманда өте көп отарларға ие болған, және теңізде басымдыққа ие болған. Өз өстімдігінен айрылмау үшін Британия басшылары Германияны өзгелермен соғыстырғысы келді.


Ресей империясы түріктердің Стамбулын және Дарданел мен Боспор бұғаздарын иемденгісі келді.


Франция болса 1870-1871 жылдары болған француз-герман соғысы нәтижесінде айрылған Эльзас пен Лотаргиниясын қайтарғысы келді. Бұл жерлер Германия мен Францияның шекарасында орналасқан еді.


Соғыстың басталуы


1914 жылдың 28 маусымында он тоғыз жасар, ұлты серб, студент Гаврило Принцип Австро-Венгрияның тақ мұрагері эрцгерчогы Франц Фердинандты өлтірді. Австро-Венгрия бұған жауап ретінде, Сербияға ультиматум жариялады.


Бұл ультиматумның бір шарты бойынша Сербия өз еліне Австро-Венгриялықтардың полицейлерің өз жеріне кіргізуі керек еді. Бұған Сербия қарсылық көрсетті.


Австро-Венгрия 1914 жылдың 28 шілде күні Сербияға соғыс ашты.


Ресей империясы Сербияның одақтасы болғандықтан, Ресей империясы ел ішінде әскер жинай бастады. Бұған жауап ретінде Германия Ресей империясына қарсы соғысты 1 тамызда ашты, Франция мен Британ империясы соғысқа қатыса бастады. Сөйтіп соғыс жаһандық деңгейге көтерілді, себебі бұл Еуропалық елдердің сол заманда бүткіл дүниежүзінде отарлары бар еді.


1914 жылдың 1 тамызы — бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу күні.


Антанта деп аталатың одаққа Ресей империясы, Франция және Британ империясы еңді. Бұларға қарсы боп Германия, Австро-Венгрия және Османия империяларының одағы қарсы тұрды. Италия елі алғашында Германия жағында болса, кейін Антанта жағына ауысты.


Еуропа елдерінің басшылары, бұл соғыс, бұған дейінгі соғыстар сияқты жылдам болады деп ойлаған. Әсқайсыс біз тез жеңеміз деп үміттенді. Бірақ ойлағандары келмеді. Соғыс жылдам өтпей, ұзақ уақытқа созылды. Екі жақ окоп қазып, өз позицияларын ұстап отырды.


Бұған көп қаржы қажет еді, талай әскер майданда қырылды. Бірақ еш жақ бәлендей жетістікке жете алмады. Бұндай соғыс бірнеше жылға созылып, екі жақтын елдері кедейлене бастады. Ресей, Герман, Австо-Венгрлік және Осман империялары бұл соғыстын зардабынан ыдырады.


Соғыстын аяқталу


Антанта елдерінің территориясы, экономикасы және халық саны қарсыластарынан басым еді. Ал Германия жағында бәлендей күшті одақтастар жоқ еді. Осының салдарынан Германия жағы, бірнеше жылдан кейін соғысты аяқтауға келісті. Және жеңіске жеткен Антанта елдеріне контрибуция төлеуге міндеттелді.


Бұл орайда айта кететің жайт, Германия жеріне жаулар сұқпады.


Қазақтарды соғысқа жіберу


Ақ патша, қазақтарды соғысып жатқан жерлердегі тылдағы жұмыстарға жұмсауды көздеді. Қазақтар окоп қазсын, орыстардың соғысына көмектессін деген ниетпен. Патша өкіметі 1916 жылы қазақтарды тылдағы жұмыстарға алу жайында жарлықты жариялады.


Қазақтарды күшпен соғысқа айдауды көздеді. Ақ патшадан бәлендей жақсылық көрмеген қазақтар бұған қарсы шықты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс осылай басталды.

Пән: Тарих