Бір және көп ,көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші . Шеңбер балабақшадағы ашық сабақтар
Бір және көп ,көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші . Шеңбер
Уақыты:
Тобы: «Тұлпар» ортаңғы.
Тәрбиеші: Опиева Жұмагүл Сүлейменқызы.
Білім беру саласы: «Таным»
Білім бөлімі : Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.
Тақырыбы: Бір және көп ,көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші . Шеңбер (өзге фигуралардың арасынан табу).
Мақсаты:
а) Заттарды санына қарай салыстыру алу қабілетін арттыру ,бір зат пен көп затты бір-бірінен айыра білуге үйрету.Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып ,заттарды санау (2 зат көлеміне)
ә) Солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атап шығу ,санмен затты сәйкестендіру.Екі топтағы заттарды салыстырып, оларды теңестіру.
б) Таныс заттарды көлеміне қарай көлеміне қарай ( үлкен,кіші) салыстыру ,оларды осы белгілеріне қарай топтастыру.Геометриялық фигура –шеңбер туралы өткенді пысықтау (өзге геометриялық фигуралардың арасынан табу)
Көрнекіліктер : Үлестірмелі материалдар :бос жолағы бар 2 карточка, үлкен шаршысы немесе шеңбер бар 3 тәрелке, 4кіші тәрелке ,жинақ полотносы.
Әдістер-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру,сөздік,ойын
Қос тілдік компонеттері: үлкен-большой, шеңбер-круг.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі « Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.
Балаларға жұмбақтар жасырады.
Тікен-тікен,тік пісте
Қысы-жазы бір түсте.
Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа,мақта ,пернелер.
Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Қолы да жоқ.
Сыңар аяқ «көкеннің»
Ойлан ,тап, не екенін. Балалар шеңбер жасап отырады. Сұраққа жауап береді.
-шырша.
-күн.
-саңырауқұлақ.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі
Дәптермен жұмыс.
1-Тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.
-Суретте ең көп бейнеленген қандай зат ?
-Бір-бірден салынған заттың аты қандай?
Балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) салыстыруды ұсынады.
2-Тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады.Дәптерге орындау үшін мынандай тапсырма береді :олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін,ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол салыңдар.
Сергіту сәті:
Оңға қарай иілдік,
Солға иілдік,
Бір отырып,бір тұрып,
Бәріміз бір сергідік.
3-Тапсырма 1және 2 затты санауға байланысты берілген.
— Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй,оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр ?
— Оң жақ бұрыштағы карточкада неше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан ?
— Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе?
Балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.
4-Тапсырма балаларға жұмбақ жасырады:
Бұл орманың пішіні –
Бауырсақтың да мүсіні.
Кішірейтсек біз мұны,
Шығады тоқаш наны боп . Ол не ?
-Барлық шеңберлерді бояңдар.
-Неше шеңбер боядыңдар ?
-Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай ? Балалар сұрақтарға жауап береді:
Шырша бүрі, кірпі,күн, саңырауқұлақ,шырша.
Балалар күнді,саңырауқұлақ пен шыршаны бояйды.
Балалар үлкен шәйнек пенүлкен кесені,ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.
Өлең мәтініне сай жаттығулар жасайды.
Тақия аз, киіз үй көп.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар жұмбақты шешеді (дөңгелек),
Шеңберлерді бояйды және сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті коррекциалаушы бөлім Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.
Өзін-өзі бақылаудың екі түрін қолдануға болады.
Балаларға 1-Тапсырманың орындалу үлгісін көрсетеді.Онда дұрыс орындалған тапсырма жазылады.Балалар өздерінің жұмысын сондағы үлгімен салыстырады. Егер баланың жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса,ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер,бір қате болса-сары шеңбер, ал егерқате көп болса-қызыл шеңбер сызады.Бұл бағдаршамның түстері: жасыл, түс-бәрі дұрыс, сары түс-кішкен мұқияттау болу керек,қызыл түс- кейбір тапсырмаларды қайтадан орындау қажет.
1. Сендер саңырауқұлақ, күн мен шыршаны бояуларын керек.
2. Үлкен шәйнекті үлкен кесемен,кіші шәйнекті кішкентай кесемен қосуларын керек.
3. Тақиялар мен киіз үйлерді бір-біріне қосу керек. Балалар суретке қарап әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: бір зат пен көп затты бір-бірінен ажырата алуды.
Қандай түсініктерді игереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді; солдан оңға санап,сандарды ретімен атауы және сан есімді зат есіммен сәйкестендіруді; өзіне таныс заттарды көлеміне «үлкен,кіші) қарай салыстырып ,оларды сол белгілері бойынша біріктіруді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: екі топтағы заттарды салыстыруды.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!