Бір таңбалы санға қалдықсыз бөлу – Ашық сабақтар – Bilim

0
303

Жаңаны ашу.Тәжірибелік жұмыс(Т) « Ойлан тап» әдісі. Жаңаны ашу үшін оқушыларға тәжірибелік жұмыс орындату. Оқушылар санау материалдарын қолданып, есептеулер көрсету. Кейбір жағдайларда қалдықсыз бөлінгені, ал кейбір жағдайларда қалдықпен болуы маңызды. Тақтада жазылғандарды салыстыра отырып, оқушылар мынадай шешімге келеді, кейбір сандарды бөлгенде қалдық қалады, ал кейбірін бөлгенде қалдық қалмайды екен.


Сабақтың тақырыбын болжау . Мақсат қою  Сонымен қатар оқушылар қалдық әркезде бөлгіштен кем болатынын өз бетімен түсіну керек. Оқушылар қалдықпен бөлуді алғаш кездестіріп тұрғандықтан, олар оны қалай жазу керек екенін білмейді. Жазылуын тақтаға жазу.


 (Т)Оқушылар №1 тапсырманы орындайды.


 а) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6-дан салды.Қанша қорап қажет болды? 18:6=3 (қорап)


Жауабы:3 қорап қажет болды


ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4-тен салды? Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ қалды?


18:4=4 (2 қалдық) Жауабы: 4 қорап қажет болды және 2 моншақ қалды.


Тексеру: 4∙4+2=18 моншақ


Балаларға қалдықпен бөлудің жазбасын оқуды үйрету : «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және 2 қалдық шығады» немесе «Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 4, бөлінді – 4 және қалдық – 2». Бұл кезеңде осы сабақтың тұсаукесерін қолдану.


 (Т.) «Шеберлер тапсырмасы»№2 тапсырма.Қалдықпен бөлуге мәтіндік есеп шығару ұсынылады.


а) Ағайынды 2 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру керек.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?


10:2=5 (0 қалдық)


Жауабы: әрқайсысына 5 жаңғақтан тиеді, қалдық қалмайды.


ә) Ағайынды 3 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?


10:3=3 (1 қалдық)


Жауабы: 3 жаңғақтан тиеді 1 жаңғақ қалады.


б) Ағайынды 4 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді?Қанша жаңғақ қалады?


10:4=2 (2 қалдық)


Жауабы:2 жаңғақтан тиеді, 2 жаңғақ қалады.


Қалдықпен бөлу дегеніміз – бір натурал санды екінші натурал санға бөлгенде қалдығы нөлге тең болмайтын, бірақ үнемі бөлгіштен кіші болатын сан.Қалдықпен бөлуді тексерудің алгоритмі:


1. Толық емес бөліндіні бөлгішке көбейт.


2. Алынған нәтижеге қалдықты қос.


3. Шыққан нәтижені бөлінгішпен салыстыр.


Егер бөлінгіш бөлгіштен кем болса, бөліндінің мәні нөлге, ал қалдық бөлінгішке тең болады.


«Бағдаршам» арқылы бағалау


Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.


Жасыл түс- «Түсіндім»


Сары түс-«Сұрағым бар»


Қызыл түс- Түсінбедім


 (Ө.) №3 «Кестені толтыр»Шырша ойыншықтары әр қорапқа 6-дан салынды.Қанша қорап қажет болғанын және қанша ойыншық қалатынын анықтау.



15:6=2 (3 қалдық)


19:6=3 (1 қалдық)


22:6=3 (4 қалдық)


23:6=3 (5 қалдық)


 Сұрақ қою:Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек екенін айтып бер?


–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?


Смайликтермен бағалау


Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау


«Озық ойла »Сәттілік критерийлері бар тапсырма бойынша дәптердегі өздік жұмысты орындайды.


Бөлуді орында, тексер.


83:9=9 (қ.2              9∙9+2= 83


39:6=6 (қ.3)             6∙6+3=39


49:5= 9 (қ.4)            9∙5+4=49


50:6=8 (қ2)              8∙6+2=50


Өзін-өзі бағалау  кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты: бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау;


тексеруді орындау. Дәптердегі жетістік  жолағын қолдану.



Орындап болғаннан кейін өзін-өзі тексеру үшін үлгі беру,мысалдардан қайсысы қиындық тудырғанын сұрау. Жаңаны қолдану.


Өткенмен жұмыс.


Жеке ж №4 а) «Кәдесыйлар дүкенінде» тапсырмасы Әртүрлі тәсілмен шығару.Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы  келген болса, сен қанша кәдесый саттың?


Өрнек үлгісін құрастыру:


Саяхатшы-30


Сатып алды-?,4т.және 5к.


Кәдесый-?


30•(4+5)=270 к.


30∙4+30∙5=270к.


Жауабы:270 кәдесый сатты


Шығармашылық деңгей:


ә) есептің санды деректерін өзгертіп есепті  қайтадан шығар.


Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 6 түйеден және 8 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 20 саяхатшы  келген болса, сен қанша кәдесый саттың?


Саяхатшы-20


Сатып алды-?,6т.және 8к.


Кәдесый-?


20•(6+8)=280 к.


20∙6+20∙8=280к.


Жауабы:280 кәдесый сатты


«Смаиликтер» арқылы бағалау


 (Т.) «Атом, молекула» әдісімен үш адамнан тұратын топқа бөлу


 №6-тапсырманы «Тізбекті бұзба!» әдісі арқылы орындау.


Әр топта 3 оқушы болады.


1-оқушы- амалдар тәртібін белгілейді


2-оқушы- баған түрінде жазады


3-оқушы-өрнектің мәнін табады.


124+(219-51)= 292            927+(200+120):4=1007


906-(136+187-97)=680      67+(9∙4):3=79


1000-(218+108)=674          «Жолдама» беру арқылы бағалау


Бір-бірін бағалауТапсырма орындалып болған соң топ басшылары топтарды аралап, жұмысты бағалайды.


Сараланған тапсырма Қалдықпен бөлуді орында және тексер.


15:6=      68:8= ДескрипторБілім алушы – толымсыз бөлінгішті анықтап, бөліндінің мәнін табады; қалдықты анықтайды;


 – қалдықпен бөлуді тексеру өрнегін жазады.


Дереккөз: Bilim All