Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу, қалдықпен бөлу

0
Математика 3 сынып
Сабақ тақырыбы: Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
3. 1. 2. 6 бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: бір таңбалы санды қалдықпен бөлуді орындайды
Оқушылардың басым бөлігі: көбейтудің қасиеттерін біледі.
Кейбір оқушылар: тиімді тәсілмен мәтін есептерді шығарады.
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
Көбейдің қасиеттерін, есептеудің тиімді қасиеттерін қолданады. Бір таңбалы санға қалдықпен бөледі.
Құндылықтарды дарыту: Еңбек және шығармашылық, Денсаулық – зор байлық
Пәнаралық байланыстар: Көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім: Есептер шығару

Басталуы 5 мин
№1 Есепті шығарыңдар.
А) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6 — дан салды. Қанша қорап қажет болды?

Ш: 18: 6 =3
Ж: 3 қорап қажет болды.
Ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4 — тен салды. Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ болды.

Ш: 18: 4 =4 (2 қалдық)
Ж: 4 қорап қажет болды, моншақ артық қалды.
Шешуін тексерейік: Ол үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтіп, қалдықты қосу керек.
4х4+2=18 моншақ
Есеп дұрыс шығарылды.
Есіңде болсын.: қалдық қашанда бөлгіштен кіші болуы керек.
Дескриптор. Білім алушы:
— есептердің шартын құрып, мәнін шығарады
— Қалдықпен шыққан мәнді тексереді.

Ортасы 26 мин
№2 Суретін салып, есептерді шығар
А) Ш: 10: 2=5(жаңғақ)
Ж: әр балаға 5 жаңғақтан келеді.
Ә) Ш: 10: 3=3(1қалдық)
Ж: әр балаға 3 жаңғақтан тиеді 1жаңғақ қалады.
Тексеру: 3х3+1=10
Б) Ш: 10: 4=2(2қалдық)
Ж: әр балаға 2жаңғақтан тиеді, 2 жаңғақ қалады.
Тексеру: 2х4+2=10
№3Кестені дәптеріңе сызып оны толтыр.

Мектеп: №8ОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Елеусизова Береке
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/