Бір біріне қарама қарсы қозғалысқа есептер

0
110
Математика: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір – біріне қарама – қарсы қозғалысқа есептер
Мақсаты: а) оқушылар бір – біріне қарама – қарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруы, қозғалыстағы денелердің жылдамдығын, уақытын, қашықтығын табуы тиіс, өзіндік іс – әрекеттер қалыптастыру арқылы білімдерін дамытуы тиіс
Ресурстар: оқулық, үлестірмелі қималар, кестелер, смайликтер, геометриялық денелер
Әдісі: түсіндіру, талдау, жинақтау, ойын
Күтілетін нәтиже: қозғалыстағы денелердің бағыттары бойынша есептер шығарады, өзіндік іс – әрекет қалыптасады, ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдауға үйренеді.

І. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал 2мин
Оқушылардың назарын сабаққа аудару Жұп, тақ сандар арқылы топқа бөлу
Мақсаты: оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа шақыру. Топтың ережесін құру

ІІ. Қызығушылығын ояту «Кім жылдам»
3мин Топтарға екі таңбалы сандарға көбейту мен бөлуге тапсырмалар беру
Топтарды орындаған тапсырмалары арқылы бағалау
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
3мин Екі топқа ортақ тапсырма
Қозғалыстағы денелердің жылдамдығын,, уақытын, қашықтығын табуға байланысты формуларды еске түсіру
Суреттер арқылы қозғалыстағы денелердің бағыттарын анықтау, сұрақтар қою

Мұғалімі: Италмасова Айгүл Задигерейқызы
Бір – біріне қарама – қарсы қозғалысқа есептер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/